Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 92 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 7 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1845. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 15 шілдедегі N 438 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.07.15 N 438 бұйрығымен .

       ------------------ Бұйрықтан үзінді -------------------

       "Азаматты қ қ ызметшілерге, мемлекеттік бюджет қ аражаты есебінен ұсталатын ұ йымдарды ң қ ызметкерлеріне, қ азыналы қ к ә сіпорындарды ң қызметкерлеріне еѕ бека қ ы т ө леу ж ү йесі туралы" Қ аза қ стан Республикасы Ү кіметіні ң 2007 жыл ғ ы 29 желто қ санда ғ ы № 1400 қ аулысына ж ә не "Нормативтік құқ ы қ ты қ актілер туралы" Қ аза қ стан Республикасы За ң ыны ң 27-бабыны ң 1-1-тарма ғ ына с ә йкес Б Ұ ЙЫРАМЫН:
      1. "Қаза қ стан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелеріні ң мемлекеттік қ ызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріні ң маманды ғ ы бойынша жұмыс стажын есептеуді ң ережесін бекіту туралы" Қ аза қ стан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріні ң 2002 жылғы 27 наурызда ғ ы N 92 б ұ йрығыны ң күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы б ұ йры қ қ ол қ ойылған к ү нінен бастап қ олданыс қ а енгізіледі.

      Министр                                    А. Күрішбаев

      

      

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысын іске асыру және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің стажын есептеу кезінде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында
                               БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің ережесі бекітілсін. 2. Құқық және ұйымдастыру департаменті заңда белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған еңбек қатынастарына қолданылады. Министрдің міндеттерін атқарушы "Келісілген" Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 17.04.2002 ж.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің 2002 жылғы 27 наурыздағы N 92 бұйрығымен бекітілген
 
 
            Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
          мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып
               табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша
                         жұмыс стажын есептеудің
                                  ЕРЕЖЕСІ
 
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеудің тәртібі мен шартын реттейді.
      2. Мамандығы бойынша жұмыс стажына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік мекемелерінде және меншіктің құқықтық-ұйымдастыру нысанына қарамастан басқа ұйымдарда, сондай-ақ:
      1) сол мамандық бойынша мемлекеттік қызметте болған уақыт;
      2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлік құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, мерзімнен тыс қызметтегі әскери қызметшілердің Қарулы Күштерде, Ішкі, шекара әскерлерінде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармасы органдары мен бөлімшелерінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдары жүйесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының ұланында міндетті әскери қызмет өткерген, сондай-ақ интернационалдық борышын орындаған, соның ішінде әскери комиссариаттың анықтамасы болғанда әскери қызметшінің тұтқында болған уақыты;
      3) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген баланы күту жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
      4) Қазақстан Республикасы парламенті депутатының, маслихат депутатының өкілеттіктерін жүзеге асырған уақыты;
      5) егер қызметкер шетелге кетер алдында мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде жұмыс істесе және жолға кеткен уақытын есептемегенде шетелден қайтып келген күнінен бастап екі ай ішінде мемлекеттік мекемеге жұмысқа орналасса, шетелде жұмыс істеген уақыты;
      6) жұмыстан заңсыз босатылып, кейіннен жұмысқа қайта орналастырылғанда еріксіз жұмыста болмаған уақыты;
      7) мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жұмыстан қол үзіп оқыған уақыты;
      8) ұйымдарда мамандық бейіні бойынша ғылыми жұмыс істеген уақыты;
      9) өзінің еңбек қызметі өткен қызмет саласына қарамастан мамандығына ұқсас лауазымдарда жұмыс істеген уақыты енеді.
      3. Осы Ережеге сәйкес есептелетін мамандығы бойынша жұмыс стажы күнтізбелік есептеу бойынша есепке алынады.
      4. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыру құқығы пайда болған қызметкерлерге лауазымдық жалақы осындай құқық пайда болған күннен бастап еңбек стажы ескеріле отырып есептеледі.
      5. Мамандығы бойынша жұмыс стажын және мамандықтардың сәйкестігін мемлекеттік мекеменің еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссиясы айқындайды, оның құрамын тиісті мемлекеттік мекеменің басшысы бекітеді.
      6. Комиссияның мамандығы бойынша жұмыс стажын белгілеу туралы шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнің көшірмесі екі данада жасалады, бір нұсқасы - кадр бөліміне, екіншісі бухгалтерияға беріледі. 7. Еңбек кітапшасы (ол болған ретте) немесе жеке еңбек шарты не жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтан үзінді қызметкердің мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар болып табылады. Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады