"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 13 тамыздағы N 11
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына:
2-тармақта:
1) тармақшадағы "50%-тен кем емес" деген сөздер "45%-тен кем емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "10%-тен аспайтын" деген сөздер "20%-тен аспайтын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енеді.
3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамына, кастодиан - банктерге, бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымдарына және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы