Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 тамызда тіекрлді. Тіркеу N 1943. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен (2006 жылғы 8 желтоқсанда N 213-ші "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Бұйрықтан үзінді---------------------
       Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға  

      Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс Комитетi
төрағасының 2006 жылғы   
20 наурыздағы N 12 бұйрығына 
қосымша           

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
Комитетi Төрағасының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзiмi

      1. "Оңалту рәсiмдерiн және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсiмдерiнде кредиторлар комитетiн қалыптастыру және бекiту туралы" Нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 67 бұйрығы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1943 тiркелген...
-----------------------------------

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы"  Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН
      1. Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін. 
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді. 

       Төраға

  Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының  
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N 67 бұйрығымен бекітілген   

  Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық 
рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және
бекіту туралы нұсқаулық 

      Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтарындағы  Заңына сәйкес әзірленді. 
      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеттің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының банкроттық рәсімдерінде, оңалту рәсімінде және таратудың соттан тыс рәсімінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту сұрақтарын айқындайды. 

  1. Конкурстық іс кезінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру

        1. Кредиторлар комитетінің құрамы өз тағайындауынан кейін 10 (он) күн мерзімде конкурстық басқарушыны қалыптастырады. 

      2. Кредиторлар комитетіне еңбекақыны төлеу бойынша кредиторлар, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор, сондай-ақ борышкерге талаптардың шағын сомасы бар конкурстық кредиторлар өкілі кіреді. 

      3. Кредиторлар комитеті саны жетіден аспайтын тақ мүшелер санынан тұрады. 

      4. Конкурстық кредиторлар комитеті және борышкерге талаптардың аздаған сомасы бар кепіл мүлкімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар құрамына енгізу үшін конкурстық кредиторлардың бухгалтерлік теңгермесіне қосымшаның кредиторлық берешегін ашуды анықтайды. 

      5. Конкурстық басқарушы осындай кредиторларға конкурстық істі өткізу үшін кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлардың деректерін енгізу туралы ұсынысты және кредиторлық берешектің сомасын көрсете отырып борышкерді тану туралы хабарламаны, сондай-ақ олардың талаптарын растайтын құжаттарды беру туралы ұсынысты жібереді. 
      Кредиторлардың жеткілікті саны болған кезде бес және жеті мүшеден кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастыруға кепілдік беріледі. 

      6. Конкурстық басқарушы кредитордың жазбаша келісімі болған кезде оның құрамына кредиторлар комитетін енгізеді. 

      7. Кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде банкроттық рәсімдерінде қатысудан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, конкурстық басқарушы борышкерге талаптың көбірек сомасы бар одан кейінгі кредиторға ұсынысты жібереді. 

      8. Еңбекақыны төлеу жөніндегі борышкерге (екінші кезектегі кредиторлар) талаптары бар тұлғалар құпия дауыс берумен жиналыста (конференцияда) өз талаптарын қарау кезінде борышкер алдында олардың мүдделерін қорғауға уәкілетті өкілді сайлайды. Жиналысқа қатысушылар екінші кезектегі кредиторлардың барлығы, оның ішінде авторлық сыйақылар бойынша кредиторлар болуы мүмкін. Жиналыс шешімі дауыстардың жай басымдығын дауыс беру жолымен қабылданады. 
      Конкурстық басқарушы 10 (он) күн ішінде кредиторлар комитетінде қатысу үшін олардың өкілдерін сайлау бойынша жиналысты өткізудің күні, орны және уақыты туралы екінші кезектегі еңбек ұжымы мен басқаларын хабарландырады. 

      9. Конкурстық басқарушы олардың заңды өкілдерінің немесе осы кезектегі кредиторлардың санынан кем емес кворум болған кездегі екінші кезектегі кредиторлардың жиналысын ұйымдастырады және өткізеді. Кворум жоқ болған жағдайда бір күннен артық емес мерзімде қайтадан жиналысты өткізеді. Бұл жағдайда, жиналыс шешімі онда қатысатын екінші кезектегі кредиторлар санынан ескеріп дауыстардың жай басымдығымен қабылданады. 

      10. Екінші кезектегі кредиторлардың сайланған өкілі кредиторлар комитетінің құрамына кіреді және бір дауысы бар. 

      11. Конкурстық басқарушы қалыптастырған борышкердің кредиторлар комитеті құрамының тізімі тиісті құжаттардың қосымшасымен (1 және 2-қосымша) бекіту үшін Комитетке немесе оның аумақтық органына жіберіледі. 

      12. Комитет және оның аумақтық органы берілген құжаттарды қарайды және ескертулер жоқ болған кезде тиісті құжаттарды (3-қосымша) алу күнінен бастап үш күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді. 

      13. Құжаттардың толық емес комплектін беру кезінде Комитет және оның аумақтық органы берілген құжаттарды өңдеуге оларды алу күнінен бастап үш күннен кешіктірмейтін мерзімде қайтарады. 

      14. Кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына Заңның 2 және 3-тармақтарының талаптары есебімен конкурстық кредиторлардың санынан жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін. 

      15. Борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің аудитін өткізу жағдайында конкурстық басқарушы Комитетке және оның аумақтық органына кредиторлар комитеті мүшелерінің заңдылығын растайтын қорытындыны береді. 

      16. Комитет және оның аумақтық органы мынадай жағдайларда Заңның  11-бабының 5-тармақшасына және  10-1-баптың 9-тармақшасына сәйкес кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістерді енгізуге құқылы: 
      толық көлемде кредиторлар талаптарының тізілімі бойынша тиісті кезекті кредиторлық берешекті қанағаттандыру; 
      кредиторлар комитетінің мүшесі болып табылатын кредиторлардан азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша борышкерге талаптардың үлкен сомасы бар кредиторларды анықтау. 

      17. Борышкердің келісімінсіз кредитордың жеке тұлғасы борышкер үшін біраз мәні бар міндеттеме бойынша талапқа жол беруіне жол берілмейді (Қазақстан Республикасы Азаматтық  Кодексінің   345-бабының 2-тармағы). 

  2. Оңалту рәсімі кезінде кредиторлар комитетін 
қалыптастыру 

      18. Оңалту рәсімі кезінде кредиторлар комитетін қалыптастыру үшін Комитет және оның аумақтық органы кредиторлар комитетінің құрамы бойынша ұсынысты және  Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттардың қосымшасымен оған оңалту рәсіміне қатысты қолдану туралы борышкердің берілген өтінішін қарайды. 

      19. Кредиторлар комитетінің құрамы және оның мүшелерінің саны Нұсқаулықтың 3 және 4-тармақтарымен айқындалады. 

      20. Комитет немесе оның аумақтық органы борышкер берген құжаттар негізінде  Заңның 11-бабының талаптарын ескере отырып кредиторлар комитетін қалыптастырады және әрбір кредиторды жекелеп оны кредиторлар комитетінің құрамына енгізу туралы хабарлайды. 

      21. Кредиторлар комитетінің құрамына кірген кредиторлардың жазбаша келісімі кезінде Комитет немесе оның аумақтық органы бес күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетінің құрамын бекіту туралы бұйрықты шығарады. 
       Ескерту: 21-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 15   бұйрығымен .

      22. Хабарламаның келіп түсу сәтінен үш күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетіне қатысуға кредитордың жазбаша қарсылығы жоқтығы кредиторлар мүшесі ретінде оңалту рәсіміне қатысуға кредитордың келісімі деп саналады. 
      Егер кредитор кредиторлар комитетінің мүшесі ретінде қатысудан жазбаша бас тартуды жарияласа Комитет және оның аумақтық органы кредиторлар комитетіне басқа кредиторларды енгізеді. 

      23. Комитет және оның аумақтық органы он күннен кешіктірмейтін мерзімде кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады және кредиторлар комитетінің бірінші жиналысын шақырады. 
      Кредиторлар комитетінің бірінші жиналысында борышкерді оңалту жоспары қаралады. Оны қуаттау жағдайында сотқа кредиторлар комитеті жиналысының хаттамасын және Комитет немесе оның аумақтық органы өтінішінің қосымшасымен оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы борышкердің өтінішін жіберу туралы шешім қабылданады. 

      24. Кредиторлар комитетінің құрамына  Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескеріп жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін. 
      Осы Нұсқаулықтың 16-тармағымен көзделген жағдайларда Заңның  11-бабының 5-тармағымен және  10-1-бабының 9-тармақшасына сәйкес Комитет немесе оның аумақтық органы кредиторлар комитетінің құрамына өзгерістерді енгізуге құқылы. 

  3. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру 

      25. Дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс тарату рәсімі кезінде Комитет немесе оның аумақтық органы Заңның 10-1-бабының 5-тармағының негізінде кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастырады. 

      26. Кредиторлар комитетінің құрамы және оның мүшелерінің саны осы Нұсқаулықтың 3 және 4-тармақтарымен айқындалады. 

      27.  Заңның 97-бабының 1-тармағына сәйкес кредиторлар комитетін қалыптастыру борышкер берген үміткерлер санынан жүргізіледі. 

      28. Комитет немесе оның аумақтық органы борышкер берген құжаттарды, оның ішінде теңгерме бойынша кредиторлық берешекті ашып көрсетуді қарайды және ескертулер жоқ кезде үш күннен астам емес мерзімге  Заңның 70-бабының 1-тармақшасына сәйкес (4 және 5-қосымшалар) кредиторлар комитетінің құрамын бекітеді. 

      29. Соттан тыс таратудың рәсімі барысында кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына  Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарын ескере отырып конкурстық кредиторлардың санынан жаңа мүшелер енгізілуі мүмкін. 

      30. Конкурстық басқарушы Комитет немесе оның аумақтық органына осы Нұсқаулықтың 6 және 7-тармақтарымен көзделген тәртіпте кредиторлар комитетін қалыптастыру үшін борышкер берген үміткерлер туралы ақпаратты береді. 

      31. Осы Нұсқаулықтың 16 тармағында фактілер табылған жағдайда конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінің қалыптастырылған және бекітілген құрамына өзгерістер енгізу үшін Комитетке немесе оның аумақтық органына жүгінеді. 

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының 
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N 67 бұйрығымен бекітілген,  
Оңалту рәсімдерін және    
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы 
нұсқаулыққа 1-қосымшасы   

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитетінің    
_____________________  
облысы бойынша басқармасы

Өтініш

      Кредиторлар комитетінің
      құрамын бекіту туралы 

     _____________ сотының 2002 жылғы "___" _____________ шешімімен 
     _____________________________________ банкрот деп танылды.
        (банкрот-ұйымның атауы) 

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 
қаңтардағы  Заңның 10-1 және 70-баптарына және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы______ N ___ бұйрығымен бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес______________________
                             (банкрот-ұйымның атауы)
кредиторлар комитетінің құрамы бойынша ұсынысты жіберемін.
      Кредиторлар комитетінің берілген құрамын қарауды және бекітуді сұраймын.
      Қосымша: 
      1. _____ парақтағы (2-қосымша) кредиторлар комитетінің құрамына ұсынылатын үміткерлер тізбесі; 
      2. _____ парақтағы теңгерме бойынша бюджетке және азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлық берешекті ашып көрсету;
      3. _____ парақтағы еңбек ұжымы өкілін сайлау хаттамасының көшірмесі;
      4. _____ парақтағы ұсынылатын кредиторлардың заңдылығын растайтын құжаттар (салыстыра тексеру актісі, шарттар);
      5. Басқалары. 

       Конкурстық басқарушы   _________________       _______________
                                (қолы)                  (аты-жөні)

      орынд. _____
      тел. _____ 

                                          Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының 
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N 67 бұйрығымен бекітілген,  
Оңалту рәсімдерін және    
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы 
нұсқаулыққа 2-қосымшасы   

Бекіту үшін берілген кредиторлар комитетінің құрамы
  ______________________________ 
(банкрот ұйымның атауы)

____________________________________________________________________
N  Кредитор атауы      Берешек сомасы       Ескерту (келісім хаттың
                        (мың теңге)               N және күні)
____________________________________________________________________
1.   
2.   
3.   
4.   
5.   
6.   
7.   ____________________________________________________________________

                                        Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының 
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N 67 бұйрығымен бекітілген,  
Оңалту рәсімдерін және    
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы 
нұсқаулыққа 3-қосымшасы   

       Ескерту: 3-қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 15   бұйрығымен .

БҰЙРЫҚ

      Кредиторлар комитетінің
      құрамын бекіту туралы (конкурстық іс)
      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы  N 1268 "Қаржы Министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы қаулысына және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы ___________ N ___________ бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес  _______________________________
                                           (аты-жөні) 
конкурстық басқарушының өтініші негізінде__________________________
                                          (банкрот-ұйымның атауы)
кредиторлар комитетінің құрамын бекіту туралы 
     1. Кредиторлар комитеті_______________________________________ 
                                    (банкрот-ұйымның атауы)
     мына құрамда бекітілсін:
     1. _________________________ 
     2. _________________________ 
     3. _________________________ 
     4. _________________________ 
     5. _________________________ 
     2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау___________________________ 
                                                   (аты-жөні)
комитеті басқармасы бастығының орынбасарына жүктелсін.

       Комитет төрағасы
     (Басқарманың бастығы)   _________________      _______________
                                (қолы)               (аты-жөні)

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының 
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N 67 бұйрығымен бекітілген,  
Оңалту рәсімдерін және    
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы 
нұсқаулыққа 4-қосымшасы    

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
кіріс министрлігінің Дәрменсіз 
борышкерлермен жұмыс жөніндегі
комитетінің _____________________
облысы бойынша басқармасы

Өтініш

        Кредиторлар комитетінің
      құрамын бекіту туралы

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңның 97-бабындағы 1-тармаққа және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы ___________ N _____ бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес __________________________
                                          (банкрот-ұйымның атауы) кредиторлық берешекті растайтын құжаттар және таратудың соттан тыс тарату рәсімі кезінде
____________________________________________________________________                         (банкрот-ұйымның атауы) 
кредиторлар комитетінің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін үміткерді ұсынамыз.
      Кредиторлар комитетінің берілген құрамын қарауды және бекітуді сұраймын. 

      Қосымша:
      1. _____ парақтағы (2-қосымша) кредиторлар комитетінің құрамына ұсынылатын үміткерлер тізбесі; 
      2. _____ парақтағы теңгерме бойынша бюджетке және азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлық берешекті ашып көрсету;
      3. _____ парақтағы еңбек ұжымы өкілін сайлау хаттамасының көшірмесі;
      4. _____ парақтағы ұсынылатын кредиторлардың заңдылығын растайтын құжаттар (салыстыра тексеру актісі, шарттар);
      5. Басқалары.

       Борышкердің басшысы _________________          _______________
                              (қолы)                   (аты-жөні)
      орынд. _____
      тел. _____

     Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының 
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N 67 бұйрығымен бекітілген,  
Оңалту рәсімдерін және    
соттан тыс таратылуын, банкроттық
рәсімдерінде кредиторлар комитетін
қалыптастыру және бекіту туралы 
нұсқаулыққа 5-қосымшасы   

       Ескерту: 5-қосымша өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі  Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 15   бұйрығымен

БҰЙРЫҚ

      Кредиторлар комитетінің
      құрамын бекіту туралы 
      (конкурстық іс)

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы  N 1268 "Қаржы Министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы қаулысына және Оңалту рәсімдерін және соттан тыс таратылуын, 
банкроттық рәсімдерінде кредиторлар комитетін қалыптастыру және бекіту туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы ___________ N ________ бұйрығымен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес 2002 жылғы "___" __________ кредиторлар жиналысының хаттамасы _______________________
                     (банкрот-ұйымның атауы) 
борышкердің өтініші негізінде 
      1. Кредиторлар комитеті_____________________________________ 
                                          (банкрот-ұйымның атауы)
      мына құрамда бекітілсін:
      1. _________________________ 
      2. _________________________ 
      3. _________________________ 
      4. _________________________ 
      5. _________________________ 

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау__________________________ 
                                                  (аты-жөні) 
комитеті басқармасы бастығының орынбасарына жүктелсін. 

       Комитет төрағасы
     (Басқарма бастығы)  _________________          _______________
                               (қолы)                  (аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады