Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жүйесі жөніндегі кейбір мәселелер

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 20 ақпандағы N 185 бұйрығы ("Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені", 2002 ж., N 16, 578-құжат) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1758. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк болып табылмайтын қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Қараныз P070001400
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттiк болып табылмайтын қызметкерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу Ережесi;
      2) денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Қаржы департаментi (Литвиненко Т.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап енгiзiледi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министрi А.Т. Айдархановқа жүктелсін.
 
      Министр

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрiнiң
2002 жылғы 20 ақпандағы N 185
бұйрығымен бекiтiлген  

  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
БОЛЫП ТАБЫЛМАЙТЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ МАМАНДЫҒЫ
БОЙЫНША ЖҰМЫС ӨТIЛIН ЕСЕПТЕУ ЕРЕЖЕСI

     1. Осы Ереже денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттiк емес қызметкерлерiнiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу тәртiбi мен шарттарын реттейдi.
      Мамандық бойынша жұмыс өтіліне сол мамандық бойынша ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарға қарамастан мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары мен басқа да ұйымдардағы жұмыстың уақыты есептеледі.
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002.04.19. N 394 бұйрығымен.
      2. Дәрiгерлiк лауазымда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне:
      1) дәрiгерлерге:
      жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтiк бiлiмi немесе дәрiгерлiк немесе фармацевтiк қызметте жұмыс iстеу құқығын беретiн бiлiмi болған кезде дәрiгерлiк, фармацевтiк және орта медициналық қызметкер лауазымындағы, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымындағы басшылық ету қызметiндегi жұмыс уақыты, сондай-ақ 1999 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн интернатурада, клиникалық ординатурада, тағылымдамада болған және аспирантурада, клиникалық практикамен байланысты оқыған кездегi уақыты;
      2) жоғары медициналық бiлiмi болмағандарға;
      жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша лауазымдардағы, сондай-ақ дәрiгерлiк, фармацевтiк және медициналық қызмет лауазымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      Ескерту. 2-тармақ толықтырылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002.04.19. N 394 бұйрығымен.
      3. Орта медициналық қызметкер лауазымында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне:
      1) орта медициналық бiлiмi болғандарға:
      денсаулық сақтау ұйымының орта медициналық немесе фармацевтiк қызметшiсi, оның iшiнде басшылық ету және медициналық-әлеуметтiк комиссия хатшысы қызметтерiндегi жұмыс уақыты;
      2) орта медициналық бiлiмi болмағандарға:
      жоғары немесе орта арнаулы оқу орнында алған мамандығы бойынша лауазымдағы, сондай-ақ орта медициналық немесе фармацевтiк қызметкер, оның iшiнде басшылық ету қызметтерiндегi және белгiленген тәртiппен аталған қызметте жұмыс iстеуге жiберiлген дәрiгерлiк-еңбек сараптау комиссиясының хатшысы лауазымындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      4. Провизор лауазымында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтiк бiлiмi немесе медициналық немесе фармацевтiк қызметпен айналысу құқығын беретiн бiлiмi болған кезде денсаулық сақтау ұйымының дәрiгерлiк, фармацевтiк және орта медициналық қызметшiсi, оның iшiнде басшылық ету қызметтерiндегi жұмыс уақыты, сондай-ақ 1995 жылғы 29 қарашаға дейiн осы қызметке жiберiлген және жұмыс iстеген қызметкерлердiң жұмыс уақыты есептеледi.
      Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002.04.19. N 394 бұйрығымен.
      5. Орта фармацевтiк қызметшi лауазымында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандықтары бойынша жұмыс өтiлiне орта фармацевтiк немесе медициналық қызметшi лауазымдарындағы, оның iшiнде басшылық ету қызметiндегi жұмыс уақыты, сондай-ақ 1995 жылғы 29 қарашаға дейiн осы қызметке жiберiлген және жұмыс iстеген қызметкерлердiң жұмыс уақыты есептеледi.
      6. Медициналық емес психолог, энтомолог, зоолог, биолог және басқа да лауазымдарда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша, сондай-ақ дәрiгерлiк, фармацевтiк және орта медициналық қызметкер, оның iшiнде денсаулық сақтау ұйымында басшылық ету қызметтерiндегi жұмыс уақыты есептеледi.
      7. Кiшi медициналық қызметшi лауазымында жұмыс iстейтiн адамдардың мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне барлық денсаулық сақтау ұйымдарындағы, сондай-ақ медициналық ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындарындағы жұмыс уақыты есептеледi.
      8. Медициналық және фармацевтiк қызметшi лауазымында жұмыс iстейтiн адамдардың мамандығы бойынша жұмыс өтiлiне осы лауазымдарда жұмыс iстеуге арналған қолданыстағы ережелерге сәйкес медициналық немесе фармацевтiк бiлiм талап етiлетiн барлық мекемелер, кәсiпорындар мен ұйымдар лауазымдарындағы жұмыс уақыты есептеледi, ол жұмыс iстеген мекеменiң, кәсiпорынның немесе ұйымның тиiстi құжатымен расталады.
      9. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiне ұқсас мамандық бойынша қызметтегi жұмыс уақыты, сондай-ақ бұрынғы мамандығы бойынша жұмысты жалғастыру үшiн қарсы көрсеткiштердiң туындауына байланысты оған ұқсас емес мамандық бойынша қызметтегi жұмыс уақыты есептеледi.
      10. Медициналық және фармацевтiк қызметкер лауазымында жұмыс iстейтiн адамдардың және еңбек айлықақысы бойынша оларға теңестiрiлген мамандардың мамандығы бойынша жұмыс өтілiне қосымша шарттар мен шектеулерсiз:
      1) медициналық оқу орындарындағы (курстардағы), ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк денсаулық сақтау ұйымдарындағы (бөлiмшелерiндегi) ғылыми, педагогикалық, әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк, оқу-әдiстемелiк және ұйымдастыру-әдiстемелiк жұмыс уақыты, сондай-ақ аталған ұйымдардағы (бөлiмшелердегi) мемлекеттiк қызметтегi және зерттеушi-стажер мен зертханашы қызметтерiндегi жұмыс уақыты, мамандығы бойынша бiлiмiн жетiлдiру, мамандандыру немесе бiлiктiлiгiн көтеру курстарындағы оқу уақыты;
      2) жұмыстан заңсыз босатылған немесе басқа жұмысқа ауыстырылған және соңынан жұмысқа қайта алынған кезде ықтиярысыз бос жүрген уақыты;
      3) жағымсыз себептер бойынша қызметiнен босатылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының Қарулы Күштерiндегi, iшкi, шекаралық әскерлерiндегi, азаматтық қорғаныс басқармаларының органдары мен бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен бұрынғы КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң органдары жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының республикалық ұланындағы офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың мерзiмнен тыс қызмет әскери қызметшiлерiнiң нақты әскери қызмет өткерген уақыты;
      4) жүктілiгi мен тууы бойынша демалыс уақыты, сондай-ақ заңнамаға сәйкес жалақысын сақтамай баланы күту бойынша берiлген қосымша демалыс уақыты;
      5) мемлекеттiк органдар мен ұйымдар медициналық қызметi бойынша шетелге жiберген жағдайда, егер қызметкер шетелге барар алдында медициналық қызметте жұмыс iстеген болса, халықаралық ұйымдардағы жұмыс уақыты;
      6) егер осы қызметтер заңнамаларға сәйкес медициналық және фармацевтiк қызметшiлер лауазымдарына жатқызылған болса, денсаулық сақтау ұйымына техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асырған және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз еткен қызметкерлер қызметтерiндегi жұмыс уақыты;
      7) егер қызметкер оқуға түскенге дейiн медициналық қызметте жұмыс iстеген және оны бiтiргеннен кейiн медициналық қызметпен байланысты жұмысқа қайтып келген болса, жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi курстарында оқыған уақыты;
      8) барлық деңгейдегі депутаттардың өкілеттіктерін жүзеге асыру уақыты.
      Ескерту. 10-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002.04.19. N 394 бұйрығымен.
      11. Барлық қызмет аясы үшiн ортақ лауазымдарға арналған мамандық бойынша жұмыс өтiлiне:
      1) 10-тармақта көрсетiлген барлық шарттар;
      2) оның еңбектiк қызметi өткерiлген қызмет аясына қарамастан мамандығы, сондай-ақ ұқсас мамандығы бойынша жұмыс өтiлi есептеледi.
      12. Осы ережеге сәйкес есептелетiн жұмыс өтiлi күнтiзбелiк есептеумен ескерiледi.
      13. Мамандық бойынша жұмыс өтiлi мен мамандықтар ұқсастығын, құрамы денсаулық сақтау ұйымының тиесiлi басшысының бұйрығымен бекiтiлетiн, еңбек өтiлiн белгiлеу жөнiндегi комиссия айқындайды.
      14. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеу туралы комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнен үзiндi екi данада жасалады да, бiр данасы ұйымның кадр қызметiне, екiншiсi - ұйымның бухгалтериясына берiледi.
      15. Мамандық бойынша жұмыс өтiлiн белгiлеуге арналған негiзгi құжат еңбек кiтапшасы (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шарты немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзiндi болып табылады.

       Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрiнiң
2002 жылғы 20 ақпандағы N 185
бұйрығымен бекiтiлген   

Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық
қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және
оларға ақы төлеу ережесi

      1. Стационарлары бар денсаулық сақтау ұйымдары медициналық көмектi тәулiк бойы көрсететiн үздiксiз жұмыс режимi бар ұйымдарға жатады.
      1) Осыған байланысты, стационар жұмысының ерекшелiгiн (медициналық көмектi кез-келген тәулiк уақытында және күнде, аптада көрсету) ескере отырып, бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес дәрiгерлер үшiн кешкi және түнгi уақытта кезекшiлiк белгiленедi.
      Әрбiр жағдайда мұндай жұмыс (кезекшiлiк) бекiтiлген жұмыс кестесiне сәйкес жүзеге асырылады және үстеме жұмыс болып табылмайды, өйткенi үстеме жұмыс денсаулық сақтау мекемесiнде ауысымдағы адамның келмей қалуының салдарынан ғана орын алуы мүмкiн. Кесте Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңымен белгiленген жұмыс уақыты ұзақтығының талаптары ескерiле отырып құралады. Қараныз K070000251
      Дәрiгерлердiң еңбегiн ұтымды ұйымдастыру мақсатында ұйымдардың басшылары еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде тәулiк бойы көмекпен қамтамасыз ету немесе бар дәрiгерлердiң құрамымен кезекшiлiкпен қамтамасыз ету үшiн штат кестесiне қосымша дәрiгерлiк лауазымды енгiзуге құқылы.
      Дәрiгерлердiң жұмыс уақытының айлық нормасынан тыс атқарылатын кезекшiлiк уақытындағы еңбегi үшiн ақы төлеу iс жүзiнде атқарылған жұмыс уақыты бойынша, егер жұмыс iстеген күндерi атқарылған болса, және егер ол демалыс және мереке күндерi атқарылған болса, екi реттiк мөлшерде жүргiзiледi.
      Жалпыға бiрдей белгiленген демалыс күн - жексенбi.
      2) Әрбiр жағдайда түнгi уақыттағы әрбiр сағатқа (кезекшiлiк) кемiнде жартылай мөлшерде ақы төленедi. (Түнгi болып кешкi сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiнгi уақыт есептеледi).
      3) Дәрiгерлердiң негiзгi қызметi бойынша жұмыс уақытының шегiнен тыс атқарылатын жұмысының (кезекшiлiк) шарттары негiзгi жеке еңбек шартында ескерiлуi тиiс.
      4) Медициналық қызметкерге, оның демалысы күнi кестеде көзделген жұмысқа тартқан кезде, оған екi реттiк мөлшерден кем емес өтемақы төлемi төленедi. Қызметкердiң ықыласы бойынша өтемақы демалыс күнiне ауыстырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002.04.19. N 394 бұйрығымен.
      2. Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрiгерлерi мен орта медициналық қызметкерлер үшiн ұйымның түрiне және оның орналасқан орнына қарамастан үйдегi кезекшiлiк енгiзiлетiн болады.
      Кезекшiлiк тиiстi қызметкерлердiң есептiк кезеңiндегi жұмыс уақытының теңгерiмi шегiнде де, сол сияқты жұмыс уақыты нормасының шегiнен тыс та жүзеге асырылады. Жұмыс уақытының айлық нормасы шегiнде күндiзгi де, түнгi де уақытта атқарылатын үйдегi кезекшiлiкке жұмсалған уақыт кезекшiлiктiң әрбiр сағатының жарты сағаты ретiнде есептеледi.
      Жұмыстан тыс, кешкi және түнгi уақытта атқарылатын үйдегi кезекшiлiк iс жүзiндегi кезекшiлiк уақыты үшiн қосымша ақы төлеуге жатады.
      Аталған кезекшiлiктi (жұмыс уақыты нормасының шегiнде де, сол сияқты жұмыс уақытының нормасынан тыс та) атқаратын қызметкер ұйымға, уақиға орнына, науқастың үйiне шақырылған жағдайда, шақыруға жұмсалған уақытқа денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң түнгi уақыттағы еңбегiне ақы төлеудiң қолданыстағы тәртiбiн сақтай отырып, маманның iс жүзiнде атқарылған жұмыс уақыты ушiн лауазымдық айлықақысы (төлем бәсi) есебiнен ақы төленедi.
      Осындай тәртiппен даярлығы тұрақты медициналық бригадалардың және авариялар, апаттар, зiлзалалар мен басқа да төтенше жағдайлар кезiнде тiкелей шұғыл медициналық көмек көрсету және құтқару жұмыстары үшін ұйымдастырылған арнайы тағайындалған көптеген жұмыстар атқаратын медициналық жасақтардың мамандарына жұмыстан тыс, кешкі және түнгі уақыттағы үйдегі кезекшілікке ақы төлеу жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады