Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың кейбір шарттары туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы N 598 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 13 маусымдағы N 223. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1911. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру және оны Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың кейбір шарттары туралы" 2000 жылғы 5 мамырдағы N 598 қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қаулының 2-тармағының 2) тармақшасындағы "Ұлттық комиссияның алдын ала келісімі бар болған кезде" деген сөздер "бірақ, есеп айырысу күніне дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) Қаулының 3-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетіне, бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады