Зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасаудың кейбір шарттары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының директораты 2000 жылғы 5 мамырдағы N 598 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1130. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.

      Ескерту: Кіріспесі жаңа редакцияда жазылды және мәтін бойынша: "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы)", "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниясы ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы)", "зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар ("Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ы)" деген сөздер тиісінше "ұйым", "ұйымы", "ұйымдар" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі  Басқармасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 145 қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің сақталысын қамтамасыз ету және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - ұйым) инвестициялық қызметін бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Мыналар:
      1) ұйымның зейнетақы активтерiн инвестициялау кезiнде сатып алынған қаржы құралдарына ақы төлеу үшiн осы қаржы құралдарын жеткiзген күннен ерте емес уақытта инвестициялық шоттан ақша аударуға құқылы екендiгі (осы Қаулының 2-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда);
      2) шетелдiк валютаға номинацияланған, зейнетақы активтерiн кейiннен қаржы құралдарына инвестициялау мақсатында шетелдiк валюта сатып алуға арналған теңге бойынша ақшаларды ұйымның инвестициялық шоттан тек инвестициялық шоттағы шетелдiк валютадағы ақшалар қалдығын шегерумен шетелдiк валюта бағамы бойынша теңге бойынша жасалған тиiстi мәмiленiң (клиенттiк тапсырыстың орындалысы туралы брокерлiк-дилерлiк ұйымның есебiне сәйкес) эквивалентiнен аспайтын мөлшерде ғана және осы сатып алынған қаржы құралдарына ақы төлеудiң есеппен белгiленген күнге дейiн бiр жұмыс күнiнен ерте емес уақытта аударуы мүмкiн екендiгi белгiленсiн.
      2. Мына жағдайлар осы Қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында белгiленген нормалардың iшiндегi рұқсат етiлген ерекшелiктер ретiнде айқындалсын:
      1) бастапқы бағалы қағаздар рыногында сатып алынған, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары үшiн, осы бағалы қағаздарды орналастыру жөнiндегі аукцион өткiзiлетiн күнге дейiн бiр күн бұрын ақша аудару, егер осындай аударылым ұйымның Бастапқы дилермен жасасқан келiсiмнiң шарттарында көзделген болса;
      2) бірақ, есеп айырысу күніне дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын осы рыноктағы мәмiлелердi жасаудың және орындаудың белгiленген тәртiбiне сәйкес басқа мемлекеттердiң бағалы қағаздар рыногында сатып алынған бағалы қағаздарға ақы төлеу үшiн алдын-ала ақша аудару.
      Ескерту: 2-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 маусымдағы N 223 қаулысымен .
      3. Тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 маусымдағы N 223 қаулысымен .
      4. Ұйымның осы Қаулының 1 және 2-тармақтарының шарттарын сақтауларына бақылау жасау жинақтаушы зейнетақы қорларына қызмет көрсететiн кастодиан-банктерге жүктелсiн.
      5. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгізiлетiндiгi белгiленсiн.
      6. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып) және "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның назарына жеткiзсiн.
      7. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң, кастодиан-банктердiң назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулыны зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
      3) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын. 

      Ұлттық комиссияның
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады