"Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 15 шілдедегі N 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1927. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 жылғы 12 наурыздағы N 78 Бұйрығымен (V053497)

      БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      20-тармақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағида мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: 
      "Түзеу мекемелеріне қаражаттарды депозиттік шоттан ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аударуға рұқсат етіледі. 
      Депозиттік шоттан қаражаттарды ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аудару үшін түзеу
мекемелері сотталғандардың өтініштерінің негізінде ақшаны депозиттік шоттан аударуға төлем ведомостерін толтырады және оларды
қазынашылықтың аумақтық органдарына береді.";
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Премьер-Министрдің орынбасары -
             Қаржы министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады