Заңды тұлғалардың өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін корпоративтік табыс салығы мен әлеуметтік салық төлеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 12 наурыздағы N 97 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрінің 2002 жылғы 12 наурыздағы N 357 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 1817. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2004 жылғы 7 қаңтардағы N 3, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 5 қаңтардағы N 5 бірлескен бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық Кодексi) сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса берiлiп отырған заңды тұлғалардың өздерiнің құрылымдық бөлiмшелерi үшiн корпоративтiк табыс салығы мен әлеуметтiк салық төлеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Фискальдық саясат және болжамдар департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.    

      Қазақстан Республикасы             Қазақстан Республикасының 
     Премьер-Министрінің орынбасары      Мемлекеттік кіріс министрі
      Қазақстан Республикасының
           Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнiң      
2002 жылғы 12 наурыздағы N 97
және Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрiнiң
2002 жылғы 12 наурыздағы N 357
бұйрықтарымен бекiтiлген  

Заңды тұлғалардың өздерiнiң құрылымдық
бөлiмшелерi үшiн корпоративтiк табыс салығы
мен әлеуметтiк салық төлеу ережесi

      1. Заңды тұлғалар өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi үшiн корпоративтiк табыс салығы мен әлеуметтiк салықты мынадай тәртiппен төлейдi:
      жеке балансы мен банктық шоты, филиалдары мен өкiлеттiктерi бар өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн корпоративтiк табыс салығы мен әлеуметтiк салық олардың орналасқан жерi бойынша тиiстi бюджеттерге төлеуге жатады;
      жеке балансы мен банктық шоты жоқ өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн корпоративтiк табыс салығы мен әлеуметтiк салық, егер осы бұйрықпен өзгеше белгiленбеген болса, Астана, Алматы қалаларының тиiстi бюджеттерiне немесе облыстық бюджеттерге төлеуге жатады;
      жеке балансы мен банктық шоты жоқ заңды тұлғаның бас ұйымымен Астана, Алматы қалаларының немесе бiр облыстың аумағында орналасқан өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн корпоративтiк табыс салығы мен әлеуметтiк салық заңды тұлғаның бас ұйымының есебiн тiркеу орны бойынша тиiстi бюджетке төлеуге жатады.
      Бұл ретте, заңды тұлғаның бас ұйымы жеке балансы мен банктiк шоты жоқ Астана, Алматы қалаларының немесе облыстың аумағында орналасқан өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн есептелген жалпы сомамен тиiстi бюджеттерге корпоративтiк табыс салығы мен әлеуметтiк салық төлеудi жүзеге асырады.
 

      2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетiлген тәртiп құрылымдық бөлiмшелерi дербес әлеуметтiк салық төлеушi ретiнде қарастырылмайтын заңды тұлғаларға қолданылады.
 

      3. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетiлген тәртiп заңды тұлғаның шешiмi бойынша дербес әлеуметтiк салық төлеушi ретiнде қарастырылатын филиалдар мен өкiлеттiктерге де қолданылады. Бұл жағдайда осы тармақтың мақсаттары үшiн осы бұйрықтың 1-тармағының мәтiнi бойынша бас ұйым деп филиалдар мен өкiлеттiктер де түсiнiлуi тиiс.
 

      4. Заңды тұлға бас ұйымының корпоративтiк табыс салығы мен әлеуметтiк салық төлеуi тiкелей өз банктық шотынан жүргiзiледi немесе өз қрылымдық бөлiмшелерiне жүктеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады