Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тіркеу N 1 формалы статистикалық карточканы, "Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тағайындау актілерін тіркеу туралы" нысанын және шаруашылық субъектілерді тексеруді тағайындау туралы карточкалар мен актілерді тіркеу журналын, Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тіркеу N 1 формалы статистикалық карточканы, "Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тағайындау актілерін тіркеу туралы" нысанын және шаруашылық субъектілерді тексеруді тағайындау туралы карточкалар мен актілерді тіркеу журналын жүргізу тәртібі жайлы Нұсқауды бекітіп күшіне енгізу және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылдың 29 желтоқсанындығы N 67 бұйрығының күшін жою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 жылғы 25 сәуірдегі N 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 31 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1868. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы N 12 (V042744 )бұйрығымен.

      Барлық мүдделі ведомстволармен келісім бойынша, шаруашылық субъектілерінің қызметіне тексеруді тағайындау жөніндегі актілер есебін жетілдіру мақсатында, "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығының  11 бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тіркеу N 1 формалы статистикалық карточканы, "Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тағайындау актілерін тіркеу туралы" нысанын және шаруашылық субъектілерді тексеруді тағайындау туралы карточкалар мен актілерді тіркеу журналын жүргізу тәртібі жайлы Нұсқау бекітілсін және 2002 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енсін.
      2. Осы статистика субъектілері Нұсқаудың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 67 бұйрығының  күші жойылды деп табылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары М.К. Уәйісовке жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы
      Бас Прокуроры

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2002 жылғы 25 сәуірдегі
N 28 бұйрығымен бекітіліп
енгізілген

Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тіркеу
N 1П формалы статистикалық карточканы және талон-қосымшаны,
"Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тағайындау актілерін
тіркеу туралы" нысанын және шаруашылық субъектілерді тексеруді
тағайындау туралы карточкалар мен актілерді тіркеу журналын
жүргізу тәртібі жайлы
НҰСҚАУ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйегіндегі N 1286  (26.10.2000 жылғы N 1599 және 10.12.2001 жылғы N 1601  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) "Шаруашылық субъектілердің қызметіндегі барлық тексерулерді бірыңғай статистикалық тіркеуді енгізу туралы" қаулысына сәйкес жетілдіріліп Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде тексеруге өкілетті мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді тіркеу N 1-П формалы статистикалық карточканы, "Шаруашылық субъектілер қызметін тексеруді тағайындау туралы актілерді есепке алу туралы" нысанды және шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тағайындау туралы карточкалар мен актілерді тіркеу журналын" жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйегіндегі N 1286  (26.10.2000 жылғы N 1599 және 10.12.2001 жылғы N 1601  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардың шаруашылық субъектілер қызметін тексеруді тағайындау туралы актілерді тіркеу Ережесінің 2 тармағына сәйкес, актілерді тіркеу Қазақстан Республикасы Бас Прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат (Департамент) Орталығымен және оның аймақтық органдарымен жүзеге асырылады (әрі қарай Тіркеу органдары).
      3. Бақылау және қадағалау функцияларына ие барлық мемлекеттік органдар осы статистиканың субъектілері болып табылады (әрі қарай бақылау органдары).

2. Осы Нұсқаудағы қолданылатын негізгі ұғымдар

      4. Осы Нұсқауда тексерулерді есепке алу үшін келесі ұғымдар қолданылады:
      жеке кәсіпкерлік  бұл азаматтардың өз меншігіндегі немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тәуекелдігі мен мүліктік жауапкершілігі негізінде пайдалы кіріс алуға бағытталған азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ынталы қызметі;
      шаруашылық субъектілер  шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын және тауар айналымына қатысушы әрбір заңды немесе жеке тұлғалар;
      тексеру  бақылау және қадағалау функцияларына ие мемлекеттік органның тексеруге жататын тұлғаның нормативтік және нұсқаулық актілерімен анықталған белгілі талаптардың сақталуы мен қолданылуының дұрыстығын зерттеу;
      тексеру тағайындау туралы акт (әрі қарай Акт)  шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруге негіз болып табылатын құжат (қаулы, жарлық, бұйрық және т.б.).

      Тексерудің түрлері:
      жоспарлы тексеру  заңды және қағидалы актілермен анықталған талаптарға сай бақылау органымен алдын-ала жоспарланған тексеру;
      жоспардан тыс тексеру - құралған мән-жайға байланысты тез арада елеулікті талап ететін, соның ішінде арыздар, үндеулер, мәліметтер бойынша тағайындалатын тексеру;
      қарсы тексеру  тексеру тағайындау туралы негізгі, қаулыда көрсетілген мәліметтерге байланысты немесе осы шаруашылық субъектілерге байланысты, үшінші жақтардың мүддесін қозғаудағы тексеру. Үшінші жақтарды қарсы тексеру тек қана негізгі тексерілетін субъектімен қарым-қатынас сұрақтары бойынша және қатаң түрде тексерілетін сұрақтар шеңберінде жүргізіледі;
      рейдтік тексеру  сәйкес саладағы заңдылықты сол немесе басқа да сұрақтар бойынша объективтік мән-жайды айқындайтын бір жола бірнеше объектілердің қызметін қамтитын бақылау органдарымен ұйымдастырылып жүргізілетін тексеру;
      арыздар бойынша  бақылау органына келіп түскен шаруашылық субъектінің қызметіне қатысты жазбаша мәлімет бойынша тексеру;
      кешенді (бірлесіп) тексеру  мемлекеттік бақылау органдарының шаруашылық субъектісі немесе жеке кәсіпкердің қызметтеріндегі нормалардың сәйкес саладағы заңдылықтардың сақталу мәселелері бойынша тексеру;
      басқа да тексеру  осы жоғарыдағы аталған тексеру түрлерінің еш қайсысына жатпайтын және барлық тексерулер түрі үшін жалпы негіздерде жүргізілетін бақылау және қадағалау органдарымен іске асырылатын тексерулер;
      бақылау еселігі - өзгермеген бір негіздерде екі және одан көп реттерде жүргізілген бақылаулар.

3. Тіркеу құжаттарын толтыру, тапсыру және
есепке алу тәртібі

      5. Бақылау органымен тексеруді тағайындау туралы акт шығарылып, N 1-П формалы шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеруді есепке алу статистикалық карточкасы толтырылып, тексеру басталғанға дейін тексерілетін субъектінің орналасқан мекен-жайы бойынша аумақтық Тіркеу органына тапсырылады және ол актінің шығарылған күні немесе келесі күні, төмендегі жағдайларда тіркеледі.
      Көліктегі тексеруді тағайындау туралы актілер тек көлік аймақтарындағы ҚСжАО тіркеледі.
      Көліктік ҚСжАО жоқ болған жағдайда актілердің тіркелуі көліктік прокуратураларда жүргізіледі. Олар жоқ болған жағдайда аумақтық прокуратураларда тіркеліп, сол күні немесе келесі күні аймақтық көлік ҚСжАО жіберіледі. Қаулының көшірмесінде көліктік органның коды мен тіркеу нөмірі қойылады.
      Әскери басқарма органдарына ведомстволық қарасты немесе өз қызметін сол объектілерде іске асыратын шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тағайындау туралы акттерді тіркеу осы аймақтағы әскери прокурорларға жүктеледі.
      6. Тіркеу органына акт екі данада тапсырылып, оны тіркегеннен соң актінің түпнұсқасы сол мезетте бақылау органына қайтарылады. Актінің көшірмесі Тіркеу органында қалдырылады. Біржолы тексеру тағайындау туралы актімен бірге Тіркеу органына барлық қажетті реквизиттері толтырылған N 1-П формалы тексерулерді есепке алу карточкасы тапсырылады.
      Әртүрлі деңгейдегі бақылау органдары актілерді субъектінің орналасқан мекен-жайы бойынша тіркейді.
      Актілерді тіркеу тексеру басталғанға дейін Тіркеу органдарында іске асырылады.
      7. Қылмыстық істі тергеумен, төтенше жағдайлармен, эпидемиялар, жұқпалы аурулардың тұтануымен байланысты шаруашылық субъектілерінің қызметін тексерулерді тағайындау туралы актілер, және де Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі іске асыратын екінші деңгейдегі банктерді және сақтандыру мекемелерін тексеруді тағайындау туралы актілер тіркеуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің басқа да шаруашылық субъектілердің қызметін тексеру актілері міндетті түрде тіркелуге тиісті.
      Мемлекеттік органдардағы, коммерциялық емес сипатты мемлекеттік мекемелердегі, қазыналық кәсіпорындардағы тексерулер тіркелуге жатпайды.
      Сонымен қатар, шаруашылық субъектілерінің өз бастамасымен кез-келген сұрақтар бойынша жүргізілген тексерулер (шаруашылық субъектілерінің мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына жолдаулары; мәселен, мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет, СЭҚ (СЭС) органдары және т.б.), құпия объектілердегі тексерулер және де заңдылыққа қайшы келетін, кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардың қызметінде жүргізілетін тексерулер (лицензиясы, патенті жоқ немесе кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін басқа да құжаты жоқ) тіркелуге жатпайды.
      Қазақстан Республикасы сыртқы кедендік шекарадағы автомобильдік, темір жол және де суда бақылау-өткізу пункттеріндегі үнемі бақылау және тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы халықаралық әуежайларда тауарларды және көлік құралдарын кедендік және шекаралық шектен өткізудің рұқсаттық тәртібінің сақталуын қамтамасыз ететін тексерулер тіркелмейді.
      Көлік және коммуникация министрлігінің көлік бақылау Комитеті және Ішкі істер министрлігінің жол полиция Департаменті жергілікті органдарының бақылау-өткізу пункттеріндегі, жүк құрылу нүктелері, автомагистральдағы қиылыстар, шекаралық өту, жүк құрылу бағыттары орындарындағы автомобильдік жолдар аймағындағы, және де "Рубеж" бөгеуші жүйесіне кіретін ішкі істер органдарының посттарындағы, Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген, айрықша қорық орындарында орналасқан табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі посттарындағы тексерулер тіркеуге жатпайды.
      Жан-жануарлармен, жануарлар мен өсімдік түп-тегі шикізатпен, және де оларды қайта өңдеу тағамдарымен сауда жасайтын базарларда тексеру және бақылау жасайтын мемлекеттік мал дәрігерлік қызмет және СЭҚ органдарының қызметі тіркеуге жатпайды.
      Басқа тексерулердің барлығы тақырыптық байланыстығына қарамастан міндетті түрде тіркелуге тиіс.
      8. Ерекше жағдайларда, адам өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер тудыратын, заң бұзушылықтарды қақпайлауға, іле-шала шаралар қабылдауға, сондай-ақ тікелей сол мезетте жасалған заң бұзушылықтарды айқындап айғақ заттарды бекіту үшін жедел іс-әрекеттер жүргізумен туындаған қажетті тексерулердің актілері тексеру тағайындау туралы актті шығарғаннан соң Тіркеу органына келесі жұмыс күні ағымында тапсырылады.
      9. Тексеруді тағайындау туралы актіде тексерудің бір ғана түрі және оның тексеру мерзімі көрсетілу қажет.
      Рейдтік тексерулерді тіркеу барысында Тіркеу органына нақты тексеретін тұлғалар көрсетілген тексеруді тағайындау туралы актімен бірге жоспарланған шаруашылық субъектілердің біреуіне барлық реквизиттері толтырылған формасы N 1-П тексеруді есепке алу карточкасы тапсырылады. Қалған карточкалар мен талон-қосымшалар әрбір тексерілген субъектілер бойынша, және де тексерілген субъектілердің тізімі тексеру аяқталған соң 24 сағат ішінде тапсырылады.
      10. Тексеру тіркелген актіде көрсетілген мезгілден ұзақ уақытта орындалған жағдайда бақылау органы қосымша ұйғарым шығарады онда бұрынғы ұйғарымның нөмірі тіркелген күні көрсетіледі немесе актінің көшірмесі (ведомствоның бірінші басқарушысының қолы қойылған хаты) жолданады бұларды ұзарту мерзімінің нақтыланған кезеңі көрсетіледі. Қосымша ұйғарым тіркелмейді, карточкалармен тексеруді тағайындау туралы актіні тіркейтін Журналда, ұзартылған мерзімімен кезеңінің күні көрсетілген, белгі қойылады.
      11. Тіркеу органында тіркелген тексерулер белгіленген уақытта жүргізілмеген жағдайда олар тіркеуден алынуы тиіс, бұл бойынша ағымдағы айдың 30 күніне дейін ҚСжАО-на жазбаша түрде мәлімденеді. Осы мәліметтер негізінде Тіркеу органымен деректер базасында сәйкес карточкаларға белгілер қойылады (8.1-тармақ толтырылады). Жүргізілмеген тексерулер бойынша деректер нысанның сәйкес тармағына енгізіледі.
      12. Акт Тіркеу органымен міндетті түрде жұмыс күні ағымында тіркелуге тиіс. Деректер базасы бойынша қайталану айғақтарының анықталуы оны тіркеуге қабылдамауға негіз болып табылмайды.
      Қайталану айғағы айқындалған жағдайда осы бағытта (салада) қадағалау жүргізетін прокуратура органдарына хабарланады.
      Кешендік тексерулерді тағайындау актісін ҚСжАО органында тексеруді бастаушы (қозғаушы) орган тіркейді. Осы орган ҚСжАО органында есептеу құжаттарын тапсырады.
      Кешендік тексерулердің қалған құжаттары (актілер) ведомстволар бойынша тексеруге қатысушыларда болуы тиіс.
      13. Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары заң шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерді тексеруде Тіркеу органдарында тіркелген тексеру тағайындау туралы актілерді кемінде тоқсанына бір рет салыстырып тексеру жүргізуге міндетті.
      14. Тіркеу органының бөлімшелері жоқ қалалар мен аудандарда актілер мен карточкалардың тіркелуі осы қалалар мен аудандардың прокурорларымен жүзеге асырылады.
      15. Карточкалардың реквизиттері баспалық әріптермен қысқартусыз жазылуы тиіс. Карточканың жоғарғы оң жақ бөлігінде орналасқан сандық ақпараттық көрсеткіштерде Тіркеу органымен берілген осы органның және ауданның белгіленген кодтық нөмірі көрсетіледі.
      16. Карточканың 1-ші тармақта тексеруді тағайындаған ведомствоның атауы, 2-ші тармақта органның атауы көрсетіледі.
      17. 3-ші тармақта тексеру тағайындаған органның деңгейлік статусы сызылады.
      18. 4-ші, 4.1, 4.3 және 4.4-тармақтарда тексерілетін субъектінің атауы мен мекен-жайы, оның СТН-і (РНН), жетекшінің тегі, аты-жөні 4.2-ші тармақта субъектіні кіші кәсіпкерлік саласына қатыстығы, 5-де  кәсіпкерліктің саласы көрсетіледі.
      19. 6 тармақта тексерудің түрі сызылып графоклеткаға оның сандық көрсеткіші енгізіледі, 6.1-тармақта тексеру сұрағы көрсетіледі.
      20. Тексерулердің мерзімі 7-тармақта көрсетіледі.
      21. 8-тармақта тексеру мерзімінің ұзарту уақыты енгізіледі (ұзарту құжатымен қуатталған жағдайда). 8.1-тармақ тіркелген тексеру қандай да бір себептермен жүргізілмеген жағдайда толтырылады.
      22. 9-тармақта тексеру жүргізген органның акті нөмірі мен оның уақыты көрсетіледі.
      23. 10 пунктте тексеруді тағайындаған лауазым иесінің тегі, қызметі, ал 11-тармақта тексеруді жүргізген адамның деректері көрсетіледі. 12-тармақта карточканы толтырған адамның деректері көрсетіледі.
      24. ҚСжАО органдары жүргізген тексеру барысында тіркелмеген актілер айқындалған жағдайда 13-тармақ толтырылады.
      Карточканың түскен күні, журналға тіркелген реттік нөмірі, Тіркеу органының қызметкерінің тегі мен лауазымы және басқа да көрсетілетін белгілер 13, 14, 15, 16 тармақтарда Тіркеу органымен толтырылады.
      25. Тексеру нәтижелері бойынша карточкаға қосымша (тіркеме) болатын белгіленген үлгідегі талон толтырылады, тексеру аяқталған соң бақылау органымен тексеру аяқталғаннан соң 24 сағаттан кешіктірілмей Тіркеу органына тапсырылады. Талонда мына деректер көрсетіледі: тексеруге жататын субъектінің атауы (4), мекен-жайы (аудан, елді-мекен, көше, үй, пәтер)  4.1, тексерілетін субъектінің СТН-і (5), тексерілетін субъекті басқарушысының тегі, аты-жөні (6), кәсіпкерлік саласы (7), бақылау органының тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі (8), ҚСжАО тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі (9), тексеру мерзімі (10), тексеру біткен күні (10.1), тексеруге жататын сұрақ (12), заң бұзушылық сипаттамасы (11), Тексеру нәтижесі (12), тексеруді жүргізген қызметкердің (қызметкерлердің) тегі, аты-жөні, қолы (13). ҚСжАО-ға талонның келіп түскен күні (14), тіркеу жүргізген қызметкердің тегі, аты-жөні, қолы (15).
      Талонға тексеру жүргізген қызметкер немесе топтың жетекшісі және құжаттарды қабылдап алған Тіркеу органының қызметкерінің қолдары қойылады.
      Тексеруді есепке алу карточкасына талон-қосымша тіркелген жағдайда ғана тексеру аяқталған болып есептеледі.
      Актіні тіркеу тәртібін бұзған жағдайда, тексеруді тіркеу карточкасы мен талон-қосымшаны дер кезінде тапсырмағаны үшін бақылау органдары заң тәртібі бойынша жауапкершілікке тартылады.
      26. Тіркеу органының журналында тіркелген сәттен карточка ескерілген болып саналады. Карточка тапсырылған соң ол ресми құжат болып табылады және оның деректерінің дұрыстығына бақылау органының басшысы жауапкершілікке тартылады.
      Тексерудің аяқталу уақтысы болып бақылау органымен талон-қосымшада міндетті түрде анықталған заң бұзушылықтар мен тексеру нәтижесі көрсетіліп тапсырылғанда ғана есептеледі. Шаруашылық субъектінің қызметінде заң бұзушылықтар болмаған жағдайда талон-қосымшаның 11 тармағында "заң бұзушылық анықталмады" деп көрсетіледі. Тексеру аяқталған уақыт деп, тексеру тағайындалған мерзімнің өтуі немесе оның мерзімінің ұзартылуы деп түсіндіріледі.
      Тек талон-қосымша бар болғанда ғана деректер базасына аяқталған тексерулер бойынша мәліметтер енгізіледі.
      Айдың 7 жұлдызына Тіркеу органының қызметкерлері аумақтық прокурорларға тексеру мерзімі өткен, бірақ талон-қосымшалары тапсырылмаған немесе мерзімі бұзылып тапсырылған тағайындалған тексерулердің тізімін беріп отырады.
      27. Карточка мен тексеру тағайындау актісінің тіркелуі барлық бақылау органдарына бірыңғай үлгідегі құжат болатын карточкалар мен тексерулер тағайындау актілерін тіркеу журналына (әрі қарай Журнал) мәліметтерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
      Аталған журналды жүргізуге барлық бақылау және қадағалау органдары міндетті.
      28. Шаруашылық субъект немесе жеке кәсіпкер шаруашылық субъектіні тексерушілердің келу көрсеткішін тіркеу Кітабын жүргізіп, онда тексеру жүргізген бақылау орган уәкілінің барлық деректерін көрсетуге құқылы.
      Мезгілсіз уақытта жүргізілген тексеру барысында (түнгі, демалыс немесе мейрам күндері) тексеруші тексеруді тіркемей бастап, оны шаруашылық субъектіні тексерушілердің келу көрсеткішін тіркеу Кітабында белгілегеннен кейін (тексеру тағайындау актісінің барлық реквизиттері көрсетіледі) ҚСжАО органдарында тексеру тағайындау актісін тіркеп есепке алу карточкасын келесі жұмыс күнінде тапсыруға міндетті. Оған талон-қосымша тексеру аяқталған соң тапсырылады.
      29. Журналдың дұрыс толтырылуымен оның сақталу тәртібінің орындалуын Тіркеу органының басшысы тағайындаған құқықтық статистика органының жауапты қызметкері қамтамасыз етеді. Іс-жүргізу нұсқауына сай тексеруді тағайындау актілерін тіркеу Журналы тұрақты сақталатын құжат.
      Шаруашылық субъектілердің қызметін тексеруді тіркеу Журналын жүргізудегі тиісті бақылауды жүзеге асыру мақсатында бақылау және қадағалау органдарында журналды толтыру жауапты қызметкерге жүктелуі тиіс.
      30. Журналдың парақтары нөмірленіп, тігіліп, мөр басылуы тиіс. Ондағы жазулар толық, анық, ұқыпты болып, түзетулер мен тазартулар болмауға тиіс. Қате жазулар түзетіліп жауапты адамның қойған қолымен бекітіледі.
      31. Бақылау органдары белгіленген үлгідегі тексерулер тағайындау актілерін тіркеу журналын жүргізуге міндетті. Журналдың жүргізілуі мен сақталуы бақылау органдардың басшыларына жүктеледі.
      32. Журналдың 1-ші бағанасында карточкалар мен актілерді тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі, олар осы құжаттардың бірыңғай тіркелу нөмірі болып табылады.
      33. 2-ші бағанада тексеретін органның атауы және тексеруді тағайындаған лауазым иесінің тегі, аты-жөні мен қызметі көрсетіледі.
      34. 3-ші бағанада тексеруді жүргізген қызметкердің тегі, аты-жөні мен қызметі көрсетіледі.
      35. Тексерілетін субъектінің атауы, мекен-жайы, СТН-і, жетекшінің тегі мен аты-жөні 4 бағанада; анықтамаға сай заңдылықта көрсетілген кәсіпкерлік қызмет түрі 5 бағанада көрсетіледі.
      36. 6 бағанада тексерудің түрі көрсетіледі.
      37. 7 бағанада тексеру мерзімі көрсетіледі. Егер де, қандай да бір жағдайлармен тексеру белгіленген уақытта аяқталмаған болса, онда осы тармақта тексеруді ұзарту туралы белгі қойылады (8).
      38. Карточкаларды тапсырып қабылдау күні, талон-қосымшаның нақты тапсырылған күні 9-11 бағандарда көрсетіледі.
      Тіркелген тексеру бойынша тексеру жүргізбеу негіздері 12 бағанада көрсетіледі.

4. Есеп беру тәртібі мен мерзімі

      39. Аудандық (қалалық) Тіркеу органдары карточкалар мен талон қосымшаларды облыстық және оған теңестірілген Құқықтық статистика және ақпарат Орталықтарына (әрі қарай Орталық) тапсырады.
      40. Осы карточкалардың деректері негізінде Орталықпен N 1-П нысанды "Шаруашылық субъектілерінің қызметін тексеру тағайындау актілерін тіркеу туралы" есеп құрастырады.
      41. Есеп Орталықтың бастығымен әр бақылау органы бойынша жеке қол қойылып ай сайын үдемелі қорытындымен Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат (Департаментіне) Орталығына (әрі қарай ҚСжА(Д)О) тапсырылады. Есептің толықтығы мен шүбасыздығына Орталықтың бастығы жауапты болады.
      42. Есеп бірыңғай түрде үдемелі қорытындымен жасақталып, бағандардың мағлұматтары барлық кәсіпкерлік шаруашылық субъектілері үшін бірдей болады.
      43. Есептің 1-ші қатарында есеп беру мезгілінің басында келіп түскен талон-қосымшалар бойынша жүргізілмеген тексерулер саны (қалдық) көрсетіледі.
      44. 2-ші қатарда тіркелген тексеруді тағайындау актілердің жалпы саны, 3-ші қатарда тексеруге тартылған шаруашылық субъектілерінің саны (тапсырылған карточкалар бойынша) көрсетіледі.
      45. 4-ші қатарда аяқталған тексерулер саны (талон-қосымша бар болғанда) көрсетіледі.
      46. 5-ші қатарда есеп беру мерзімінде үш реттен артық тексеруге тартылған субъектілердің саны көрсетіледі.
      47. 6-шы қатарда есеп беру мерзімінде әртүрлі себептермен тексеру жүргізілмеген тексеруді тағайындау актілер саны көрсетіледі. Бұл қатарда мәліметтер осы Нұсқаудың 6-тармағының талаптарына сай енгізіледі. 6 қатар ай сайын толтырылады.
      48. 7-ші қатарда ҚСжАО органдары жүргізген тексерулер нәтижесінде айқындалған тіркелмеген тексерулер тағайындау туралы актілер саны көрсетіледі.
      Тексеру барысында тіркелмеген актілерді айқындаған кезде, тексерген бақылау органы тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеп, оған карточкалар мен талон-қосымшаларды тапсырады. Бұл мәліметтер деректер базасына нақты тіркелген күні бойынша енгізіледі.
      49. 1-14 бағандардың көрсеткіштері тексерулердің түрлеріне байланысты карточканың 4, 7-тармақтары деректерінен құрастырылады.
      50. Шаруашылық субъектілер қызметі саласында дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы арыз немесе хабарламаларды тіркеу және есепке алу осы сұрақтарды реттейтін қылмыстық іс-жүргізу заңының нормаларына сәйкес жүргізіледі.
      51. Есеп ҚСжА(Д)О-на есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 7 күні тапсырылады.
      52. ҚСжА(Д)О-ғы республика бойынша жинақ есепті Қазақстан Республикасы Бас Прокурорына есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 10 күні тапсырады.
      53. Есеп осы Нұсқауда белгіленген мерзімде тапсырылады. Есептің тапсырылған күні болып ол ҚСжА(Д)О-на модемдік байланыс бойынша түскен күні саналады.

      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуратурасы жанындағы
      Құқықтық статистика және ақпарат
      Орталығы (департаменті)

Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
2002 жылғы 25 сәуірдегі
N 28 бұйрығымен бекітілген

N 1-П формалы шаруашылық субъектiлер саласындағы
тексерулерді есепке алу карточкасы

--------------------------------------------------------------------
1. Тексеруді тағайындаған ведомствоның аталуы                01 ////
   __________________________________________ 
             (анықтама бойынша)
2. __________________________________________                02 //
   Тексеруді тағайындаған органның аталуы
   (анықтама бойынша)
3. Республикалық (1), облыстық (2), қалалық (3),              03 //
   аудандық (4) (керектісін сызу қажет)
--------------------------------------------------------------------

4. Тексерілетін субъекттің аталуы ___________

4.1. Мекен-жайы (аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

__________________________________________   

--------------------------------------------------
4.2. Кіші кәсіпкерлік саласы - ия (1), жоқ (2)
     (сызу қажет)                                           04.2 //

4.3. СТН (РНН)                                      04.3 ///////////

4.4. Тексерілетін субъекті басшысының фамилиясы,

     аты-жөні _____                                        05 ////

__________________________________________

5. Кәсіпкерлік саласы                                       06 //

--------------------------------------------------

6. Тексерудің түрі: жоспарлы (1), жоспардан тыс (2),       06.1 ////

   рейдтік (3), қарсы тексеру (4), арыз бойынша (5),

   комплекстік (6), басқа (7)                                

6.1. Тексеру сұрағы ___________________        07 /// ///   /// нан
                     (анықтама бойынша)           күн ай    жыл

7. Тексеру мерзімі 200__ ж. "__"___ нан "___"___ дейін   /// ///
                                                         /// дейін
                                                    күн ай    жыл
8. Тексеру 200__ ж. "__"_____ дейін ұзартылды      08 /// ///   ///
                                                    күн ай жыл
8.1. Тексеру жүргізілген жоқ (1), негіздері ______         08.1. //

9. Тексеруші органының акт нөмірі, оның

   тіркелу күні __________________________________         09 /////

10. Тексеру тағайындаған адамның фамилиясы, қызметі

__________________________________________

__________________________________________    

11. Тексеру жүргізген адамның (адамдардың) фамилиясы,

    қызметі, қойған қолы _________________

__________________________________________ 

12. Карточканы толтырған адамның фамилиясы,

    қызметі, қойған қолы

__________________________________________

__________________________________________    

     ҚСжАО қызметкерімен толтырылады                         

13. ҚСжАО органдарымен айқындалған тіркелмеген            13 //
    тексеру (1)

14. Карточканың ҚСжАО-ға түскен                     14 /// ///   ///
    күні "__"____________ 200 __ ж.                  күн ай    жыл 15.
 ҚСжАО журналы бойынша тіркеу саны N _______            15 /////
16. Карточканы қабылдаған Тіркеу органының
    қызметкерінің фамилиясы, қызметі,
    қойған қолы ____________

---------------------------------------------------
17. Басқа белгілері
---------------------------------------------------

      Ескерту: толтырылғаннан кейін карточка ресми құжаты болып табылады, оған қол қойғандар жалған мәліметтер енгізгені үшін заң тәртібінде жауапкершілікке тартылады.

      Сақталу мерзімі 2 жыл.

Кәсіпкерлік саласындағы
тексерулерді есепке алу
карточкасына қосымша
Қазақстан Республикасының
Бас прокурорының
2002 жылғы 25 сәуірдегі
N 28 бұйрығымен бекітілген

              Шаруашылық субъектілер саласындағы тексерулерді
                 есепке алу 1-П карточкасына Қосымша-талон

1. Тексеруді тағайындаған ведомствоның аталуы (анықтама бойынша)
                                                            01 ////
______________________________________________________________
2. _______________________________________________________  02 ////
  Тексеруді тағайындаған органның аталуы (анықтама бойынша)
    
3. Республикалық (1), облыстық (2), қалалық (3), аудандық
  (4)                                                       03 ///
   (керектісін сызу қажет)
---------------------------------------------------------------
4. Тексерілетін субъекттің аталуы ___________

4.1. Мекен-жайы (аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер) __________________________________________   

--------------------------------------------------

5. СТН _____________________________                  05 ///////////
6. Тексерілетін субъекті басшысының фамилиясы,
   аты-жөні _______________________________________________
7. Кәсіпкерлік саласы
8. Қадағалаушы органының тіркеу журналы бойынша
   күні және тіркеу нөмірі ____________________          08 //////

9. ҚСжАО журналы бойынша тіркеу нөмірі мен күні _____  09/// /// ///
                                                         күн ай жыл
   ____________________________________
   ____________________________________
10. Тексеру мерзімі 200 __ ж. "__"____ нан
    "__"____ дейін                                10 /// /// /// нан
                                                     күн  ай  жыл
10.1. Тексерудің аяқталу мерзімі ______________    /// /// /// дейін
                                                      күн ай жыл
10.2. Тексеру сұрағы __________________________          10.1 ////
                           (анықтама бойынша)
11. Бұзушылықтың сипаттамасы __________________
_______________________________________________
_______________________________________________
12. Тексерудің нәтижелері _____________________
_______________________________________________
_______________________________________________
13. Тексеру жүргізген адамның (адамдардың) қызметі,   13 /// /// ///
    фамилиясы, аты-жөні, қойған қолы,                   күн  ай  жыл
    жұмыс телефоны __________________
_______________________________________________
                  (қызметі мен шені)
 "__"____ 200 __ ж.

14. Талонның ҚСжАО-ға түскен күні "__"____ 200 ___    14 /// /// ///
                                                        күн  ай  жыл
15. Тіркеген қызметкерінің фамилиясы, қызметі,
    қойған қолы, жұмыс телефоны __________________
__________________________________________________
                        (қызметі мен шені)

      Ескерту: толтырылғаннан кейін талон ресми құжаты болып
               табылады, оған қол қойғандар жалған мәліметтер
               енгізгені үшін заң тәртібінде жауапкершілікке
               тартылады.

      Сақталу мерзімі 2 жыл.    

Карточкалар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне тексеру
тағайындау туралы актілерді тіркеу
ЖУРНАЛЫ

-------------------------------------------------------------------------
NN ретті!Тексеру   !Тексеруді !Тексерілетін!Қызметтің!Тексерудің!Тексеру!
тексеру !тағайында.!жүргізетін!субъекттің  !  түрі   !   түрі   !жүргізу!
туралы  !ған адам. !адамның   !аталуы,     !         !          !мезгілі!
акті мен!ның фами. !фамилиясы,!мекен-жайы, !         !          !       !
карточ. !лиясы, аты!аты-жөні, !СТТН (РНН), !         !          !       !
каны    !жөні, лауа!лауазымы, !басшысының  !         !          !       !
тіркеу  !зымы, тек.!тексеру ор!фамилиясы,  !         !          !       !
күні    !серу орган!ганның    !аты-жөні    !         !          !       !
        !ның аталуы!аталуы    !            !         !          !       !
------------------------------------------------------------------------!
   1    !     2    !     3    !     4      !    5    !     6    !    7  !
-------------------------------------------------------------------------     

таблицаның жалғасы

---------------------------------------------------------------
Тексеру!Актті тіркеу!Актті және!Талон-қо. !Тексеру жүргізілген
мерзі. !және карточ.!карточканы!сымшаны   !жоқ (негіздері)
мін    !каны тапсыру!қабылдаған!алған күні!
ұзарту !уақыты, құ. !тіркеу ор.!мен талон.!
жөнін. !жаттарды тап!ганның қыз!ды тапсыр.!
де бел.!сырған тұлға!меткерінің!ған тұлға.!
гі     !ның қолы    !қолы, қа. !ның қолы  !
(уақыт)!            !былдаған  !          !
       !            !уақыты    !          !
---------------------------------------------------------------
   8   !    9       !    10    !   11     !        12
---------------------------------------------------------------          

N 1-П формалы "Мемлекеттік органдардың тексерулер тағайындау туралы
актілерді тіркеу туралы" нысаны

------------------------------------------------------------------------
                     Барлығы Оның   Жоспарлы  Оның   Жоспардан  Оның
                             ішінде           ішінде    тыс     ішінде
                             кіші             кіші              кіші
                             кәсіп.           кәсіп.            кәсіп.
                             керлік.          керлік.           керлік.
                             тің са.          тің са.           тің са.
                             ласында          ласында           ласында
------------------------------------------------------------------------
     А            Б     1        2       3        4       5        6
------------------------------------------------------------------------
Есеп беру мерзі.  1
мінің басындағы
жүргізілмеген
тексерулер
қалдығы
------------------------------------------------------------------------
Тексерулерді      2
тағайындау
актілер саны
------------------------------------------------------------------------
Тексеруге тартыл. 3
ған шаруашылық
субъектілер
саны (тапсырыл.
ған карточкалар)
------------------------------------------------------------------------
Аяқталған тек.    4
серулер саны
(талон бар
болғанда)
------------------------------------------------------------------------
Есеп мерзімінде   5
3 реттен артық
тексерілген
субъекттер саны
------------------------------------------------------------------------
Әртүрлі себеп.   6
термен жүргізіл.
меген тексеру
тағайындаған
актілер саны
------------------------------------------------------------------------
ҚСжАО органдары   7
жүргізген тексе.
рулер нәтижесінде
айқындалған
тіркелмеген
тексерулер
тағайындау
туралы актілер
саны
------------------------------------------------------------------------

     таблицаның жалғасы
------------------------------------------------------------------------
                 Рейдтік Оның    Қарсы Оның   Арыз   Оның   Кешен. Оның
                         ішінде        ішінде бойын. ішінде дік    ішінде
                         кіші          кіші   ша     кіші          кіші
                         кәсіп.        кәсіп.        кәсіп.        кәсіп.
                         керлік.       керлік.       керлік.       керлік.
                         тің са.       тің са.       тің са.       тің са.
                         ласында       ласында       ласында       ласында
------------------------------------------------------------------------
                   7       8      9      10    11     12      13    14
------------------------------------------------------------------------
Есеп беру мерзі.  1
мінің басындағы
жүргізілмеген
тексерулер
қалдығы
------------------------------------------------------------------------ 
Тексерулерді      2
тағайындау
актілер саны
------------------------------------------------------------------------
Тексеруге тартыл. 3
ған шаруашылық
субъектілер
саны (тапсырыл.
ған карточкалар)
------------------------------------------------------------------------
Аяқталған тек.    4
серулер саны
(талон бар
болғанда)
------------------------------------------------------------------------
Есеп мерзімінде   5
3 реттен артық
тексерілген
субъекттер саны
------------------------------------------------------------------------
Әр түрлі себеп.   6
термен жүргізіл.
меген тексеру
тағайындаған
актілер саны
------------------------------------------------------------------------
ҚСжАО органдары   7
жүргізген тексе.
рулер нәтижесінде
айқындалған
тіркелмеген
тексерулер
тағайындау
туралы актілер
саны
------------------------------------------------------------------------    

     таблицаның жалғасы
---------------------------------------------
                          Басқа Оның
                                ішінде
                                кіші
                                кәсіп.
                                керлік.
                                тің са.
                                ласында
---------------------------------------------
                           15     16
---------------------------------------------
Есеп беру мерзі.  1
мінің басындағы
жүргізілмеген
тексерулер
қалдығы
------------------------------------------------------------------------
Тексерулерді      2
тағайындау
актілер саны
------------------------------------------------------------------------
Тексеруге тартыл. 3
ған шаруашылық
субъектілер
саны (тапсырыл.
ған карточкалар)
------------------------------------------------------------------------
Аяқталған тек.    4
серулер саны
(талон бар
болғанда)
------------------------------------------------------------------------
Есеп мерзімінде   5
3 реттен артық
тексерілген
субъекттер саны
------------------------------------------------------------------------
Әр түрлі себеп.   6
термен жүргізіл.
меген тексеру
тағайындаған
актілер саны
------------------------------------------------------------------------
ҚСжАО органдары   7
жүргізген тексе.
рулер нәтижесінде
айқындалған
тіркелмеген
тексерулер
тағайындау
туралы актілер
саны
------------------------------------------------------------------------

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады