ҚР MКМ-нiң 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 24 маусымдағы N 582 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1924. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 608 бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексiне (Салық кодексiне) сәйкестендiру мақсатында

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы кiрiс министрiнiң "Салық есептiлiгiн жасау ережелерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 18 қыркүйектегi N 1306 бұйрығына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      аталған бұйрықпен бекiтiлген акциз бойынша (400.00 нысан) Декларация жасау Ережелерiнде:

      1) 31-тармақтың 2) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "өндiрiстiк қажеттiлiктерге пайдаланылған алдағы өткiзулер үшiн ерте сатып алынған бензин" деген сөздер "ҚР аумағында одан әрi өткiзу үшiн сатып алынып, өздерiнiң өндiрiстiк қажеттілiгi үшiн пайдаланылған бензин" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 400.05 нысанның YII тармағының 400.05.002 жолындағы "өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiктерiне ҚР өткiзу мақсатында сатып алынған бензиндi" деген сөздер "ҚР аумағында одан әрi өткiзу үшiн сатып алынған бензиндi өздерiнiң өндiрiстiк қажеттiлiгi үшiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Заң департаментi (Ә.Базарбаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа

      енгізіледі.

Министр



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады