Борышкерді соттан тыс тарату банкроттық рәсiмдегі конкурстық массаны сату жоспарын қарау және келісу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1945. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 12 бұйрығымен (2006 жылғы 8 желтоқсанда N 213-ші "Заң газеті" газетінде жарияланды).

----------------Бұйрықтан үзінді---------------------
       Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс Комитетi Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылған деп танылсын.
      2. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға  

      Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс Комитетi
төрағасының 2006 жылғы   
20 наурыздағы N 12 бұйрығына 
қосымша           

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс
Комитетi Төрағасының күшi жойылған кейбiр
бұйрықтарының тiзiмi

      ...
      2. "Борышкердi соттан тыс тарату және банкроттық рәсiмдегi конкурстық массаны сату жоспарын қарау және келiсу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi Төрағасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi N 68 бұйрығы, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1945 тiркелген...
-----------------------------------

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы"  Заңын іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН
      1. Борышкерді соттан тыс тарату және банкроттық рәсiмдегi конкурстық массаны сату жоспарын қарау және келісу жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін. 
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін. 
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді. 

       Төраға

  Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының  
2002 жылғы 11 шілдедегі   
N 68 бұйрығымен бекітілген  

Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан
тыс тарату конкурстық массасын сату жоспарын қарау
және келісу туралы
нұсқаулық

        1. Осы Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату конкурстық массасын сату жоспарын қарау және келісу туралы нұсқаулық "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен әзірленген. 
      2. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық органдарымен банкрот - ұйымының конкурстық массасын сату жоспарын қарау және келісу сұрақтарын айқындайды. 
      3. Сату жоспарының жобасын келісу үшін конкурстық басқарушы Комитетке немесе соның аумақтық органдарына банкрот ұйымының конкурстық массасын сату жоспарының жобасымен қосымша орнатылған нысанмен өтініш (1-ші қосымша), ұсыныстар, сондай-ақ жылжымайтын дүние-мүлік объектілерін ұсынады (2-ші қосымша). 
      Сату жоспарының жобасына мүлікті бағалау, дебиторлық берешек бойынша мамандардың қорытындысы қоса беріледі (осындай қорытынды бар болған кезінде). 
      4. Банкрот-ұйымының конкурстық массасын сату жоспарының жобасы жасалған лоттың саны, мүліктің атауы, техникалық мінездеме (шығарылған жылы, іске қосуы, жалпы көлемі, саны және өлшеу бірлік, ағымдағы жағдайы және т.б.), көрсетуімен кесте нысанында сатуға қойылатын мүліктің атауы өзіне қосады. 
      5. Сату жоспарының жобасына ұсыныстар мыналарды құрауы керек: 
      банкрот ұйымының мүлкін (активтерін) сату алдындағы дайындықты өткізу тәртібі (түгендеу, бағалау, бірлік лоттпен немесе сегменттеп мүлікті сату бойынша болжам, ағылшын және голландия әдісі бойынша сауда саны, бастапқы және төмен баға туралы болжам, алдағы сауда және алдағы сауда бойынша жарнама туралы жарияланымын ұйымдастыруы, аукцион өткізушінің қызмет көрсетуі бойынша болжам); 
      сауданы ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар (саудаға қатысуға қалауын білдірген тұлғадан өтінімін және басқада құжаттарды қабылдау тәртібі мен шарты, кепілді жарнаны және олардың көлемін енгізу және қайтару, бір кепілді жарна бір лотты сатып алуға құқық беретіндіктен айқындайтын шарты сауданың қорытындысы туралы хаттама және сауданы ұтып алғанмен сатып алу-сату шартына қол қою тәртібі және мерзімі, несиегерлерге заттай сатылмаған мүлікті беру мүмкіндігі және т.б.); 
      мемлекеттің бастамасы бойынша банкрот болып танылған ұйымына үш айға дейін бөліктеп төлеуге мүлікті сату мүмкіндігі; 
      мүлікті (активтерді) сатуының ерекше шарты және конкурстық жиынының сатып алушыларға қосымша талап оларды Қазақстан Республикасының Үкіметімен орнату жағдайда. 
      6. Комитет және оның аумақтық органы конкурстік басқарушы құжатты қарайды және Заңның 84-бабының 1-тармағына сәйкес ескертпе мен қарсылық жоқ болған кезде банкрот-ұйымының мүлкін сату жоспарының жобасын оның келу күнінен бастап бес күн кешік емес мерзімде келіседі. 
      7. Толық емес жинақталымды немесе негізсіз құжаттарды беру кезінде Комитет немесе оның аумақтық органы сату жоспарының жоспарын келісуге бас тартуына оны жетілдіруге қайтаруына құқылы. 
      8. Банкрот ұйымының несие берушінің комитетін бекіту үшін конкурсты басқарушыларға келіскен сату жоспарының жобасы ұсынылады. Банкрот ұйымының мүлкін сату жоспарын және кредитор комитетінің жиналысының хаттамасы бекітілгеннен кейін Комитетке немесе оның аумақтық органдарына жіберіледі. 
      9. Дебиторлық берешекті сауда арқылы сатуы тек конкурсты басқарушымен оны өндіріп алу бойынша заңмен қарастырылған барлық шаралар қолданылғаннан кейін жүзеге асырылады. Дебиторлық берешек номиналды мағынасынан төмен емес баға бойынша аукционсыз сатылуы мүмкін. 
      Саудаға алғашқы шыққан, дебиторлық қарызды сату, ағылшын сауда әдісімен іске асырылады. Егер саудаға салынған жағдайда дебиторлық берешек бастапқы және төменгі бағасын көрсетуімен голанд әдісімен сатылады. Төменгі баға кредитор комитетімен келісуі және кредиторлар жиналысының хаттамасында процентпен дебиторлық берешектің сомасы көрсетілуі тиіс. 
      Конкурсты басқармашы дебиторлық берешекті сату бойынша алдағы сауда туралы хабарламасында дебитордың атауын, оның орналасқан орнын, берешек сомасын, талап ету құқығын растайтынын құжаттамалардың бар болуын көрсетуі міндетті. 
      10. Ұйымдарды банкроттық жүргізу кезінде азаматтардың және мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында, олар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметімен ерекше жағдай және конкурстық массаны сату тәртібі, конкурстық массаны объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгіленген, сату жоспары осы талаптарға сәйкес болуы тиіс. 
      11. Мүлікті сату жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жағдайда (лоттардың құрамы, бастапқы және төмен бағасы, сауда әдісі және басқада өзгерістер бойынша) конкурсты басқарушы осы өзгерістерді қайта келісу үшін Комитет немесе оның аумақтық органдарына ұсынады. Комитет немесе оның аумақтық органдары осы өзгерістерді осы ереженің 7-тармағында көрсетілген мерзімінде қарайды және келісу жүргізеді. 
      12. Өткізілген сауданың қорытындысы бойынша конкурсты басқарушы Комитетке немесе оның аумақтық органдарына сатылған мүлік, сату бағасы, сатып алушы туралы ақпараты бар есеп береді, сондай-ақ сауда хаттамасының және сатып алу-сату шартының көшірмесін ұсынады. 

                                        Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік кіріс министрлігінің
                                     Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
                                     жөніндегі комитет төрағасының
                                        2002 жылғы 11 шілдедегі
                                      N 68 бұйрығымен бекітілген,
                                      Банкроттық рәсiмдерiне және
                                      борышкердi соттан тыс тарату
                                       конкурстық массасын сату
                                      жоспарын қарау және келісу
                                         туралы нұсқаулықтың
                                             1-қосымшасы
                                       Қазақстан Республикасы
                                  Мемлекеттік кіріс министрлігінің
                                   Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
                                  жөніндегі комитетінің _________
                                    облысы бойынша басқармасы

                          Өтініш

____ сотының (Уәкілетті органның) 2002 жылғы "___" _____ шешімімен
___________________________________________________________________
                     (банкрот-ұйымның атауы)
банкрот (соттан тыс тарату енгізілді) танылды және конкурстық іс жүргізу енгізді (бастады).
     "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы  Заңның 10-1-бабының 14-тармағына және 70-бабының 6-тармағына сәйкес _______________________ мүлікті сату 
                   (банкрот-ұйымның атауы) 
жоспарының жобасын қарау және келісу үшін, сондай-ақ келісу үшін құжаттары қосымша берілді.

     Қосымша: 
     1. Сату жоспарының жобасы (2 қосымша) _____ б. 
     2. Мүлікті бағалау бойынша қорытындысының көшірмесі _____ б.
     3. Құжатты орнату құқығы (бар болу кезінде және танысу үшін)_б.
     4. Басқалар _____ б.

     Конкурсты басқарушы 

     _________________________    ____________________  ____________
     (банкрот-ұйымның атауы)           (қолы)            (аты-жөні)

                                          Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік кіріс министрлігінің
                                     Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
                                     жөніндегі комитет төрағасының
                                        2002 жылғы 11 шілдедегі
                                      N 68 бұйрығымен бекітілген,
                                      Банкроттық рәсiмдерiне және
                                      борышкердi соттан тыс тарату
                                       конкурстық массасын сату
                                      жоспарын қарау және келісу
                                         туралы нұсқаулықтың
                                             2-қосымшасы

"Келісті"                              "Бекітілді"
Қазақстан Республикасы             __________________ кредиторлардың
Мемлекеттік кіріс                  (банкрот ұйымының атауы)
министрлігінің Дәрменсіз           комитеттері
борышкерлермен жұмыс               Төраға: 1. ____________________
жөніндегі комитетінің                      2. ____________________ 
____________________ облысы                3. ____________________
бойынша басқармасының                      4. ____________________ 
______ төрағасының аты-жөні                5. ____________________ 
(қолы)                                     6. ____________________  

200_ "___" ________________                200_жыл "___"__________  

КОНКУРСТЫҚ МАССАНЫ САТУ ЖОСПАРЫ __________________________________
                                       (банкрот ұйымының атауы)


   ___________________________________________________________________________
Р | Лоттың | Мүліктің |Мүліктің | Саны |Өлшеу |Сатудың | Бастапқы |Төмен 
N |   N    |  атауы   |  тех.   |      |бір.  |өткізу  |   баға   | баға
  |        |          |мінез-сі |      |лігі  | әдісі  |          |
___________________________________________________________________________
1     2         3         4         5     6       7         8        9
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
 

             Конкурсты басқарушы        ______________       __________________
                                    (қолы)               (аты-жөні)
    _________________________
    (банкрот-ұйымның атауы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады