Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 115 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 24. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1778. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 134 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы N 134   қаулысымен  ( қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз ).
________________________________________

      Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзудi реттейтiн заңдарды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 115  V011561_  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      осы қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргiзу ережесiндегi: 
      1) 19-тармақтың: 
      бiрiншi азатжолының бiрiншi сөйлемiндегi "арнап" деген сөзден кейiн "iссапарлар жүзеге асырылғанға дейiн" деген сөздермен толықтырылсын; 
      үшiншi сөйлемiндегi "есепшоттарға" деген сөзден кейiн "iссапар мерзiмi аяқталған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 
      2) 3-тарау мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "22-1. Резидент заңды тұлғаның мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заем шарты бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру үшiн сатып алған шетел валютасы резидент заңды тұлға ашқан уәкiлеттi банктердегi арнайы есепшоттарға есептелуге тиiс. Осы есепшоттардағы шетел валютасын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi."; 
      3) 23-тармақтың бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "23. Резидент заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына және банк iсiнде қолданылатын iскерлiк айналым дәстүрлерiне сәйкес пайдаланылатын, есеп айырысудың аккредитивтiк нысанын көздейтiн келiсiм-шарттар бойынша резидент еместермен есеп айырысу үшiн қажеттi шетелдiк валюта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн бөлiгiнде аккредитивтiк қолданылу мерзiмiне сатып алынады"; 
      4) 29-тармақтың: 
      бесiншi азатжолындағы "екiншi" деген сөзден кейiн ", үшiншi" деген сөзбен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы алтыншы азатжолмен толықтырылсын: 
      "Уәкiлеттi банктер Қазақстан Республикасының валюта заңдарының сақталуын тексеру мақсатында жүргiзiлетiн валюта операциясына қатысты қосымша қажеттi ақпаратты және құжаттарды талап етуге құқылы."; 
      5) 33-тармақтағы "көзделген тәртiппен" деген сөздер "көзделген талаптарды ескере отырып және тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6) 34-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Заңды тұлға құрмай инвестициялық немесе кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлғаларға пайдалану тәртiбi осы Ереженiң 3 және 4-тарауларына сәйкес белгiленетiн шетел валютасымен банктік есепшот ашылады."; 
      7) 35-тармақтың бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Уәкiлеттi банктер жеке тұлғалар уәкiлеттi банктерге тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды (шарттар, келiсiм-шарттар, келiсiмдер, инвойстар және басқалары) бергенде ғана резидент еместердiң пайдасына баламасы он мың АҚШ долларынан асатын мөлшерде резидент емес жеке тұлғалардың және резидент жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс төлем жасайды және/немесе ақша аударады. Мұндай құжаттарды беру мүмкiн болмаған жағдайда, уәкiлеттi банк жеке тұлға төлем тапсырмасына уәкiлеттi банкке олардың талап етуi бойынша құқық қорғау органдарына және Ұлттық Банкке жүргiзiлетiн ақша төлемi және/немесе аударымы бойынша ақпарат беруге рұқсат беретiн жазбалар жасаған кезде ғана төлем және/немесе ақша аударымын жүргiзедi. Жеке тұлға күнтiзбелiк ай өткеннен кейiн бiр айдың iшiнде баламасы елу мың АҚШ долларынан астам сомаға осы тармақта келiсiлген құжаттарды бермей-ақ резидент еместiң пайдасына төлем және/немесе ақша аударымын жүргiзген кезде, уәкiлеттi банк күнтiзбелiк ай аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде осы жеке тұлға (жiберушiнiң аты-жөнi, бар болса - СТН) және ол өткiзген төлем және/немесе ақша аударымы туралы ақпаратты Ұлттық Банкке беруге мiндеттi.". 
      8) 40-тармағындағы "шектеусiз" деген сөзден кейiн "Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып" деген сөздермен толықтырылсын; 
      9) алтыншы азатжолдың 43-тармағындағы ", сондай-ақ банктiң алушының жеке басының ұқсастығын анықтауына мүмкiндiк беретiн басқа да деректер" деген сөздер алынып тасталсын; 
      10) алтыншы азатжолдың 44-тармағындағы ", сондай-ақ банктiң жiберушiнiң жеке басын бiрегейлендiруге мүмкiндiк беретiн басқа да деректер" деген сөздер алынып тасталсын; 
      11) 51-тармақ алынып тасталсын. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiледi. 
      3. Валюталық реттеу және бақылау басқармасы (Мәженова Б.М.): 
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсiн.

       Ұлттық Банкi
       Төрағасы

     Қазақстан Республикасының
     Қаржы министрлігімен
     келісілді
     2002 жылғы 31 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады