Кредиттiк серiктестiктердiң қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Кредиттiк серiктестiк туралы" ереже туралы" 1997 жылғы 12 сәуiрдегi N 106 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кредиттiк серiктестiктер туралы ереже туралы";
1-тармақтағы "Кредиттiк серiктестiк туралы" ереже туралы" деген сөздер "Кредиттiк серiктестiктер туралы ереже" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Кредиттiк серiктестiк туралы" ереже туралы" деген сөздер "осы қаулының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "мен Кредиттiк серiктестiк туралы" ереже туралы" деген сөздер алынып тасталсын, "ереже" деген сөз "қаулы" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Кредиттiк серiктестiктер туралы ережеге:
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздерден кейiн "(бұдан әрi - Заң)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
4, 9, 16, 26, 27, 34-1 тармақтардағы, 37-тармақтың 2) тармақшасындағы, 45-тармақтағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Осы Ереженiң 13-тармағында көзделген барлық құжаттар қоса берiлген кредиттiк серiктестiктi ашуға рұқсат беру туралы өтiнiштi Ұлттық Банк оны қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс";
22-1-тармақта "жыл сайын" деген сөздер алынып тасталсын;
24-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Кредиттiк серiктестiктің үй-жайының техникалық даярлығын Ұлттық Банктің аумақтық филиалы кредиттік серіктестіктің жазбаша өтініші негізінде тексереді.";
мынадай мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Кредиттiк серiктестiк лицензияны жоғалтқан жағдайда дубликат алуға құқылы. Ұлттық Банк кредиттiк серiктестiктiң жазбаша өтiнiшi бойынша он күнтiзбелiк күннiң iшiнде лицензияның дубликатын бередi. Мұндай жағдайда кредиттiк серiктестiк лицензиялық алым төлейдi.
Ұлттық Банк кредиттiк серiктестiктiң лицензиясын оның жазбаша өтiнiшiнiң және лицензияны қайта ресiмдеуге лицензиялық алымның төленгендiгiн растайтын құжаттың негiзiнде оларды алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде қайта ресiмдейдi.
Лицензияны қайта ресiмдеудi бұрын берiлген лицензияны Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша ауыстыру деп түсiну керек.";
28-тармақтың төртiншi абзацы "лицензия беру туралы Ұлттық Банкке" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмде" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Банктердi және сақтандыруды қадағалау департаментi (Мекiшев А.А.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына жiберсiн.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндiк мерзiмде оны кредиттiк серiктестiктерге жiберсiн.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы