Арнаулы облыстық жәрдемақылар туралы

Күшін жойған

II шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2001 жылғы 27 наурыздағы N 8/9-II шешімі. Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 11 сәуірде N 470 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 03 шілдедегі № 4/63-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.07.03 № 4/63-V шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШТI:
      1. 2001 жылдың 1 сәуiрiнен республиканың құрмет атағына ие болған және облыс алдында сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақы алатын азаматтарға бұрын ұсынылған бiр айлық есептiк көрсеткiштегi жеңiлдiктерiнiң орнына арнаулы облыстық жәрдемақы тағайындалсын.
      2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы облыстық қаржы басқармасымен келiсiлдi арнаулы облыстық жәрдемақылар туралы Ереженi әзiрлесiн.
      3. Осы шешiм Әдiлеттiк басқармасында бекiтiлген соң "Дидар" және "Рудный Алтай" облыстық газеттерiнде жариялансын.


      Сессияның төрағасы

      Шығыс Қазақстан
      облыстық Мәслихатының
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады