Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негiзгi ережелерi туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шешімі 2001 жылғы 2 мамырдағы N 1034 Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 7 мамырда N 488 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 03 қаулысымен

        Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 03 қаулысымен.

      "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Z990451_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451-1 Заңы 14 бабының 2 тармағына сәйкес және эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiн, мерзiмдi баспасөз басылымдарын өндiру мен таратуға бақылау жасау мақсатында шешім қабылдаймын:
      1. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негiзгi ережелерi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
      2. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының таралуын бақылайтын комиссия құрамы бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
      3. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының таралуын бақылайтын комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (N 3 қосымша).

     4. "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзiмдi баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының негiзгi ережелерi туралы" Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N 1-795ө  өкiмiнің күшi жойылды деп саналсын.

     5. Осы шешiмнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнің бiрiншi орынбасары Т.Абайдiлдинге жүктелсiн.

     Шығыс Қазақстан облысының
               Әкiмi                                                                                     Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнің
                                          2001 жылғы 2 мамырдағы
                                       N 1034 шешiмiне N 1 қосымша

           Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және
          бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының
                 бөлшек саудасының негiзгi ережелерi

      Осы ережелер "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Z990451_ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi N 451 Заңының 14 бабы 2 тармағының негiзiнде әзiрленген.
      1. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының бөлшек саудасына тек қана жергiлiктi атқарушы органдарының арнайы шешiмiмен айқындалып, арнайы бөлiнген стационарлық орындарда рұқсат берiледi.
      2. Тақырыптық бағыты эротикалық сипаттағы фильм, материалдар жариялайтын БАҚ-тың есепке қойылғаны және оны сатуға рұқсат берiлгенi туралы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің берген куәлiгiнің түпнұсқасының көрсетiлуi шешiмнің берiлуiне негiздеме болып табылады.
      Шешiмде: БАҚ атауы, сату үшiн айқындалған мерзiмдерi мен орындары көрсетiлуi тиiс.
      3. Аталған баспасөз өнімiн сатуға мына жағдайда тыйым салынады:
       1) 18 жасқа толмаған тұлғаларға;
       2) балалар және оқу мекемелерiнде, оларға 300 метрге таяу орналасқан аумақтарда;
       3) мемлекеттiк мекемелерде, сәулет және тарихи ескерткiштердiң маңында;
       4) қолдан сатуға, қоғамдық көлiктерде, көпшiлiк адамдар жиналған жерлерде.
      4. Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының бөлшек саудасының ережелерiн бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасы белгiлеген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.

     5. Осы ережелер осындай эротикалық сипаттағы материалдары бар, соның iшiнде таяу және алыс шет елдерден әкелiнген жазба және бейне өнімдерiне, мерзiмдi баспасөз басылымдарына да таралады.

     Шығыс Қазақстан облысының Әкiмi
          аппаратының басшысы                                                                            Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнің
                                          2001 жылғы 2 мамырдағы
                                       N 1034 шешiмiне N 2 қосымша

          Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және
   бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының таралуына
              бақылау жасау жөнiндегi комиссияның
                              ҚҰРАМЫ

  1. Рукин Александр Иванович      - ШҚ ОАҚКБ бастығының орынбасары,

                                    комиссия төрағасы

2. Бахтиярова Әлмира Кеңесқызы   - облыс Әкiмi аппаратының iшкi саясат   

                                    және әлеуметтiк сала бөлімiнің бас    

                                    маманы  

3. Мұстафина Раушан              - ШҚ ОАҚКБ БАҚ және реформаларды

    Алдабергенқызы                  насихаттау бөлімiнің жетекшi маманы,

                                    комиссия хатшысы

     Комиссия мүшелерi:

  1. Акава Анатолий Иванович       - облыс Әкiмiнің кеңесшiсi

2. Бакинова Бұлбұл Рамазанқызы   - ШҚ ОАҚКБ БАҚ және реформаларды

                                    насихаттау бөлімiнің бастығы

3. Тоқтағанов Серiк Сәлiмбекұлы  - облыстың IIБ қоғамдық тәртiп

                                    басқармасының бас инспекторы, полиция

                                    майоры

4. Лавров Дмитрий Анатольевич    - "Реал-тайм" телеарнасының режиссер-

                                    операторы (келiсiм бойынша)

5. Милентьева Нина Михайловна    - облыстық сауда және қызмет көрсету

                                    департаментi бастығының орынбасары

6. Рахымов Бекзат Рахымұлы       - қоғамдық бiрлестiктермен жұмыс және

                                    жастар саясаты жөнiндегi бөлімнің     

                                    жетекшi маманы

7. Романов Феликс Сергеевич      - облыстық әдiлет басқармасының авторлық

                                    және аралас құқықтар жөнiндегi бас

                                    маманы

8. Туров Эдуард Федорович        - "Киновидеопрокат" КӘММ директоры

                                    (келiсiм бойынша)

     Шығыс Қазақстан облысының Әкiмi

       аппаратының басшысы         

                                           Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнің

                                               2001 жылғы 2 мамырдағы

                                             N 1034 шешiмiне N 3 қосымша

            Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және
      бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының таралуына                 бақылау жасау жөнiндегi комиссия туралы
                                 ЕРЕЖЕСI
 
       Эротикалық сипаттағы материалдары бар жазба және бейне өнімдерiнің, мерзiмдi баспасөз басылымдарының таралуына бақылау жасау жөнiндегi комиссия Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнің жанындағы сарапшы-бақылаушы орган болып табылады.
      Қазақстан Республикасының "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы"  Z990451_ , "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Z960006_ , "Лицензиялау туралы" Z952200_ Заңдарының орындалуына бақылау жасау жөнiндегi жұмыстарды облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасымен тығыз байланыста жүргiзедi. Өзiнің қызметiнде комиссия Қазақстан Республикасының Конституциясын K951000_ , қолданылып жүрген заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентiнің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларын басшылыққа алады.
      Комиссияның мiндеттерi:
      1. Облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы ұсынған материалдардың сипатын (порнография, эротика) анықтау мақсатында талдау жүргiзу.
      2. Жазба және бейне өнімдерiн, баспасөз басылымдарын, соның iшiнде шет елдерден әкелiнген өнімдердi өткiзу саласына бақылау бойынша үйлестiрудi жүзеге асыру.
      3. Заңды және жеке тұлғаларға БАҚ туралы, авторлық құқық туралы, лицензиялау туралы қолданылып жүрген Заңдарды түсiндiру жөнiнде ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету.

      Комиссияның құқықтары мен функциялары:
      1. Облыстық БАҚ-дағы, WЕВ-сайттардағы жазба және бейне өнімдерiн, мерзiмдi баспасөз басылымдарын сатуға бақылау жасайды, жарияланымдар мен материалдардың сипатын тексередi.
      2. Қажет болса, нақты жағдайдан шыға отырып, белгiлi бiр немесе басқа да деректер бойынша ұсынымдар немесе қорытындылар шығарып бере алады.
      3. Баспасөз салаларында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi мәлiметтердi меншiк түрлерiне қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарының редакторларынан және меншiк иелерiнен, жазба, бейне, баспа өнімдерiн таратушыларынан сұрайды.
      4. Қалалардан және аудандардан түскен мәлiметтер бойынша акт жасап, тиiстi органдарға жiбередi.

     5. Өз аттарына түскен өтiнiштердi қарап, тиiстi органдарға солар бойынша ұсыныстар енгiзедi.

     Шығыс Қазақстан облысының Әкiмi
          аппаратының басшысы                                    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады