Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының "Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 326 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеу туралы";
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентері 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихаты 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/138-VII Шешімге 1-қосымша |
|
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы 27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешіміне 1-қосымша |
Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында бағалау аймақтарының шекаралары
Түркістан қаласы бойынша:
1-ші аймақ: "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Алтын-дән" акционерлік қоғамы аумақтарында, Абылайхан көшесі, депоның мұнай қоймасы, Тәуке-хан даңғылы, Университет қалашығының құрылысына бөлінген жер орналасқан жер учаскелері;
2-ші аймақ: И.Юлдашев, Төлеби көшелері, Ш.Ниязов, Абылайхан көшелері, Тауке-хан даңғылы мен автобаза аумағында орналасқан жер учаскелері;
3-ші аймақ: Ерубаев, Әбубәкір Төлеби, Кенесары, С.Қожанов, Төреқұлов, Уәлиханов, Б.Байтасов көшелері, Тауке хан даңғылы, Автобаза аумағы, №20 және №21 кварталда орналасқан жер учаскелері;
4-ші аймақ: С.Қожанов, Т.Бокин, Н.Төреқұлов, Әбдірахманов, Әл-Фараби, Хакназар хан, Тастақ, Әйтеке-би, Байбұл ата, Қазыбек-би, Еділбаев, Жансүгіров, Абылайхан көшелері, Тәукехан даңғылы Есімхан алаңы, Арыс-Түркістан каналы орналасқан жер учаскелері, Университет қалашығының жерлері, қаланы айналмалы жолы орналасқан жер учаскелері;
5-ші аймақ: Түркістан-Кентау темір жолы маңайы, Қ.Спатаев, С.Ерубаев, Әбдірахманов, С.Қожанов, Хақназар хан, Л.Толстой, Әл-Фараби, Әйтеке-би, Тастақ, Қазыбек-би, Ғ.Мұратбаев, М.Жалил, Ж.Едилбайев, І.Жансүгіров көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
6-шы аймақ: Жарылқапов, Т.Нышанов, С.Ерубаев, Кенесары, Әбубәкір қажы, Ы.Алтынсарин, Төле би, Абылай хан, Н.Төреқұлов көшелері, Тәуке хан даңғылында орналасқан жер учаскелері, "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және "Алтын дән" акционерлік қоғамының жерлері орналасқан жер учаскелері;
7-ші аймақ: депо мұнай қоймасы аумағы, Абылай хан, Ибрахим ата, Ж.Қыдыров, Төле би, И.Юлдашев, С.Ерубаев, Б.Майлин, Т.Рысқұлов көшелері және Түркістан-Кентау темір жолы мен "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны маңында орналасқан жер учаскелері;
8-ші аймақ: "Қазақ темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны аумағында, Т. Жароков көшесі, "Тұрғын үй-91" айдарымен қала салуға бөлінген жерлер орналасқан жер учаскелері;
9-шы аймақ: Т. Жароков, С.Луганский көшелері және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының орналасқан жер учаскелері.
Арыс қаласы бойынша:
1-ші аймақ: Орталық базар маңында, Салықбаев, Майлықожа, Қазыбек би көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
2-ші аймақ: Төлеби, Салықбаев, Қазыбек би, Әділбек би, Тәжібаев көшелерінде және Қабылсай жырасына дейін орналасқан жер учаскелері;
3-ші аймақ: Ахымбеков, Әл-Фараби көшелеріндегі және С.Қожанов атындағы орта мектептің маңында және қалаға кіре берістегі жолда орналасқан жер учаскелері;
4-ші аймақ: Стадион, Қалау датқа шағын аудандары, Шпал зауыты, М.Мақатаев, О.Әзизаев көшелері және балалар үйі маңында орналасқан жер учаскелері;
5-ші аймақ: Арыс-Шымкент бағытындағы темір жолдан Әл-Фараби көшесімен Қабылсай жырасына дейін және Тәжібаев, Төлеби көшелерімен Арыс-Ташкент бағытындағы темір жолға дейінгі орналасқан жер учаскелері;
6-шы аймақ: Самал, Алатау батыр шағын аудандары, Арыс-Шымкент автокөлік трассасы, саяжай учаскелері маңында орналасқан, Арыс өзені бойымен Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің шекарасына дейін орналасқан жер учаскелері;
7-ші аймақ: Қалаға жақын орналасқан және Көктем шағын ауданымен, әскери бөлімімен, "Сараптау-аграрлық компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен, Көктем-2 шағын ауданымен, Арыс-Шымкент темір жолының бойындағы жерлермен, әскери бөлімімен, Наурыз шағын ауданымен, Задария ауылдық округінің жерлерімен, теміржол көпіріне дейінгі жерлермен, Шымкент-Шардара айналма жолымен, Арыс-Шардара автокөлік жолымен, Отырар шағын ауданымен, Арыс-Шардара автокөлік жолымен, Задария мемлекеттік (ботаникалық) қаумалымен, "Клиника-Ақниет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерімен, Талдықұдық шағын ауданымен, Арыс-Монтайтас автокөлік жолымен, Ташкент-Арыс темір жолы бойындағы жерлермен, "Умай-Маркет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "Комбинат-Заря" мемлекеттік кәсіпорнының жерлерімен, Оңтүстік, Стадион шағын аудандарымен, Арыс-Ташкент темір жолымен, Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінің жерлерімен, қалалық зиратпен, Қабылсай жырасымен, мал базарымен және К.Омаров көшесімен шектесетін жер учаскелері.
Кентау қаласы бойынша:
1-ші аймақ: Абай, Д.Қонаев даңғылдары, Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан жер учаскелері;
2-ші аймақ: Б.Момышұлы, Төлеби, Абылайхан көшелері, Горняк даңғылында орналасқан жер учаскелері;
3-ші аймақ: А.Яссави, И.Панфилов, Логунов, Төле би, Жамбыл, А.Пушкин, Т.Тохтаров, Әл-Фараби көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
4-ші аймақ: Құралбаев, Әл-Фараби, Төле би, Ы.Алтынсарин, Жамбыл, М.Әуезов, Құрманғазы, Ә.Навои, Амангелді, Абай, Ерназаров, И.Панфилов, М.Шоқай, М.Горький, С.Сейфуллин көшелерінде орналасқан жер учаскелері;
5-ші аймақ: Кентау қаласының басқа бөлігінде орналасқан жер учаскелері.
Түркістан облыстық мәслихаты 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/138-VII Шешімге 2-қосымша |
|
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2001 жылғы |
|
27 маусымдағы № 11/127-ІІ шешіміне 2-қосымша |
Түркістан облысының облыстық маңызы бар қалаларында жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына қолданылатын түзету коэффициенттері
Түркістан қаласы үшін:
Аймақтың нөмірлері | Аймақтардың түзету коэффициенттері |
I | 2 |
II | 1,8 |
III | 1,6 |
IV | 1,4 |
V | 1,2 |
VI | 1 |
VII | 0,8 |
VIII | 0,7 |
IV | 0,5 |
Арыс қаласы үшін:
Аймақтың нөмірлері | Аймақтардың түзету коэффициенттері |
I | 2 |
II | 1,7 |
III | 1,5 |
IV | 1,2 |
V | 1,0 |
VI | 0,7 |
VII | 0,5 |
Кентау қаласы үшін:
Аймақтың нөмірлері | Аймақтардың түзету коэффициенттері |
I | 2 |
II | 1,5 |
III | 1 |
IV | 0,75 |
V | 0,5 |
Ескертпе: жер телімдері үшін ақы төлеудің базалық ставкасына қолданылатын түзету коэффициенттері Түркістан, Арыс, Кентау қалаларында олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.