"Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 72 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі N 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1847. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      26. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 22 сәуірдегі N 174 (тіркелген N 1847) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 72 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында: 
      3 "Сумен жабдықтау" ішкі функциясындағы 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 083-кіші бағдарламасы бар 031-бағдарламамен, 085-кіші бағдарламасы бар 081-бағдарламамен және 085-кіші бағдарламасы бар 082-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "031 Атырау қаласын сумен жабдықтау және оның санитариясының жобасы 
      083 ішкі көздер есебінен жергілікті деңгейде жобаны іске асыру 
      081 Атырау қаласын сумен жабдықтау және оның санитариясының жобасы 
      085 Қайтарымды негізде сыртқы заемдар есебінен жергілікті деңгейде жобаны іске асыру 
      082 Алматы қаласын сумен жабдықтау және одан суды бұру жүйесін қайта құру 
      085 Қайтарымды негізде сыртқы заемдар есебінен жергілікті деңгейде жобаны іске асыру"; 
      4 "Санитарлық жұмыстар" ішкі функциясындағы 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 032-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "032 Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымды техникалық жабдықтау"; 
      8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" функционалдық тобында: 
      3 "Ақпараттық кеңістік" ішкі функциясындағы 263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм бойынша атқару органы" бағдарламалар әкімшісі: 
      мынадай мазмұндағы 076-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "076 Жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуді техникалық қамтамасыз ету"; 
      050 "Жергілікті деңгейде тілдерді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру" бағдарламасы алынып тасталсын; 
      9 "Мәдениетті, спортты және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі басқа да қызмет көрсетулер" ішкі функциясындағы 263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм атқару органы" бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 050-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "050 Жергілікті деңгейде тілдерді қолдану және дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру"; 
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 1 "Ауыл шаруашылығы" ішкі функциясындағы 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылық атқару органы" бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 035-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "035 Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге несие орналастырғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық сыйақы төлеу"; 
      12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлігі" ішкі функциясындағы 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарламалар әкімшісі мынадай мазмұндағы 033-бағдарламамен толықтырылсын: 
      "033 Қалалық және ауданаралық (қалааралық) қоғамдық көлікті дамыту". 
      2. Әрекет етуінің аяқталу күні 2002 жылғы 1 мамырдан бастап белгіленетін осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген бағдарламалар мен кіші бағдарламаларды қоспағанда, 1), 5) тармақшаларда көрсетілген бағдарламалар әкімшілерін қаржыландырудың аяқталу күні, сондай-ақ 1), 2), 
3) және 5) тармақшаларда көрсетілген бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың әрекет етуінің аяқталу күні 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленсін: 
      7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобындағы 3 "Сумен жабдықтау" ішкі функциясында: 
      1) 114 "Атырау облысының әкімі" бағдарламалар әкімшісі бойынша 030 "Атырау қаласының сумен жабдықтау және санитария жобасы" бағдарламасы және 083 "Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен жергілікті деңгейде жобаны іске асыру", 085 "Қайтарып алу негізінде сыртқы заемдар есебінен жергілікті деңгейде жобаны іске асыру" кіші бағдарламалары бойынша; 
      2) 130 "Алматы қаласының әкімі" бағдарламалар әкімшісі бойынша 033 "Алматы қаласында су құбыры және суағар жүйесін қайта салу" бағдарламасы және 085 "Қайтарып берілетін сыртқы заемдар есебінен жергілікті деңгейде жобаны іске асыру" кіші бағдарламасы бойынша: 
      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында: 
      3) 1 "Ауыл шаруашылығы" ішкі функциясында 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылшаруашылық атқару органы" бағдарламалар әкімшісі бойынша 034 "Тұқымдық астық сатып алу бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қолдау" бағдарламасы бойынша; 
      4) 5 "Қоршаған ортаны қорғау" ішкі функциясында 105 "Әкімдер аппараты" бағдарламалар әкімшісі бойынша 034 "Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру" бағдарламасындағы 030 "Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қоры" кіші бағдарламасы бойынша; 
      5) 13 "Басқалар" функционалдық тобында 9 "Басқа да" ішкі функциясында 119 "Қарағанды облысының әкімі" бағдарламалар әкімшісі бойынша 030 "Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдау" бағдарламасы бойынша. 
      3. 13 "Басқалар" функционалдық тобында 9 "Басқа да" ішкі функциясында 272 "жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, кіші және орта бизнесті қолдау атқару органы" бағдарламалар әкімшісі бойынша 081 "Экономика салаларын қолдау және дамыту үшін несиелендіру" бағдарламасы бойынша "Әрекет етуінің аяқталу күні" бағанындағы "01.01.02" деген сандар алынып тасталсын. 
      4. Заң қызметі департаменті (Қ.Әбдіқалықов) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

     Премьер-Министрдің орынбасары -
           Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады