1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында соңғы әскерге шақырылған адамдарға материалдық көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 13 қарашадағы № 49 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2001 жылғы 22 қарашада № 1144 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 56 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 07.04.2012. № 93 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 24 тамыздағы N 14-5 шешіміне сәйкес облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2009.01.26 N 29 Қаулысымен.
      1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін бұрынғы КСРО-ның ордендерімен және медальдарымен марапатталған, 1926-1927 жылдары туған соңғы әскерге шақырылған адамдарға 2001 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2,9 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын материалдық көмек тағайындалсын.
      2. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Нұрғалиевке жүктелсін.
      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады