Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен (2006 жылғы 8 желтоқсанда N 213-ші "Заң газеті" газетінде жарияланды).
----------------Бұйрықтан үзінді---------------------
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылған деп танылсын.
2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс Комитетi
төрағасының 2006 жылғы
20 наурыздағы N 12 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
Комитетi Төрағасының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзiмi
...
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 67 "Соттан тыс тарату рәсiмiнде және оңалту рәсiмiнде, банкроттық рәсiмдегi, комитет кредиторларын бекiту және құру Нұсқаулығын бекiту туралы" бұйрығына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 15 бұйрығы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2205 тiркелген...
-----------------------------------
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН
:
1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 1943 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 67 "Соттан тыс тарату рәсімінде және оңалту рәсімінде банкроттық рәсімдегі, комитет кредиторларын бекіту және құру Нұсқаулығын бекіту туралы"
Бұйрығына
(Одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген Соттан тыс тарату рәсімінде және оңалту рәсімінде банкроттық рәсімдегі, комитет кредиторларын бекіту және құру Нұсқаулығының (одан әрі - Нұсқаулық);
21 тармағындағы "шешімді шығару" сөзі "бұйрықты шығару" сөзіне ауыстырылсын;
3 және 5 қосымшасындағы:
"шешім", "шешімге" сөздері "бұйрық", "бұйрыққа" сөздеріне ауыстырылсын;
бірінші абзацындағы "2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің сұрақтары" сөздері "2002 жылғы 28 қарашадағы
N 1268
"Қаржы Министрлігінің жекелеген сұрақтары" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.
Төраға