Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери бөлiмдерi мен мекемелерiнiң жұмысшыларына еңбек сiңiрген жылдары үшін пайыздық үстемеақы белгiлеудiң тәртiбi туралы ережелердi қолданысқа енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі N 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1892. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 205 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010.05.24 N 205 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 P020041_ қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің қызметкерлерiне жалақы төлеудi ретке келтiру үшiн
                                БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери бөлiмдерi мен мекемелерiнің жұмысшыларына еңбек сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы белгiлеудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, мекемелер бастықтары Ережелердiң 7-тармағына сәйкес жұмысшыларға еңбек сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы белгiлеу жөнiндегi комиссия құрсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген сәттен бастап қолданысқа

 

енгiзiледi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынасқа

таратылады.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс

министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

     5. Бұйрық жекелеген әскери бөлімдерге дейін жеткізілсін.

     Генерал-полковник


               КЕЛІСІЛДІ                             БЕКІТІЛДІ

       Қазақстан Республикасының               Қазақстан Республикасы

     Еңбек және халықты әлеуметтік              Қорғаныс министрінің

         қорғау вице-министрі                   2002 ж. 23 сәуірдегі

           2002 ж. 3 маусым                        N 177 бұйрығы


              Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери

              бөлiмдерi мен мекемелерiнің жұмысшыларына еңбек

            сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы белгiлеудiң

                                тәртiбi туралы

                                    ереже

                              1. Жалпы ережелер


 
       1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери бөлiмдерi мен мекемелерiнiң (бұдан әрi әскери бөлiмдер) жұмысшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери бөлiмдерiнде жұмыс iстегенi үшiн пайыздық үстемеақы төлеу белгiленген. Осы Ережелерде көзделген жағдайларда, ол үшiн пайыздық үстемеақы төленетiн жұмыс стажына, әскери бөлiмдердегi жұмысымен қатар, басқа кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеген кезеңдерi, сондай-ақ осы Ережелердiң тиiстi тармақтарында мазмұндалған өзге қызмет кезеңдерi енгiзiледi.
      Осы Ереже Қарулы Күштерде жұмыс iстегенi үшiн жұмысшыларға пайыздық үстемеақы алуға құқық беретін жұмыс стажын есептеу кезiнде қолданылады.
      2. Қарулы күштерде жұмыс iстегенi үшiн пайыздық үстемеақы жұмысшылардың негiзгi лауазымы бойынша лауазымдық жалақыларына (ставкаларына), төмендегідей еңбек сіңiрген жылдары үшiн мынадай мөлшерде ай сайын төленедi:
      3 жылдан жоғары - 10 пайыз;
      5-жылдан жоғары - 15 пайыз;
      10 жылан жоғары - 20 пайыз;
      15 жылдан жоғары - 30 пайыз;
      20 жылдан жоғары - 40 пайыз.
      3. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы:
      1) кесiмдi ақыдағы жұмысшыларға - ақы төлеудің тиiстi разрядтары бойынша белгiленген тарифтiк ставкалардан (кесiмдi жалақыдан емес), кесiмдi еңбекақы төлеудің белгiленген тәртiбiне көшiрiлген басқа қызметкерлерге, - осы қызметкерлерге штатқа және штаттық кестеге сәйкес белгiленген лауазымдық жалақылардан;
      2) жоғарыдағыдай ақы төленетiн лауазымдарды уақытша алмастыруға белгiленген тәртiппен жiберiлген жұмысшыларға, - негiзгi лауазымдағы жалақысына қарай есептеледi.
      4. Маусымдық жұмыстармен айналысатын уақытша жұмысшыларға еңбек сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы төленбейдi.
 
       2. Қарулы Күштерде жұмыс iстегенi үшiн жұмысшыларға пайыздық
             үстемеақы алу құқығын беретiн жұмыс стажын есептеу
 
      5. Қарулы Күштерде жұмыс iстегенi үшін пайыздық үстемеақы алу құқығын беретiн жұмыс стажына, жұмысшылардың осы әскери бөлiмде жұмыс iстеген барлық уақыты кiредi.
      6. Қарулы Күштерде жұмыс iстегенi үшiн пайыздық үстемеақы алу құқығын беретiн жұмыс стажына, сондай-ақ:
      1) басқа әскери бөлімдерде, соның iшiнде бұрынғы КСРО-ның әскери бөлiмдерiнде жұмыс iстеген;
      2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердің, мичмандардың, Қарулы Күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердің (келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлердiң), Қарулы Күштердегi әскери қызметшi - әйелдердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс басқармалары органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде және Республикалық ұланда мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
      3) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі iстер органдары жүйесiнде қызмет өткерген, прокуратура органдарында қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген;
      4) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы КСР Одағының соттарында, прокуратурасында, ішкі iстер органдарында, КСРО-ның мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген;
      5) заңдарға сәйкес берiлетiн жүктiлiгi мен тууы бойынша демалыс, сондай-ақ баланың күтiмi жөнiндегi жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс;
      6) егер шетелге жiберер алдында қызметкер Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiнде жұмыс iстеген болса және көшу уақытын есептемегенде, шетелден қайтып келген күнiнен бастап екi айдың iшiнде мемлекеттiк мекемеге қызметке тұрса, шетелде жұмыс iстеген;
      7) егер қызметкер курсқа түскенге дейiн Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiнде, мекемелерiнде, кәсiпорындары мен ұйымдарында жұмыс iстесе және оны бiтiрген соң осы ұйымдарға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру курстарында мемлекеттiк органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзiп оқыған;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi мамандығымен ұқсас мамандықтағы лауазыммен ұйымдарда жұмыс iстеген;
      9) заңсыз босатылған жағдайда мәжбүрлi қалу уақыты кiредi.
      Мамандықтары бойынша жұмыс стажын анықтау үшiн қызметкерлердiң жекелеген санаттары бойынша штатта көрсетiлген "есепке алынған мамандық" (ЕМ) деген бағанды басшылыққа алу қажет.
 
                     3. Жұмыс стажын белгiлеу тәртiбi
 
      7. Қарулы Күштерде жұмыс iстегенi үшін жұмысшыларға пайыздық үстеме ақы алу құқығын беретiн жұмыс стажын, командирлерiнiң қызметкерлердi жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға құқығы бар әскери бөлiмдерде құрылатын жұмыс стажын белгiлеу жөнiндегi комиссия белгiлейдi.
      Комиссия құрамында әскери бөлiм командирiнiң орынбасары-комиссия төрағасы және мүшелерi: қаржы органының бастығы (бас бухгалтер), кадрлар бөлiмiнiң бастығы немесе кадрлар жұмысымен шұғылданатын басқа адам және сайланбалы кәсiподақ органының төрағасы бар әскери бөлiм (мекеме) командирiнiң бұйрығымен құрылады.
      8. Мамандығы бойынша жұмыс стажын анықтау үшiн еңбек кiтапшасы (ол болған жағдайда) немесе жеке еңбек шарты не қабылдау және босату туралы бұйрықтан көшiрме, iстеген қызметiнiң тiзiмi, ал әскери қызметтен босаған азаматтар үшiн - әскери билет немесе жұмыс (қызмет) стажын растайтын басқа құжат негiзгi құжат болып табылады.
      9. Жұмыс iстеген кезеңдер туралы қажеттi жазбалар жоқ не жазбалар дұрыс емес немесе дәл емес жағдайларда, жұмыс стажын растауға анықтамалар, жеке шоттар мен жалақы беруге арналған ведомосттар, жұмыстар мен қызметтер кезеңдерi туралы мәлiметтер бар, заңдарда көзделген және өзге құжаттар қабылданады. Мамандығы бойынша жұмыс стажын куәгерлермен айғақтау заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Анықтама жеке құрамды есепке алу жөнiндегi құжаттарды стажды растайтын және басқа құжаттардың негізінде беріледі. Әскери бөлiмдердiң командирлерi анықтамаға қол қойған кезде, соның негiзiнде анықтама берiлетiн құжаттармен тiкелей танысуға мiндеттi.
      10. Комиссияның жұмысы мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
      1) стажы белгiленетiн қызметкер отырысқа шақырылады;
      2) еңбек кiтапшасы, әскери билет, анықтамалар және басқа құжаттар тексерiледi. Бұл құжаттар хаттамада көрсетiледi;
      3) жұмыс стажы белгiленедi, жұмыс стажына кiруге тиiстi кезеңдер, аталған адамның осы кезеңдерде кім болып және қай әскери бөлiмдерде (мекемелерде, кәсiпорындарда, ұйымдарда) жұмыс iстегенi айқындалады.
      Осы тәртiпке сәйкес есептелетiн жұмыс стажы күнтiзбелiк есептеуде ескерiледi.
      Комиссияның жұмыс стажын белгiлеу туралы шешiмi хаттамамен ресiмделедi, оған комиссияның төрағасы мен мүшелерi қол қояды және әскери бөлімнiң мөрiмен бекемделедi.
      11. Комиссия төрағасы қол қойған және әскери бөлімнің мөрiмен

 

бекемделген, жұмысшыларға еңбек сiңiрген жылдары үшін пайыздық үстемеақы

алуға құқық беретiн, жұмыс стажын белгiлеу туралы шешiм қабылданған отырыс

хаттамасының көшiрмесi, әрбiр қызметкерге жеке-жеке үш данада ресiмделедi

және: бiреуi - кадр қызметiне, екіншiсi - қаржы органына берiледi,

үшiншiсi қызметкердiң қолына берiледi.

     12. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн пайыздық үстемеақы алу құқығы

күнтiзбелiк ай ішінде туындаған қызметкерлерге, жұмыс стажының көбеюiне

байланысты есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.

     13. Комиссия шешiмiне шағым заңдарда белгiленген тәртiппен қаралады.


     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады