Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуi жөнiндегi Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 244 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 25 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1890. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 506 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 07.10.2015 № 506 бұйрығымен.

     Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің күшіне енуіне байланысты бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
      Қаржы министрі

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
2002 жылғы 29 мамырдағы  
N 244 бұйрығымен      
бекітілген        

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi органдарының
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуi жөнiндегi 
НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер

      1. Қаржы министрлiгi органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мiндеттерi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды алдын алу және олардың жолын кесу, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады. 

      2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі жүргізу жөнiндегi осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қаржы министрлiгi органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуді анықтау және қарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргiзуді ұйымдастыру жөнiндегi қызметiн, оларды қарау, орындау, шағымдану, сондай-ақ ic жүргізу мен қабылданған шешiмнiң негіздiлігiн бақылау мерзiмiн реттейдi. 

      3. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Әкімшілiк құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрi - Кодекс) сәйкес әзірленді. 

      4. Қаржы министрлiгiнiң органдары Кодекстiң 167172176 (екiншi бөлiмiнде), 177178179183-188203204-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасайды. 

      5. Қаржы министрлiгiнiң органдары Кодекстің 167, 176 (екiншi бөлiмiнде), 177, 178, 185-187, 204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істi қарайды. 

      6. Қаржы министрлiгі органдарының лауазымды тұлғаларының әкiмшiлiк істі жүргізуді жүзеге асыру кезiнде әкiмшiлiк істi жүргізу жөнiндегі құжаттамаларына сiлтемелер тек Кодекстiң нормаларына жүргiзiледi. 

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
және әкiмшiлiк жауаптылық 

      7. Кодексте әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн жеке тұлғаның құқығына қайшы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекетi не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның әрекетi не құқыққа қайшы әрекетi немесе әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып танылады. 
      Осы Нұсқаулықтың 4-тармағында санамаланған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық, егер бұл құқық бұзушылық өзiнiң сипаты жағынан заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмаса, басталады. 

      8. Мыналар: 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған уақытта он алты жасқа толған жеке жауап беруге қабiлеттi тұлға; 
      2) заңды тұлға әкiмшiлiк жауапқа тартылады. 

      9. Лауазымды тұлға қызметтiк мiндеттерiн орындамауға немесе тиiсiнше орындауға байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау жағдайы кезiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады. Мұндай жағдай болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаушы кiнәлi лауазымды тұлға жалпы негiздерде жауапқа тартылады. 
      Заңды тұлға бiлiмiнсiз кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азамат (бұдан әрi - жеке кәсiпкер) тең дәрежеде ұйымдастыру-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн орындауға байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаушы мемлекеттiк органдар немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару ұйымдары болып табылмайтын, басқару функциясын орындайтын басшылар, басқа қызметкерлер лауазымды тұлғалар сияқты әкiмшiлiк жауап бередi. 
      Ескерту. Лауазымды тұлғалар тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функциясын жүзеге асыратын (яғни заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiң немесе оның органының атынан заңи мәндi кесiмдердi шығару құқығы немесе басқарушылық өкiлеттiктерi бар, оларға қызметтiк бағынысты тұлғаларға қатысты) не Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарында, жергiлiктi басқару органдарында, сондай-ақ Қарулы күштерiнде, басқа әскерлерде және әскери құрамаларда ұйымдастыру-өкiмдiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларын орындайтын тұлғалар болып танылады. 

      10. Кодекстiң 38-43-баптарында көзделген жағдайларда iс-әрекет жасаған тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды. 

      11. Тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған күнiнен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.
      Ұзартылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық кезiнде тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық мәлiмделген күнiнен бастап екi ай өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға жатпайды.

3. Әкiмшiлiк жаза қолдану және
әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

      12. Әкiмшiлiк өндiрiп алу әкiмшiлiк құқық бұзғаны үшiн оған заңда уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды тұлғалар) қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және Кодексте көзделген осындай тәртiп бұзған тұлғаның құқығынан айыру немесе оны шектеуге негiзделген.

      13. Әкiмшiлiк құқық бұзғаны үшiн жеке тұлғаға мынадай әкiмшiлiк жаза:
      1) ескерту;
      2) әкiмшiлiк айыппұл салу қолданылатын болады.
      Заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзғаны үшiн жоғарыда санамаланған әкiмшiлiк жаза қолдану, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн тоқтату немесе оған тыйым салу қолданылатын болады. 

      14. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi - айыппұл) әкiмшiлiк жаза қолдану сәтiне қолданыстағы заңнамалық кесiмге сәйкес белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр санына сәйкес көлемде Кодекстiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзғаны үшiн салынатын ақшалай өндiрiп алу. 
      Кодекстiң 2-бөлiмiнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда айыппұлдың мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген салықтық мiндеттемелердiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын бұза отырып, жүргiзiлген операциялардың сомасының проценттерiнде көзделедi. 

      15. Айыппұл мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне заңнамада белгiленген тәртiппен өндiрiп алынады. 
      Бiр тұлға екi немесе одан көп әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған кезде әкiмшiлiк жаза әрбiр құқық бұзушылыққа жеке қолданылады.
      Егер тұлға бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаса, оны бiр судья, орган (лауазымды тұлға) қараса, осы тұлғаға бiр түрдегi өндiрiп алу салынған жағдайда, өндiрiп алудың түпкiлiктi мөлшерi өндiрiп алудың осы түрi үшiн Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғары шектен аспайды. 

      16. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданған тұлға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жыл iшiнде осы жазаға тартылған болып саналады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану мерзiмiнiң ағымы егер Кодекстiң 69-бабының бiрiншi және үшiншi бөлiмдерiнде көрсетiлген мерзiмдер өткенге дейiн тұлға жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаса, үзiледi. 
      Бұл жағдайларда мерзiмдi есептеу жаңа әкiмшiлiк құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап басталады. 

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
iстi қарауға уәкiлеттi органдар

      17. Қаржы министрлiгi органдарының лауазымды тұлғалары Кодекстiң 571-бабына сәйкес iстi қарайды және мынадай әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолданады: 
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы  заңнамасынбұзу; 
      2) егер бұл iс-әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрмесе, мемлекеттiк мақсатты несиенi не мемлекеттiң кепiлдiгiмен берiлген несиенi тура мақсатқа пайдаланбау; 
      3) бюджет қаражатын уақытылы есептемеу немесе мақсатына сай пайдаланбау және (немесе) бұл қаражатты бекiтiлген сметадан тыс жұмсау туралы мiндеттеме қабылдау; 
      4) уәкiлеттi лауазымды тұлғаның бухгалтерлiк есептi жүргiзуден жалтаруы не бухгалтерлiк есептiң бекiтiлген стандарттарын және Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiнiң шоттарының бас жоспарын сақтамау түрiнде жасалған бухгалтерлiк есеп туралы  заңнаманыбұзу, бұрмаланған қаржылық есептiлiктi жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетуге жататын мәлiметтердi жасыру, iрi залал келтiрмейтiн қаржылық және өзге есепке алу құжаттарын жою; 
      5) тексерiлетiн тұлғаның аудиттi жүргiзу барысында тексерушi тұлғаның аудиторға (аудиторлық ұйымға) жалған аудиторлық қорытынды жасауға әкелетiн жалған немесе толық емес ақпаратты беру; 
      6) мiндеттi аудитті жүргiзуден жалтару немесе оны жүргiзуге қайшы келтiру; 
      7) қылмыстық жазаланылатын iс-әрекеттiң белгiлерi болмаған кезде ұйымның лауазымды тұлғасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы уәкiлеттi банкiнiң шоттарына мiндеттi аударуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармауы; 
      8) мемлекеттiк мекеменiң немесе шұғыл басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды тұлғаларының мемлекеттiк бюджеттің қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау жөнiндегi заңсыз iс-әрекеттерi. 

      18. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар iстi қарауға және көрсетiлген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдануға құқығы бар лауазымды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары жатады. 

      19. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, қажет болған кезде өндiрiсте мемлекеттiк тiлмен қатар орыс тiлi мен басқа тiлдер қолданылады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлетті лауазымды тұлға өз қаулысымен қаралатын iс бойынша iс жүргiзу тiлiн анықтайды. 
      Iс жөнiнде өндiрiс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлмейтiн немесе жеткiлiктi бiлмейтiн iске қатысушы тұлғаларға өтiнiш жасау, түсiнiктеме мен мәлiмдеме беру, өтiнiш жасау, арыз әкелу, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде ана тiлiнде немесе ол бiлетiн басқа тiлде аудармашының қызметiн ақысыз пайдалану құқығы қамтамасыз етiледi. 

      20. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жасалған орны бойынша қаралады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындалу кезiнде лауазымды тұлға мынадай мәселелердi: 
      1) оның құзыретiне осы iстi қарау қатысты ма; 
      2) осы iстi лауазымды тұлғаның қарау мүмкiндiгiн жоққа шығаратын жағдайлар бар ма; 
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама және Кодексте көзделген басқа хаттамалар дұрыс жасалған ба, iстiң өзге материалдары дұрыс ресiмделген бе; 
      4) iс бойынша жауапкершiлiктi жоққа шығаратын, сондай тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдануға мүмкiндiк беретiн жағдайлар бар ма; 
      5) өтiнiштер мен қарсы болулар бар ма; 
      6) Кодекстiң 584-588-баптарында көрсетiлген тұлғалар iстi қарау орны және уақыты туралы хабардар етiлген бе, соны анықтайды. 
      21. Қарауына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс берiлген лауазымды тұлға осы iстi мынадай жағдайларда, егер бұл тұлға: 
      1) жауапқа тартылған тұлғаның немесе жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлдерiнiң, қорғаушының немесе өкiлдiң туысы болып табылса; 
      2) жеке, тiкелей немесе жанама iстi шешуге мүдделi болса iстi қарай алмайды. 
      Осы Нұсқаулықтың осы тармағында көзделген жағдайлар болған кезде лауазымды тұлға бас тартуға мiндеттi. 
      Нұсқаулықтың көрсетiлген тармағында көзделген мән-жайлар болған кезде оған қатысты iс жүргiзiлiп отырған тұлға, жәбiрленушi, жеке және заңды тұлғаның заңды өкiлдерi, қорғаушы және өкiл, прокурор сотқа, алқалық органның мүшесiне, лауазымды тұлғаға қарсылық бiлдiрудi мәлiмдеуге құқылы. 
      Бас тарту, қарсы болу туралы өтiнiш жоғары тұрған лауазымды тұлғаға берiледi, оны түскен күнiнен бастап бiр күн iшiнде қарайды және қараудың нәтижелерi бойынша өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандыруға бас тарту туралы анықтауды шығарады. 

      22. Лауазымды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға дайындалу кезiнде мынадай: 
      1) iстi қарайтын уақыт пен орынды тағайындау туралы; 
      2) iс бойынша адамдарды шақыру, қажетті қосымша материалдарды талап ету туралы. Қажет болған жағдайда лауазымды тұлға сараптаманы тағайындауға да құқылы; 
      3) iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы; 
      4) құқығы жоқ адамдар хаттама жасаған және iстiң басқа материалдарын ресiмдеген, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген не берiлген материалдар толық болмаған, iстi қарау кезiнде оны толықтыру мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын хаттама жасаған органға керi қайтару туралы; 
      5) егер бұл iстi қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса не лауазымды адамнан бас тарту туралы ұйғарым шығарылса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа материалдарын ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға беру туралы; 
      6) Кодекстiң 642-бабына сәйкес iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы; 
      7) Кодекстiң 580-581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде iс жүргiзудi қысқарту туралы шешiм қабылдайды. 
      Нұсқаулықтың осы тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген шешiмдер ұйғарым түрiнде шығарылады. 
      Осы Нұсқаулықтың осы тармағының 7) тармақшасында көзделген шешiм қаулы түрiнде шығарылады. 
      Iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм: iстi қарайтын лауазымды тұлғаның өзiнен бас тартуы немесе қарсы болу туралы өтiнiшiне, егер оның қарсы болуы шын мәнiнде көрсетiлген iстi қарауға бөгет келтiрсе; уәкiлеттi өкiлдiң қарсы болуымен; егер көрсетiлген қарсы болу сарапшының немесе аудармашының шын мәнiнде iстi қарауға бөгет келтiрсе; iстi қарауға қатысушы тұлғалардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап етiлуi қажеттілiгiне байланысты енгiзiледi. 

      23. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер iстi қарауға құқығы бар орган (лауазымды тұлға) iстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және басқа материалдарды алған күннен бастап он бес күн мерзiмде қаралады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс жүргiзуге қатысушылардан iс бойынша қолдаухаттар түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстiң қаралу мерзiмiн iстi қараушы лауазымды тұлға ұзартуы мүмкiн, бiрақ бiр айдан аспайды. 

      24. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауды бастағаннан кейiн лауазымды тұлға: 
      1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және Кодекстiң қандай бабының негiзiнде жауапқа тартылатынын хабарлайды; 
      2) әкiмшiлiк жауапқа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлетiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысушы өзге де тұлғалардың келгенiне көз жеткiзу; 
      3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлдерiнiң, қорғаушысының және уәкiлеттi өкiлдiң өкiлеттiктерiн анықтайды; 
      4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған тұлғалар болмаған кезде iс қарау туралы не іс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды; 
      5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды; 
      6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi; 
      7) мәлiмделген бас тартуларды және қолдау хаттарды шешедi; 
      8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда iстiң өзге де материалдарын жария етедi; 
      9) мыналарға: 
      егер, оның бас тартуы iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, iстi қараушы лауазымды тұлғаның өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту туралы өтiнiшке; 
      егер, көрсетiлген бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сараптамашыдан немесе аудармашыдан бас тартуға; 
      iстi қарауға қатысушы тұлғалардың келу немесе iс бойынша қосымша материалдарды талап ету қажеттiлiгiне байланысты iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда лауазымды тұлға сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады; 
      10) Кодекстiң 646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарау үшiн iстi беру туралы анықтама енгiзедi. 
      Лауазымды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауды бастағаннан кейiн, iс бойынша өздерi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысушы басқа тұлғалардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдер зерттеледi, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысы тыңдалады. 

      25. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай отырып, лауазымды тұлға мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:
      1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы (1-қосымша);
      2) iс жүргiзудi қысқарту туралы (2-қосымша);
      3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы лауазымды тұлғаға беру туралы.

      26. Ic жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:
      1) Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;
      2) Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
      3) Кодекстiң 35-бабына сәйкес тұлғаны тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.
      27. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыда:
      1) қаулы шығарған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегi және аты-жөнi;
      2) iстiң қаралған күнi мен орны;
      3) өзiне қатысты ic қаралған тұлға туралы мәлiметтер;
      4) Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;
      5) iстi қарау кезiнде анықталатын мән-жайлар;
      6) iс бойынша шешiм;
      7) қаулыға шағым беру тәртiбi және мерзiмi көрсетiлуi тиiс.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы дәлелдi болуы тиiс.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыға қаулы шығарған лауазымды тұлға қол қояды. 

      28. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.
      Қаулының көшiрмесi өздерiне арнап шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Көрсетiлген тұлғалар болмаған жағдайда, қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. 

      29. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулыны Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде мүдделi тұлға шағымдай, сондай-ақ прокурор наразылық бере алады.

      30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көрсетiлген облыстар мен Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi, орталық атқарушы органдардың басшылары жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн істердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқығы бар. 
      Осы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды облыстар мен Алматы және Астана қалалары әкiмдерiнiң орынбасарлары, орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары, ведомстволардың басшылары жасаған жағдайда iстердi қарауға және жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитеттің төрағасы және оның орынбасарлары құқылы. 
      Қаржы бақылау комитетi, Қазынашылық комитетi, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетi орталық аппаратының қызметкерлерi осы Нұсқаулықтың 17-тармағында көрсетiлген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды айқындаған жағдайда iстердi қарауға және жазалар қолдануға Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы және оның орынбасарлары, Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитеттiң төрағасы және оның орынбасарлары да (167-бап бойынша), Қаржы бақылау комитетi аумақтық органдарының басшылары да құқылы. 
      Барлық қалған жағдайларда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетi аумақтық органдарының орынбасарлары iстердi қарайды және жаза қолданады.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер қозғау 

      31. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың себептерi: 
      1) уәкiлеттi лауазымды тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактiлерiн тiкелей анықтауы; 
      2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, өзiн өзi басқару органдарынан түскен материалдар; 
      3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары және өтiнiштерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар болып табылады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың нышанына көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны туралы хаттаманы жасаған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған сәттен бастап қозғалған болып саналады. 

      32. Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы (3-қосымша) оған уәкiлеттi лауазымды тұлға жасайды. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау құқығы мынадай лауазымды тұлғаларға берiледi: 
      Кодекстiң 172176 (екiншi бөлiгi), 177178185-188203204-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар айқындалған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң және оның аумақтық органдарының - Басқарма басшыларына, олардың орынбасарларына, бөлiм бастықтарына, бас мамандарға - бас бақылаушы-тексерушiлерге, жетекшi мамандарға - жетекшi бақылаушы-тексерушiлерге; 
      Кодекстiң 167-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар айқындалған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетiнiң - Басқарма басшыларына, олардың орынбасарларына, бөлiм бастықтарына, бас және жетекшi мамандарға; 
      Кодекстiң 178-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар айқындалған кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi және оның аумақтық органдарының - Басқарма басшыларына, олардың орынбасарларына, бөлiм бастықтарына, бас және жетекшi қазынашыларына; 
      Кодекстiң 179183184188-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар айқындалған кезде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiснамасы департаментiнiң - Басқарма басшыларына, олардың орынбасарларына, бөлiм бастықтарына, бас және жетекшi мамандарына. 

      33. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оны жасаған күнi және орыны, хаттаманы жасаған тұлғаның лауазымы, тегi және аты-жөнi; оған қатысты iс қозғалған тұлға туралы мәлiметтер; жасалған орыны, уақыты және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мәнi; осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейтiн Кодекстiң жалпы бөлiмiнiң бабы; егер олар бар болса, куәгерлер мен жәбiрленушiлердiң тегi, аттары, әкесiнiң аты, мекен-жайлары; оған қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiндiруi; метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдардың көрсетулерi, егер олар әкiмшiлiк құқық бұзушылықты айқындау және бекiту кезiнде пайдаланылса; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың Кодексте көзделген құқықтары және мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамаға белгi жасайды. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған тұлға және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға қол қояды. Жәбiрленушiлер және куәгерлер болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан кезде, хаттамаға сол сияқты осы тұлғалар қол қояды. 
      Жеке тұлғаға немесе оларға қатысты iс қозғалған заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысу мүмкiндiгi берiлуi тиiс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса берiледi. Осы тұлғалар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда онда тиiстi жазба жасалады. 
      Оларға қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн оның көшiрмесi алған қол қойылып дереу берiледi. 

      34. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi айқындалғаннан кейiн дереу жасалады. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық мән-жайларын немесе оларға қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтер және заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушылық анықталған сәттен бастап үш тәулiктiң iшiнде жасалады. 

      35. Құқық бұзушылық туралы хаттама сотта қарау үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды тұлғаға) бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. 

      36. Хаттаманы құқығы жоқ тұлға жасаған, хаттама дұрыс жасалмаған және iстiң басқа материалдары дұрыс ресiмделмеген жағдайларда, сондай-ақ Кодекстiң 646-бабының 4) тармақшасында көзделген өзге де жағдайларда, хаттаманың және басқа материалдардың кемшiлiктерi оларды әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы орган (лауазымды тұлға) оларды соттан алған күннен бастап үш тәулiктен аспайтын мерзiмде жойылады. Түзетiлген хаттама және iстiң басқа да материалдары оларға енгiзiлген өзгерiстермен бiрге әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қараушы судьяға, органға (лауазымды тұлғаға) кемшiлiктерi жойылған күннен бастап бiр тәулiк iшiнде қайта жiберiледi. 

      37. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу Кодекстiң 33-35-тарауларында көзделген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады.

6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындау 

      38. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iс бойынша қаулы: 
      1) егер ол шағымдалмаған немесе наразылық бiлдiрiлмеген болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iс бойынша қаулыны шағымдау үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн; 
      2) шағым, наразылық бойынша анықтама шығарылғаннан, сондай-ақ Кодекстiң 664-бабында көзделмеген жағдайда, қаулы шығарылғаннан кейiн дереу заңды күшiне енедi. 
      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген сәтiнен бастап атқаруға жатады. 

      39. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын жүзеге асыру қаулыны шығарған лауазымды тұлғаға жүктеледi. 
      Қаулы заң күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде оны орындауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды тұлғаға) жiберiледi.

      40. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны Кодексте белгiленген тәртiппен соған уәкiлеттiк берiлген органдар орындайды. 

      41. Айыппұлды әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап не Кодекстiң 701-бабында көзделген мерзiмiн ұзарту өткен күннен бастап отыз тәулiктен кешiктiрмей әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға төлеуi тиiс. 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салынатын айыппұлды жеке тұлға енгiзедi немесе белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджетке заңды тұлға аударады. 

      42. Осы Нұсқаулықтың 41-тармағында белгiленген мерзiм өткенде өз еркiмен атқару үшiн айыппұл салу туралы қаулыны оны Кодексте көзделген тәртiппен қарау үшiн әкiмшiлiк жаза қолданған орган (лауазымды тұлға) сотқа жiбередi. 

      43. Мәжбүрлi айыппұл өндiрiп алу туралы қаулыны оның жалақысынан немесе өзге кiрiстерiнен мәжбүрлi тәртiппен айыппұл сомасын ұстап қалу үшiн жауаптылыққа тартылған тұлға жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйым әкiмшiлiгiнiң соты жiбередi. Айыппұлды ұстап қалу алты айдан аспайтын мерзiмде жүргiзiледi. Айыппұл салудың кезектiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi. 

      44. Жауаптылыққа тартылған тұлға жұмыстан босатылған жағдайда не оның жалақысына немесе өзге де кiрiстерiне айыппұл салу мүмкiн еместiгiн ұйым әкiмшiлiгi босатылған немесе жаза қолданудың мүмкiн еместiгiне әкеп соқтыратын оқиғалар басталған күннен бастап он күндiк мерзiмде қаулыны шығарған сотқа айыппұл салу туралы қаулыны жауаптылыққа тартылған тұлғаның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса) көрсете отырып, жаза қолданудың мүмкiн емес себептерiн, сондай-ақ жүргiзiлген ұстап қалу туралы белгiсiмен (егер мұндайлар жүргiзiлсе) қайтарады. 

      45. Егер айыпқа тартылған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе жалақыдан немесе өзге де кiрiстерiнен айыппұл салу басқа да себептер бойынша мүмкiн емес болса, қаулыны шығарған сот айыппұл салу туралы қаулыны заңнамада көзделген тәртiппен мәжбүрлi атқару үшiн сот атқарушысына жiбередi. 

      46. Ол бойынша айыппұл өндiрiп алу атқару туралы белгiмен толық жүргiзiлген айыппұл салу туралы қаулы қаулыны шығарған органға (лауазымдық тұлғаға) қайтарылады. 

7. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстер бойынша iс қағаздарын жүргiзу 

      47. Айыппұл түрiнде сомаларын көрсете отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiнде шығарылған нұсқамаларды, хаттамаларды, кесiмдердi, қаулыларды есепке алу журналдары, әкiмшiлiк жаза қолдануларды есепке алу журналдары жауапты тұлғада сақталуы тиiс және жiппен қайымдалған, нөмiрленген және сол органның мөрiмен бекiтiлген болуы тиiс. 

      48. Хаттамаларды, қаулыларды жоғалтқан жағдайда кесiм жасалады. Көрсетiлген құжаттардың жоғалуына кiнәлi тұлғалар тәртiптiк жауапқа тартылады.

8. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстердiң жүргiзiлуiне бақылауды ұйымдастыру

      49. Іс қағаздарын жүргiзу мен есеп жүргiзудiң жай-күйiне жауаптылық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тиiстi органының басшысына жүктеледi. 

      50. Іс қағаздары мен есеп жүргiзудiң жай-күйiне бақылауды жетекшiлiк ететiн Қаржы вице-министрлерi, Қаржы министрлiгi Қаржы бақылау комитетiнiң төрағасы, Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетiнiң төрағасы жүзеге асырады.

      51. Қаржы министрлiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi аумақтық органдарда жоспарлы тексерудi жүзеге асырады. 

      52. Тексеру барысында мынадай мәселелер:
      тексерулер мен басқа да құжаттардың нәтижелерi туралы хаттамалардың, анықтамалардың жасалу дұрыстығы;
      қатаң есептiлiк құжаттарын сақтау, есепке алу және беру жағдайы;
      шағымдар және өтiнiштермен жұмыстардың жағдайы зерделеуге жатады. 

      53. Жұмыста жiберiлген қателер мен кемшiлiктер айқындалған жағдайда оларды жою туралы шаралар қолданылады.

1-қосымша   

                   Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
                                  ХАТТАМА

200_ ж._____________               ________________________________
       (айы, күні)                     (хаттаманың жасалу орны)

___________________________________________________________________
                    (қаржы бақылау органының атауы)
___________________________________________________ тексеру кезiнде
             (заңды, жеке тұлғаның атауы)
________________________________________________________ анықталды.
(әкiмшiлік құқық бұзушылықтың орны, жасалу уақыты және мәнi)
___________________________________________________________________
(тегі, аты-жөнi, лауазымы, жұмыс орны, мекен-жайы, тұрған жері) 

қатысты іс қозғалатын тұлға туралы мәлiмет.
      Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргізiлетін
тұлғаға Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы
Кодексiнiң 584-бабында көзделген оның құқықтары мен мiндеттемелерi
түсіндірілдi.
___________________________________________________________________
                        (Кодекс бабының атауы)
___________________________________________________________________
     (куәлар мен жәбірленушілердiң тегi, аты-жөнi, мекен-жайы)

осы құқық бұзушылыққа жауаптылықты көздейтiн Әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң бабы
     Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның
заңды өкілінiң түсiндiрмесi: ______________________________________
___________________________________________________________________
     Өзге де мәлiметтер ___________________________________________
___________________________________________________________________
  (хаттаманы жасаған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні және қолы)
___________________________________________________________________
      (оған қатысты іс қозғалған тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)

2-қосымша    

                    Әкiмшілік жаза қолдану туралы
                            N  ХАТТАМА

200_ ж._____________                _______________________________
        (айы, күні)                      (iстiң қаралған орны)

___________________________________________________________________
      (қаулыны шығарған лауазымдық тұлғаның тегi, аты-жөнi)
___________________________________________________________________
  (оған қатысты iс қозғалатын тұлғаның тегi, аты-жөнi, лауазымы,
                       жұмыс және тұрған орны)

әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай отырып
_____________________________________________________ қызмет ететiн
                  (лауазымы, жұмыс орны)
_________________________________________________________ анықтады.
   (ic қаралатын кезде белгіленген тәртiп бұзудың мәнi
                және жағдайды баяндау)

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 
___________________________________________________________________
  (әкiмшілiк құқық бұзушылық үшiн жауапшылықты көздейтiн баптардың
                                    атауы)
баптарын басшылыққа ала отырып

                              ҚАУЛЫ ЕТТІ
_______________________________________________________ сомасындағы

айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жазаға тартылсын.
___________________________________________________________________
        (оған қатысты iс қозғалатын тұлғаның тегi, аты-жөнi)

      Айыппұл отыз күндiк мерзiмде төлеуге жатады.
___________________________________________________________________
       (қаулы шығарған лауазымды тұлғаның тегi, аты-жөнi,
                        лауазымы және қолы)
______________________________________________________ қаулыны алды
(оған қатысты шығарылған тұлғаның тегi, аты-жөнi, және қолы)

200_ жыл _________________
           (күнi, айы)

                          N  ҚАУЛЫНЫҢ ТYБIРТЕГI
___________________________________________________________________
  (оған қатысты iс қозғалған тұлғаның тегi, аты-жөнi, лауазымы,
                         жұмыс орыны)
___________________________________________________________________
      (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы қабылданған күн)
___________________________________________________________________
      (айыппұл төлеу туралы белгi, түбiртектiң нөмiрi мен күнi)
___________________________________________________________________
  (оны отыз күн мерзiмде төлемеген жағдайда айыппұл салу жөнiнде
     қабылданған шаралар; жаза қолдану жөнiнде шаралар қолдану
       кезiндегi бюджетке айыппұл аудару туралы белгi, төлем
                    тапсырмасының нөмiрi және күнi)

      Ескерту: Барлық материалдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс-қағазында 3 жыл бойы сақталады.
      Қаулы жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе облыстық (қалалық) сотқа қаулы көшiрмесiн алған күннен бастап 10 күннiң ішінде шағымдалуы мүмкiн.

3-қосымша   

                        Іс жүргiзудi тоқтату туралы
                                N  ХАТТАМА

200_ ж._____________                _______________________________
       (айы, күні)                       (iстiң қаралған орны)

___________________________________________________________________
        (қаулыны шығарған лауазымды тұлғаның тегi, аты-жөнi)
___________________________________________________________________
(оған қатысты iс қозғалатын тұлғаның тегi, аты-жөнi, лауазымы,
                    жұмыс және тұрған орны)

әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарай отырып
_____________________________________________________ қызмет ететiн
                  (лауазымы, жұмыс орны)
_________________________________________________________ анықтады.
    (ic қаралатын кезде белгіленген тәртiп бұзудың мәнi
                   және жағдайды баяндау)

                              ҚАУЛЫ ЕТТІ

___________________________________________________________________
(Әкiмшілiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 
___________________________________________________________________
баптарында көзделген іс жүргізуді тоқтататын жағдайлар)
___________________________________________________________________
    (қаулы шығарған лауазымды тұлғаның тегi, аты-жөнi, лауазымы
                              және қолы)

негізінде іс жүргізу тоқтатылсын.
_____________________________________________________ қаулыны алды 
(оған қатысты шығарылған тұлғаның тегi, аты-жөнi, және қолы)

200_ жыл _________________
            (күнi, айы)

      Ескерту: Барлық материалдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қағазында 3 жыл бойы сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады