Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 177 бұйрығының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 147 бұйрығын жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 24 мамырдағы N 205 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің жұмысшыларына еңбек сіңірген жылдары үшін пайыздық үстемеақы белгілеудің тәртібі туралы ережелерді қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 177 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1892 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 177 бұйрығын жою туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 147 бұйрығы жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің бастығы осы бұйрық туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігін хабардар етсін.
      4. Бұйрық жекелеген әскери бөлімге дейін жеткізілсін.

                                                 Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады