Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бухгалтерлік есепке алудың нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бухгалтерлік есепке алу стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N 3
қаулысына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 4 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
стандарттың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша қозғалысы туралы есеп";
стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "ақша қаражатының", "ақша қаражаты", "ақша қаражатымен" деген сөздер "ақшаның", "ақша", "ақшамен" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Шетелдік валютамен жасалатын операциялардан алынатын ақша қозғалысы операция жасалған күнге валюта айырбасының рыноктық бағамы қолданылып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгемен көрсетіледі.".
Көрсетілген қаулымен бекітілген 9 "Шетелдік валютамен жасалатын операцияларды есепке алу" бухгалтерлік есепке алу стандартына:
1-сілтеме алынып тасталсын;
стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "субъектілері", "субъектінің", "субъект", "нетто-инвестициялардың", "нетто-инвестициялар" деген сөздер "ұйымдары", "ұйымның", "ұйым", "таза инвестициялардың", "таза инвестициялар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"шетелдік валютадағы операциялар және шетелдік бөлімшелердің ақшасын айырбастау нәтижесінде туындайтын түсімдер мен шығымдар ақшасының қозғалысы туралы есепке енгізу;".
3, 5-тармақтардағы "қазақстандық" деген сөз алынып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бөлімшелер - ұйымның филиалдары, өкілдіктері, оның еншілес, бағынышты және бірлесіп-бақыланатын, оның ішінде шетелдік, яғни қызметін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жүзеге асыратын заңды тұлғалар.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Есептілік валютасы - бұл қаржылық есептілік берілетін валюта, яғни теңге.";
5 тармақтағы "есепті валюта" деген сөздер "есептілік валюталары" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Валюта айырбасының рыноктық бағамы, бағам - активтік рынокта белгілі бір валютаға сұраныс пен ұсынысқа негізделіп анықталатын бір валютаны екінші валютаға қайта есептеуге арналған ара қатынасы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Түпкі бағам - есепті күнге шетелдік валютаға қатысты есептілік валютасының бағамы.";
11-тармақта "бірлескен кәсіпорындар" деген сөздер
"бірлесіп-бақыланатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бастапқы баға" тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бастапқы тану";
13-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) құны шетелдік валютада көрсетілген активтерді сатып алады және сатады.";
2) тармақшада "кредиттерді" деген сөз "заемдарды" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өзгеше активтерді сатып алады немесе сатады, шетелдік валютамен өзіне міндеттемелер алады немесе өтейді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Шетелдік валютадағы операцияларды бухгалтерлік есепке алуда бастапқы көрсету кезінде операцияларды жасау күніндегі валюта айырбасының рыноктық бағамын қолдану жолымен теңгемен танылады.";
"Кейінгі мерзімдерде көрсету" тарауының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кейіннен көрсету";
15-тармақта:
1) тармақшада "есепті мерзімнің аяқталу кезіндегі бағамды" деген сөздер "түпкі бағамды" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Ақша баптарын өтеу кезінде немесе қаржылық есептілікте ағымдағы және алдағы кезеңдерде олар танылғаннан ерекшеленетін валюталардың рыноктық айырбас бағамы бойынша ақша баптарын беру кезінде туындайтын бағамдық айырмалар олар туындаған кезеңінің кірістері немесе шығыстары ретінде танылуы тиіс.";
18-тармақта "субъектінің өз" деген сөздер "ұйымның өз" деген
сөздермен ауыстырылсын.
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті
белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы вице-министрі Б.Б.
Жәмішевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі