"Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 78 толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 384 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 16 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1978. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 75 Бұйрығымен

-----------Бұйрықтан үзінді----------

      "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабына жәнe Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" қаулысының қабылдануына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту бойынша бұйрықтардың күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қатынастарға әрекет етедi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Экономика және бюджеттік  
жоспарлау Министрлігінің  
      2005 жылғы 2 маусымдағы  
N 75 бұйрығына қосымша  

Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын
бекiту бойынша бұйрық тізбесі

      31. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 384 (тіркелген N 1978) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 "Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы бұйрығына N 78 толықтырулар енгізу туралы" бұйрығы...
-------------------------------------

      "Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнының олардың сапасы мен санына тәуелсiз сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 782  P020782_  қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  V991058_  бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында: 
      бюджеттiк кiрiстердiң сыныптамасында: 
      1 "Салық түсiмдерi" санатында: 
      05 "Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын iшкi салықтар" сыныбында: 
      1 "Қосылған құнға салынатын салық" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 06 және 07-ерекшелiктермен толықтырылсын: 
      "06 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы 
      07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын және импортталатын тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген қосылған құн салығы"; 
      2 "Акциздер" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77, 78, 79, 80, 81, 82, 83, 84 85, 86, 87-ерекшелiктермен толықтырылсын: 
      "70 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын спирттiң барлық түрлерiнiң кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      71 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын арақтың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      72 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын ликер-арақ бұйымдарының, күшейтiлген шырындардың және этил спиртiнiң көлемдi үлесi 12-ден 30 пайызға дейiн және одан жоғары күшейтiлген сусындардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      73 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шараптардың кедендік құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      74 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын коньяктардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      75 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шампан шараптарының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      76 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын сыраның кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      77 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын этил спиртiнiң көлемдi үлесi 1,5-тен 12 пайызға дейiн алкоголi аз күшейтiлген сусындардың, күшейтiлген шырындардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      78 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бекiре және албырт балықтар уылдырығының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      79 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын темекi бұйымдарының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      80 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын құрамында темекi бар басқа да бұйымдардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      81 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын жеңiл автомобильдердiң (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      82 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алтыннан, платинадан немесе күмiстен жасалған зергерлiк бұйымдардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      83 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын шарап материалдарының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      84 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын дизель отынының кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      85 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензиннiң (авиациялықты қоспағанда) кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      86 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын отпен және газбен атылатын қарудың (мемлекеттiк үкiмет органдарының мұқтажы үшiн алынатындарынан басқа) кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер 
      87 Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайдың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген акциздер"; 
      06 "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар" сыныбында: 
      1 "Кеден төлемдерi" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 03-ерекшелiкпен толықтырылсын: 
      "03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген кедендiк төлемдер"; 
      2 "Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар" iшкi сыныбы мынадай мазмұндағы 03 және 04-ерекшелiктермен толықтырылсын: 
      "03 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген кедендiк бақылауды және кедендiк рәсімдерді жүзеге асырудан түсетін түсімдер 
      04 Әкелiнетiн тауарлардың кедендiк құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесiнде жете есептелген отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде салынатын баждар".
      2. Заң қызметi департаментi (Н.Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қаржы министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады