Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бірыңғай бюджет сыныптамасын бекіту туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 75 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 шілдедегі N 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 17 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1920. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      29. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 шілдедегі N 317 (тіркелген N 1920) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 75 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

                           БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бірыңғай бюджет сыныптамасын бекіту туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджет сыныптамасында:
      бюджет шығындарының функционалдық сыныптамасында:
      1) 259 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің атқарушы органы" бағдарлама әкімшісінің 2 "Қаржылық қызмет" кіші функциясының 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 061 бағдарламасымен толықтырылсын:
      "061 Коммуналдық меншікке түскен мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және іске асыру";
      2) 226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша 2 "Халықтың денсаулығын сақтау" кіші функцияда 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында 051 "Сақтандыру және қауіпті жұқпалылармен қарсы күрес" бағдарламасының 030 "Атырау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда обаға қарсы станциялары" бойынша кіші бағдарламадағы "Қызылорда" деген сөзден кейін "Жамбыл, Шалқар" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарлама әкімшісінің 3 "Сумен жабдықтау" кіші функциясының 7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 037 бағдарламамен толықтырылсын:
      "030 Сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде коммуналдық меншіктегі ұйымдарды техникалық жарақтандыру"; 
      4) 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылық атқарушы органы" бағдарлама әкімшісінің 1 "Ауыл шаруашылығы" кіші бағдарламасының 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 037 бағдарламамен толықтырылсын:
      "037 Жергілікті деңгейде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау".
      2. Заң қызметі департаменті (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б.Т.Сутулов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың 2002 жылдың 7 маусымынан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді. 

      Премьер-Министрдің орынбасары -
      Қаржы министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады