1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 2 шiлдедегi N 13 ( V011596_ ҚБПҮ) бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi арқылы жiберiлетiн хат-хабарларды ресiмдеу тәртiбi туралы Нұсқаулыққа:
4-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Жедел табыс етуге жататын пакеттердi жiберу кезiнде оларға "шұғыл" немесе "тез арада табысталсын" деген белгi қойылады. Аталған белгiлерi бар пакеттерге "Пакеттер үшiн" деген мөр басылады, ал "тез арада табысталсын" деген белгiсi бар пакет қосымша - ұйым басшысының қолымен куәландырылады.";
11-тармақтың бiрiншi абзацы "каучук мөрдiң бедерлемесi бар қағаз жапсырма" деген сөздердiң алдында "Пакеттер үшiн" деген" сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың бесiншi және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Аса маңызды" деген белгiсi, сондай-ақ "М" литерi" деген белгiсi бар үлкен, орташа және шағын пакеттерде, iшiндегiлердi тесумен және теспей, мөр бедерi бар бес қағаз жапсырма желiмделедi (бұрыштарында, клапандар желiмделiнген орындарда және ортасында).
Қос қабатты пакетке салу кезiнде сыртқы пакет iшiндегісiмен тiгiлмейдi. Оған осы тармақ талаптарына сәйкес қағаз жапсырмалар жабыстырылады."
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. Екi атауы бар (шартты және ашық) ұйымдардың мекен-жайына
жіберiлетiн хат-хабарлар шартты және ашық атауы бойынша жiберiледi." 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "46. Хат-хабарларды жiбергенде ұйымдардың ашық және шартты атауы қолданылуы мүмкiн: 1) пакеттердi ашық атауымен жiберу осы Нұсқаулықтың 2-шi, 3-шi бөлiмiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады; 2) шартты атауымен жiберiлгенде пакеттерде жiберiлген елдi мекенi (қала, облыс, республика), ұйымның шартты атауы және қажет болған жағдайда алушының аты-жөнi көрсетiледi." 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап күшiне енедi. Агенттік төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.