Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы N 11/127-ІІ шешімі. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасында 2001 жылғы 27 маусымда N 326 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 10.12.2021 № 13/138-VIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес облыс әкімияты енгізген ұсынысын қарап, облыстық мәслихат шешті.

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2008 N 5/79-IV (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентері 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 10.12.2021 № 13/138-VIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту. Шешім 2-тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 27.03.2008 N 5/79-IV (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихат хатшысы

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2001 жылғы
27 маусымдағы № 11/127-11
шешіміне 1 қосымша

Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 10.12.2021 № 13/138-VIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Түркістан қаласы бойынша:

      1-ші аймақ: "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Алтын-дән" акционерлік қоғамы аумақтарында, Абылайхан көшесі, депоның мұнай қоймасы, Тәуке-хан даңғылы, Университет қалашығының құрылысына бөлінген жер орналасқан жер учаскелері;

      2-ші аймақ: И.Юлдашев, Төлеби көшелері, Ш.Ниязов, Абылайхан көшелері, Тауке-хан даңғылы мен автобаза аумағында орналасқан жер учаскелері;

      3-ші аймақ: Ерубаев, Әбубәкір Төлеби, Кенесары, С.Қожанов, Төреқұлов, Уәлиханов, Б.Байтасов көшелері, Тауке хан даңғылы, Автобаза аумағы, №20 және №21 кварталда орналасқан жер учаскелері;

      4-ші аймақ: С.Қожанов, Т.Бокин, Н.Төреқұлов, Әбдірахманов, Әл-Фараби, Хакназар хан, Тастақ, Әйтеке-би, Байбұл ата, Қазыбек-би, Еділбаев, Жансүгіров, Абылайхан көшелері, Тәукехан даңғылы Есімхан алаңы, Арыс-Түркістан каналы орналасқан жер учаскелері, Университет қалашығының жерлері, қаланы айналмалы жолы орналасқан жер учаскелері;

      5-ші аймақ: Түркістан-Кентау темір жолы маңайы, Қ.Спатаев, С.Ерубаев, Әбдірахманов, С.Қожанов, Хақназар хан, Л.Толстой, Әл-Фараби, Әйтеке-би, Тастақ, Қазыбек-би, Ғ.Мұратбаев, М.Жалил, Ж.Едилбайев, І.Жансүгіров көшелерінде орналасқан жер учаскелері;

      6-шы аймақ: Жарылқапов, Т.Нышанов, С.Ерубаев, Кенесары, Әбубәкір қажы, Ы.Алтынсарин, Төле би, Абылай хан, Н.Төреқұлов көшелері, Тәуке хан даңғылында орналасқан жер учаскелері, "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және "Алтын дән" акционерлік қоғамының жерлері орналасқан жер учаскелері;

      7-ші аймақ: депо мұнай қоймасы аумағы, Абылай хан, Ибрахим ата, Ж.Қыдыров, Төле би, И.Юлдашев, С.Ерубаев, Б.Майлин, Т.Рысқұлов көшелері және Түркістан-Кентау темір жолы мен "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны маңында орналасқан жер учаскелері;

      8-ші аймақ: "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны аумағында, Т. Жароков көшесі, "Тұрғын үй-91" айдарымен қала салуға бөлінген жерлер орналасқан жер учаскелері;

      9-шы аймақ: Т. Жароков, С.Луганский көшелері және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орналасқан жер учаскелері.

      Арыс қаласы бойынша:

      1-ші аймақ: Орталық базар маңында, Салықбаев, Майлықожа, Қазыбек би көшелерінде орналасқан жер учаскелері;

      2-ші аймақ: Төлеби, Салықбаев, Қазыбек би, Әділбек би, Тәжібаев көшелерінде және Қабылсай жырасына дейін орналасқан жер учаскелері;

      3-ші аймақ: Ахымбеков, Әл-Фараби көшелеріндегі және С.Қожанов атындағы орта мектептің маңында және қалаға кіре берістегі жолда орналасқан жер учаскелері;

      4-ші аймақ: Стадион, Қалау датқа шағын аудандары, Шпал зауыты, М.Мақатаев, О.Әзизаев көшелері және балалар үйі маңында орналасқан жер учаскелері;

      5-ші аймақ: Арыс-Шымкент бағытындағы темір жолдан Әл-Фараби көшесімен Қабылсай жырасына дейін және Тәжібаев, Төлеби көшелерімен Арыс-Ташкент бағытындағы темір жолға дейінгі орналасқан жер учаскелері;

      6-шы аймақ: Самал, Алатау батыр шағын аудандары, Арыс-Шымкент автокөлік трассасы, саяжай учаскелері маңында орналасқан, Арыс өзені бойымен Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің шекарасына дейін орналасқан жер учаскелері;

      7-ші аймақ: Қалаға жақын орналасқан және Көктем шағын ауданымен, әскери бөлімімен, "Сараптау-аграрлық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен, Көктем-2 шағын ауданымен, Арыс-Шымкент темір жолының бойындағы жерлермен, әскери бөлімімен, Наурыз шағын ауданымен, Задария ауылдық округінің жерлерімен, теміржол көпіріне дейінгі жерлермен, Шымкент-Шардара айналма жолымен, Арыс-Шардара автокөлік жолымен, Отырар шағын ауданымен, Арыс-Шардара автокөлік жолымен, Задария мемлекеттік (ботаникалық) қаумалымен, "Клиника-Ақниет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен, Талдықұдық шағын ауданымен, Арыс-Монтайтас автокөлік жолымен, Ташкент-Арыс темір жолы бойындағы жерлермен, "Умай-Маркет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "Комбинат-Заря" мемлекеттік кәсіпорнының жерлерімен, Оңтүстік, Стадион шағын аудандарымен, Арыс-Ташкент темір жолымен, Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің жерлерімен, қалалық зиратпен, Қабылсай жырасымен, мал базарымен және К.Омаров көшесімен шектесетін жер учаскелері.

      Кентау қаласы бойынша:

      1-ші аймақ: Абай, Д.Қонаев даңғылдары, Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан жер учаскелері;

      2-ші аймақ: Б.Момышұлы, Төлеби, Абылайхан көшелері, Горняк даңғылында орналасқан жер учаскелері;

      3-ші аймақ: А.Яссави, И.Панфилов, Логунов, Төле би, Жамбыл, А.Пушкин, Т.Тохтаров, Әл-Фараби көшелерінде орналасқан жер учаскелері;

      4-ші аймақ: Құралбаев, Әл-Фараби, Төле би, Ы.Алтынсарин, Жамбыл, М.Әуезов, Құрманғазы, Ә.Навои, Амангелді, Абай, Ерназаров, И.Панфилов, М.Шоқай, М.Горький, С.Сейфуллин көшелерінде орналасқан жер учаскелері;

      5-ші аймақ: Кентау қаласының басқа бөлігінде орналасқан жер учаскелері.

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2001 жылғы
27 маусымдағы № 11/127-11
шешіміне 2 қосымша

Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облыстық мәслихатының 10.12.2021 № 13/138-VIІ шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Түркістан қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

I

2

II

1,8

III

1,6

IV

1,4

V

1,2

VI

1

VII

0,8

VIII

0,7

IV

0,5

      Арыс қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

I

2

II

1,7

III

1,5

IV

1,2

V

1,0

VI

0,7

VII

0,5

      Кентау қаласы үшін:

Аймақтың нөмірлері

Аймақтардың түзету коэффициенттері

I

2

II

1,5

III

1

IV

0,75

V

0,5


      Ескертпе: жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттері Түркістан, Арыс, Кентау қалаларында олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады