-----------Бұйрықтан үзінді----------
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау Министрлігінің
2005 жылғы 2 маусымдағы
N 75 бұйрығына қосымша
Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі
30. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 15 тамыздағы N 379 (тіркелген N 1967) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 76 толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715
бұйрығына
мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында:
5 "Қоршаған ортаны қорғау" кіші функциясындағы 256 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 030 және 031-бағдарламаларымен толықтырылсын:
"030 Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу
031 Табиғатты қоршау объектілерінің құрылысын салу және қайта жаңарту";
9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да қызметтер" кіші функциясындағы 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылық атқару органы" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 038-бағдарламамен толықтырылсын:
"038 Республика меншігінде тұрмайтын ауыл шаруашылық ұйымдарының банкроттық рәсімдерін өткізу";
13 "Басқалар" функционалдық тобында 9 "Басқалар" кіші функциясының 272 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы" бағдарлама әкімшісі мынадай мазмұндағы 035-бағдарламамен толықтырылсын:
"035 Инновациялық қызметті қолдау".
2. Заң қызметі департаменті (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б.Т.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы