"Ақпараттық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы N 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2002 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1969. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.08.24.  N 239  Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары" республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерін тәртіпке келтіру және жетілдіру мақсатында бұйырамын: 
      1. "Ақпараттық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      осы бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарының ақпараттық қызмет көрсету ережесінде: 
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну заңнамаға сәйкес белгіленген ақыға жүзеге асырылады. 
      Төлем объектілік белгісі бойынша айқындалған ақпараттық қызметтердің әрбір бірлігі үшін жүзеге асырылады. 
      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға және өзге де құпияларға қатысты мәліметтерден басқа, Құқықтық кадастрдің мәліметтері осы Ереженің 18-тармағында көзделген жағдайлардан басқа ретте, жалпы қол жетімді болып табылады.
      Заңнамада көзделген құзыретке сәйкес прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдарының сұрауы бойынша алынған мәліметтерді тіркеуші орган тегін негізде береді. Бұл ретте талап етуші орган сұрау салынған ақпаратты алудың қажеттілік негіздемесін дәлелдеуі және көрсетуі тиіс.";
      16-тармақтың 7), 10), 13), 14) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасына (Таймерденов М.Т.) жүктелсін.  

      Қазақстан Республикасы Әділет
     министрінің міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады