-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
27. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 24 мамырдағы N 236 (тіркелген N 1881) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 73 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
V991058_
бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк функционалдық тобының 3 "Ақпараттық кеңiстiк" iшкi функциясындағы 264 "Жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық қарым-қатынастар және iшкi саясатты талдау атқарушы органы" бағдарламалар әкiмшiсi мынадай мазмұндағы 037 бағдарламамен толықтырылсын:
"037 Жергілiктi деңгейде "Қазақстан-2030" Стратегиясын насихаттау жөнiнде тәжiрибелiк және ғылыми-әдiстемелiк iс-шаралар ұйымдастыру";
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобының 5 "Қоршаған ортаны қорғау" iшкi функциясындағы 105 "Әкiм аппараты" бағдарламалар әкiмшiсi бойынша 034 "Жергiлiктi деңгейде қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруы бағдарламасындағы 030 "Облыстық (қалалық) қоршаған ортаны қорғау қоры" кiшi бағдарламасы бойынша "Қолданылу мерзiмiнiң аяқталуы" бағанындағы "01.05.02" деген сандар "01.07.02" деген сандарға ауыстырылсын.
2. Заң қызметi департаментi (Н.А. Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б.Ғ. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгізiледі.
Премьер-Министрдiң орынбасары -
Қаржы министрi