Ақпараттық қызмет көрсету Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің 2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 қаңтарда N 1035 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 Бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2007.08.24.  N 239  Бұйрығымен.

      Ақпараттық қызметін көрсетуді реттеу және жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Ақпараттық қызмет көрсету Қағидасы бекітілсін.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен .
      2. Қазақстан республикасы Әділет Министрінің 1997 жылғы 20 маусымдағы бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталықтарымен және филиалдарымен ақпараттық қызмет көрсету туралы  Ережесі  күшін жоғалтты деп танылсын.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2000 жылғы 29 қаңтардағы N 6
бұйрығымен бекітілген

  Ақпараттық қызмет көрсету
ҚАҒИДАСЫ

       Ескерту: Қағиданың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен .

1. Жалпы ережелер

      1. Ақпараттық қызмет көрсету қағидасы (кейін қағида) "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар, 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727   Жарлығын  жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы N 236  қаулысына  сәйкес әзірленді.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен

      2. Осы Қағидамен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аумақтық органдарымен (кейін тіркеуші органдар) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы тәртібі, негізгі шарты және ақпараттық қызмет көрсету түрлері белгіленеді.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен .

      3. Жүргізілген тіркеу және тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар туралы деректер мемлекеттік ақпараттар ресурстары болып табылады және заңдарға сәйкес оны алуға мүдделі пайдаланушыға беріледі. 

      4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы  N 125 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен .

      5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қорғалатын мемлекеттік құпияларға, коммерциялық құпияларға және өзге де құпияларға қатысты мәліметтерден басқа, Құқықтық кадастрдің мәліметтері осы Ереженің 18-тармағында көзделген жағдайлардан басқа ретте, жалпы қол жетімді болып табылады. 
      Тіркеуші орган прокуратура органдарының, құқық қорғау, сот және атқарушы органдардың сұрауы бойынша заңнамада көзделген олардың құзыретіне сәйкес тиісті мәлімет береді. Бұл ретте талап етуші орган сұрау салынған ақпаратты алудың қажеттілік негіздемесін дәлелдеуі және көрсетуі тиіс.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы  N 125 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен .

      6. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы  Заңымен  бекітілген нормаларын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. 

      7. Жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын және заңды тұлғаның атауын және реквизиттерін қоспағанда, азаматтар (дербес мәліметтер) мен басқада құқық иелері туралы ақпараттарды ашатын мәліметтер ақпараттық қызмет көрсету нысаны бола алмайды. 

      8. Тіркеу туралы ақпарат осы қағиданың 19 тармағымен бекітілген жағдайларды қоспағанда, тек қана нақты жылжымайтын мүліктің нысаны бойынша беріледі. 

      9. Тіркелген жылжымайтын мүлік құқықтары туралы заң мәніндегі бір ғана ақпарат көзі болып: құқықтық кадастрдегі мәлімет; тіркеу органынан берілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат сондай-ақ, құқық иесіндегі құқық белгілеуші және тіркеу жүргізілген туралы белгі қойылған тіркеу органынан берілген құжаттар болып табылады. 

      10. Заңға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтары сондай-ақ олардың құқық иелері туралы ақпараттары бар тіркеу органы, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес берілетін ақпараттар нақтылығы үшін, қорғау, дайындау тәртібін, беру тәртібін бұзғаны және мұндай ақпараттарды пайдаланғаны үшін жауапты болады. 

      11. Тіркеу органдарының талабы бойынша тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтары және онымен жасалатын мәмілелері туралы алым және ақпараттар беру жөніндегі басқада органдардың және мекемелердің қызметтерінің заңсыздығы және оның тоқтатылуы сотпен белгіленуі мүмкін. 

  2. Ақпараттарды беру негіздері мен тәртіптері

      12. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру, сұрау берілген орган, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік түрі, тұрған жері, арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері (жеке басын растайтын деректер) жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы және реквизиттері) көрсетілген белгіленген үлгідегі жазбаша сұрау беру негізінде жүзеге асырылады. 
      Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар құзырларына сәйкес сұрау берген жағдайларда және нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқада жағдайларда, сұрауда талап етілген ақпарат негізі сондай-ақ, сұралатын ақпараттардың пайдалану мақсаты көрсетіледі. 

      13. Тіркелген жылжымайтын мүлікке құқықтар және онымен мәмілелер жасау туралы ақпараттарды алу үшін сұраудан басқа, арызданушы тіркеу органына келесі құжаттарды тапсырады: 
      1) жеке басын куәландыратын құжат; 
      2) заңдармен белгіленген жағдайларды өкілдіктің өкілеттігін куәландыратын құжат. 
      3)  алынып тасталды .
       Ескерту: 13-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен .

      14. Тiркеушi орган арызданушының сұрау салуы негiзiнде оған тiркелген жылжымайтын мүлiкке құқықтар және онымен жасалатын мәмiлелер туралы оның жазбаша сұрауы келiп түскен сәттен бастап, 2 жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде ақпараттар беруге мiндеттi.      
       Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда, өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2005 жылғы 25 тамыздағы  N 230 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31 , 2007 жылғы 15 наурыздағы  N 86  бұйрықтарымен.  

      15. <*>
       Ескерту: 15-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы   N 31  бұйрығымен.

      15-1. <*>
       Ескерту: 15-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы   N 31  бұйрығымен.

  3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері

      16. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
      1)  алынып тасталды ;
      2)  алынып тасталды ;
      3) жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпалықтары) және оның 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы;
      4) тіркеуші орган растаған тіркеу ісі құжаттарының, оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісі жоспарының (сызбасының) көшірмесін;
      5) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы беру түрінде жүзеге асырылады.
      Ескерту: 16-тармақ толықтырылды, өзгертілді, жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы  N 143 , 2002 жылғы 23 тамыздағы  N 125 , 2004 жылғы 19 наурыздағы  N 69 2004 жылғы 17 мамырдағы  N 136 2004 жылғы 7 қыркүйектегі  N 256 , 2007 жылғы 30 қаңтардағы   N 31  бұйрығымен.

  3. Ақпараттық қызмет көрсету түрлері

      17. <*>
       Ескерту: 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен.

      17-1. <*>
       Ескерту: 17-1-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен.

      18. Тіркеу органымен расталып, тіркеу ісінде жатқан құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесі, құқық иесінің, құқық қорғау және сот органдарының сұрауы бойынша беріледі. Өзгеде жағдайлар кезінде аталған құжаттар мемлекеттік құпиялар емес болып танылады және құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі. 

      19. Құқық қорғау, сот органдарының уәждемелі сұраулары бойынша, атқарушы органдардың олардың құзыретіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша, сондай-ақ құқық иелерінің олардың мүлкіне тіркелген құқықтарға (ауыртпалықтарға) қатысты сұраулары бойынша тіркеуші орган өзге де ақпараттар бере алады.
       Ескерту: 19-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 19 наурыздағы  N 69 2004 жылғы 17 мамырдағы  N 136   бұйрығымен

      20. Ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.
      Ескерту: 20-тармаққа толықтырылды, жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы  N 143 , 2004 жылғы 19 наурыздағы  N 69 2004 жылғы 17 мамырдағы  N 136   бұйрығымен .

                                         Қазақстан Республикасының
                                        Әділет аумақтық органдарымен
                                         Ақпараттық қызмет көрсету
                                                Қағидаларына
                                                  1 қосымша

       Ескерту: 1-қосымшамен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР
Әділет министрінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31 , 2007 жылғы 15
наурыздағы  N 86  бұйрықтарымен

                                     Жылжымайтын мүлікке құқықтары
                                       (ауыртпалықтары) және оның
                                     техникалық сипаттамалары туралы
                                             анықтамасының түрі

           ___________________________________________
                      Мемлекеттік органның атауы

              Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар
        (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы
                         туралы анықтама

      N __________                     200__ жылғы "___"» _________
___________________________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы,
____________________________________________________________________
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, берген мекеме)
____________________________________________________________________
 мынадай жылжымайтын мүлік объектілерін растау үшін берілді:

Жыл.
жымай
тын
мүлік
түрі 

Кад.
астр
нө.
мірі

Ныса.
налы
мақ.
саты
(жос.
пар
бой.
ынша
литер)

Орна
ласқ
ан
жері

Жасау
саны

Қаб.
атты.
лығы,
қабат

Жал.
пы
алаңы

Тұрғын
, пай.
далы
алаңы

Бөлі.
нісі
(ЗУ)

Ескерту

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

      1) құқық тіркелді: 

Құқық түрі

Мазмұны 

Құқық
иеленуші 

Жалпы
меншік
нысаны,
үлесі

Құқықтың
пайда
болу
негізі

Тіркелген
күні, уақыты

 

  

  

  

  

  

      2) құқық ауыртпалығы тіркелді:  

Ауырт.
палық
түрі

Мазмұны 

Құқық
иеленуші
немесе
уәкілет.
ті орган
(мүдделі
адам)

Жалпы
меншік
нысаны ,
үлесі

Ауыртпа.
лықтың
пайда
болу
негізі

Тіркелген
күні, уақыты

  

  

  

  

  

  

Орындаушы           _____________           _____________________
                       (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы       _____________           _____________________
                       (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты)
Басшы               _____________           _____________________
                       (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты)

М.О.
_______________________________________________________________
      Ескерту:
      Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып
табылады.

                                       Қазақстан Республикасының
                                        Әділет аумақтық органдарымен
                                         Ақпараттық қызмет көрсету
                                                Қағидаларына
                                                  2 қосымша

       Ескерту: 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің
2007 жылғы 30 қаңтардағы  N 31  бұйрығымен.

                                     Жылжымайтын мүлікке құқықтары
                                       (ауыртпалықтары) және оның
                                     техникалық сипаттамалары туралы
                                             анықтамасының түрі

         ______________________________________________
                       Мемлекеттік органның атауы 

                   Жылжымайтын мүліктің жоқтығы
                    (барлығы) туралы анықтама

N __________                           200__ жылғы "___" __________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері, берген мекеме - жеке тұлға және оның өкілі үшін;
___________________________________________________________________
атауы, мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің тіркеу нөмірі -
____________________________________________________________берілді.
заңды тұлға үшін және оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
Оның атында _______________________________________________________
                         (жылжымайтын мүлкі болса
_______________________________________________________елді мекенде
                         оның орналасқан жері )
___________________________________________________________________
(жылжымайтын мүліктің мақсатты тағайындалуы) жылжымайтын мүлікке
меншік құқығы  тіркелген (тіркелген жоқ) .
                керек емесі сызылады
Орындаушы          _____________          _________________________
                        (қолы)            (Тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы      _____________          _________________________
                        (қолы)            (Тегі, аты, әкесінің аты)
Басшы              _____________          _________________________
                       (қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты)
М.О.
___________________________________________________________________
      Ескерту:
      Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтте жарамды болып
табылады.              

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады