Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 145 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 27 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1987. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі N 131 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрiнiң м.а. 2010.04.22 N 131 Бұйрығымен.

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен шарттардың принциптерін басшылыққа алып және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411 қаулысы негізінде БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетіне лицензиялық шарттарды міндетті мемлекеттік тіркеудің жүзеге асырылуын бақылау, мемлекеттік тіркеу куәлігін бере отырып авторлық құқық пен сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізу жүктелсін.
      3. Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және оларды бақылау департаментінде тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынсын.
      2) Нұсқаулықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеу туралы" 1998 жылғы 21 қазандағы N 205 Бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы    
Әділет министрінің      
2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 145
бұйрығымен бекітілді     

Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметін регламенттейді және:
      1) "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-1 Қазақстан Республикасының Заңы;
      2) "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы N 304  Қазақстан Республикасының Заңы;
      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы N 411 қаулысы негізінде әзірленген.

      2. Мемлекеттік тіркеуге, өздерінде көзделген тәсілдермен туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануда құқық иеленушілері (лицензиар) мен жеке және заңды тұлғалар (лицензиат) арасында жасалған лицензиялық шарттар жатады.
      Лицензиялық шарттың мемлекеттік тіркелуін ресми түрде растау
мәліметтерді мемлекеттік тізілімге енгізу және осы Нұсқаулықтың
1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік тіркеу куәлігін (бұдан әрі - МТК) беру болып табылады.

      3. Комитет лицензиялық шарттардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін жүргізеді.

2. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу

      4. Комитет лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі - мемлекеттік тіркеу) не оларды тіркеуден бас тартуды өтініш берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма күн ішінде жүргізеді.
      Комитет өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды талап еткен жағдайда, тіркеу мерзімі олар келіп түскенге дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34 бұйрығымен.

      5. Лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін Комитетке:
      1) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) лицензиялық шарт және оның көшірмесі, немесе нотариалды куәландырылған лицензиялық шарттың көшірмесі;
      3) заңды тұлға үшін - заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
      4) жеке тұлға үшін - заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған жеке куәліктің және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      5) лицензиат пайдаланатын авторлық құқық және сабақтас құқықтар атауларының тізілімі және лицензиялық шарттағы мәліметтерді растайтын өзге де құжаттар;
      6) эфирлік және кәбілдік хабар тарату ұйымдары үшін - бұқаралық ақпарат құралды есепке қою куәлігінің, телевизия және (немесе) радио арқылы хабар таратуды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік лицензияның заңнамада белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
      7) тіркеген үшін алым төленгенін растайтын құжат тапсырылады.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34 , 2009.03.05. N 21 Бұйрықтарымен.

       5-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде алымдарды төлеуден босатылған тұлғалар:
      Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар – белгіленген үлгiдегi куәлiктің көшірмесін немесе жеңiлдiктерге құқығы туралы белгiсi бар зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесін, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiне немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiне қоса берiлетiн куәлiктің көшірмесін, жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігінің не екiншi дүниежүзілiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа ерiксiз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтаманың көшірмесін, комиссариаттан алынған, басқа мемлекет аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын анықтаманың көшірмесін немесе басқа мемлекеттердiң аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгi соғылған әскери билеттің көшірмесін, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендiгiн растайтын құжат немесе жараланған, контузия алған немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттардың көшірмесін, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiне және медальдарына қоса берiлетiн куәлiктің көшірмесін, Чернобыль АЭС-iндегi аварияның зардаптарын жоюға қатысушы куәлiгiнің көшірмесін немесе Чернобыль АЭС-iндегi аварияның немесе азаматтық немесе әскери тағайындау объектiлерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын құжат немесе әскери комиссариаттан немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органнан немесе әскери тағайындау объектілерiндегi басқа радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан фактiсiн растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тiкелей қатысқанын растайтын анықтаманың көшірмесін;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар – еңбек кiтапшасының көшірмесін немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда жұмысы туралы мәлiметтері бар өзге де құжаттардың көшірмесін (жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелерi берген жұмыс кезеңдерi туралы мәліметтері бар құжаттардың, немесе бұйрықтардан, жеке шоттары мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзiндi көшiрмелердің, коммунистiк партия немесе кәсiподақ мүшелерінің мүшелік билеттерi немесе есеп карточкаларының, немесе қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс стажын анықтау жөнiндегi, зейнетақы тағайындау жөнiндегі комиссиялардың шешiмдерiнің, немесе сот шешiмдерiнің, немесе арнайы комиссиялардың шешiмдерінің), немесе 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда әскери қызмет кезеңi туралы мәлiметтері бар әскери билеттің немесе анықтаманың көшірмесін;
      мүгедектер – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектiк тобын белгiлеу туралы (белгiленген үлгiдегi) анықтамасының көшірмесін;
      бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі – халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесiнiң мүгедектіктi белгiлеу туралы (белгіленген үлгiдегi) анықтамасының көшірмесін және туу туралы куәліктің көшірмесін;
      Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін репатрианттар (оралмандар) – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетімен берілген оралманның куәлігінің көшірмесін;
      кәмелетке толмағандар – туу туралы кәлігінің көшірмесін ұсыну керек.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің  2009.03.05. N 21 Бұйрығымен.

       5-2. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуге өтінішті олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары ұсынады.
       Ескерту: 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің  2009.03.05. N 21 Бұйрығымен.

      6. Өтініш беруші лицензиялық шарттарды тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, оған тіркеуден бас тартылуы мүмкін. Тіркеуден бас тарту туралы шешім өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.

      7. Тіркеу лицензиялық шарттардың мемлекеттік тізіліміне (осы нұсқаулықтың 3-қосымшасы) тиісті жазу енгізу және өтініш берушіге белгіленген үлгідегі МТК беру жолымен жүргізіледі.
      МТК лицензиялық шартты тіркеу жасалғанын растайтын және оның иесіне туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады. МТК бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделеді және елтаңбалы мөрмен куәландырылады. МТК-нің қолданылу мерзімі лицензиялық шарттың қолданылу мерзімінен асуы мүмкін емес.

      7-1. Комитет МТК-ның түпнұсқасы жоғалған, бүлінген немесе басқа да дәлелді себептер болған жағдайда, оның телнұсқасын өтініш берушінің өтініші бойынша жеті жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.
      МТК телнұсқасын берген үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік тіркеген үшін алым алынады.
      Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34 бұйрығымен.

      8. Лицензиялық шарттың қолданылу мерзімін ұзарту кезінде Комитетке ұсынылған өтініш пен лицензиялық шарттың көшірмесі негізінде МТК-нің қолданылу мерзімі де ұзартылады.
       Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді- ҚР Әділет министрінің  2009.03.05. N 21 Бұйрығымен.       

3. Қорытынды ережелер

      9. Тіркеуге және лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ақпаратты беруге байланысты даулар сот арқылы шешіледі.

      10. <*>
      Ескерту: 10-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34 бұйрығымен .

      11. Лицензиялық шарттарды тіркеу туралы ақпарат заңнамада белгіленген тәртіппен берілуі мүмкін.

      12. Өтініш беруші берген мәліметтердің растығына Комитет жауапты емес.
      Ескерту: 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 34 бұйрығымен .

Қазақстан Республикасы       
Әділет министрінің        
2002 жылғы 27 қыркүйектегі    
N 145 бұйрығымен бекітілген    
Туындыларды және сабақтас құқықтар
объектілерін пайдалануға арналған 
лицензиялық шарттарды тіркеу туралы
нұсқаулыққа 1-қосымша     

          Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
          Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитет
                N ____ мемлекеттік тіркеу куәлігі

    ___________  қ.                          200__ жылғы "__" _____

__________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері
___________________________________________________________________,
              немесе атауы, заңды деректемелері)
___________________________________________________________________
________________________ берілді

     200___ жылғы "__" ________ N ____ _____________________________
___________ лицензиялық шарт негізінде
     Лицензиар______________________________________________________
____________________________________________________________________

     Лицензиат______________________________________________________
____________________________________________________________________
     Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар
объектісінің түрі___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

     Қолданылу мерзімі __________________________________
     Мерзімі ______________________________ дейін ұзартылған

     Комитет төрайымы  _______________

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрінің       
2002 жылғы 27 қыркүйектегі    
N 145 бұйрығымен бекітілген   
Туындыларды және сабақтас құқықтар
объектілерін пайдалануға арналған 
лицензиялық шарттарды тіркеу туралы 
нұсқаулыққа 2-қосымша     

                                     Комитеттің төрайымына     
                                       (тегі, аты-жөні)       

                      ______________________________________________
                        (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты,
                      _____________________________________________
                        тұрғылықты жері; заңды тұлға үшін - заңды
                             тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)    
                      телефоны: ____________________________________

                          ӨТІНІШ

Мен (Біз) _________________________________________________________
           (жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты; заңды
           тұлға үшін - заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы)
___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиардың тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы мен заңды
                             деректемелері) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқықтар
объектісінің түрі __________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     Өтінішке қосымша беріледі: 1. ________________________
                                  ________________________
                               2. ________________________
                                  ________________________
                               3. ________________________
                                  ________________________

20 ____ жылғы "__" _________           _________________________
                                      (өтініш берушінің қолы)    

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрінің       
2002 жылғы 27 қыркүйектегі    
N 145 бұйрығымен бекітілген   
Туындыларды және сабақтас құқықтар
объектілерін пайдалануға арналған
лицензиялық шарттарды тіркеу туралы
нұсқаулыққа 3-қосымша     

          Лицензиялық шарттардың мемлекеттік тізілімі

--------------------------------------------------------------------
Р/с!Өтініштің келіп  !Тіркелген күні   !Мемлекеттік тіркеу!Өтініш
   ! түскен күні     !(күні, айы, жылы)! куәлігінің нөмірі!берген
   !(күні, айы, жылы)!                 !                  !заңды
   !                 !                 !                  !тұлғаның
   !                 !                 !                  !тегі,
   !                 !                 !                  !аты,әке.
   !                 !                 !                  !сінің
   !                 !                 !                  !аты
   !                 !                 !                  ! немесе
   !                 !                 !                  !атауы --------------------------------------------------------------------
1 !        2        !        3        !        4         !    5   --------------------------------------------------------------------

таблицаның жалғасы:
--------------------------------------------------------------------
Лицензиар туралы мәліметтер!Пайдаланылатын туындының!Күні және !Ес.
(тегі, аты, әкесінің аты  !   түрі және (немесе)   !мемлекет. !кер.
немесе ұжымдық негізде    !сабақтас құқықтар объек.!тік тіркеу!ту.
   мүліктік құқықтарды     !     тісі               ! куәлігін !лер
басқаратын ұйымның атауы,  !                        !алғаны ту.!
лицензиялық шарттың нөмірі,!                        !ралы қолы !
күні, қолданылу мерзімі)   !                        !          !
--------------------------------------------------------------------
            6              !          7             !    8     ! 9
--------------------------------------------------------------------

Об утверждении Инструкции о государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 сентября 2002 года N 145. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 сентября 2002 года N 1987. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 22 апреля 2010 года N 131

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 22.04.2010 N 131 (порядок введения в действие см. п. 5).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "Об авторском праве и смежных правах" и "Об органах юстиции", руководствуясь принципами международных Конвенций и Договоров в области авторского права и на основании постановления Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 года N 411 "Вопросы Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан" приказываю:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав (далее - Инструкция).

      2. Возложить на Комитет по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан контроль за осуществлением обязательной государственной регистрации лицензионных договоров с выдачей государственного регистрационного удостоверения, ведение единого государственного реестра лицензионных договоров в сфере авторского права и смежных прав.

      3. Комитету по правам интеллектуальной собственности:
      1) в установленном порядке представить настоящий приказ для регистрации в Департамент регистрации и контроля за нормативными правовыми актами центральных и местных государственных органов Министерства юстиции Республики Казахстан;
      2) обеспечить опубликование Инструкции в средствах массовой информации.

      4. Признать утратившим силу Приказ Министра энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан от 21 октября 1998 года N 205  "О регистрации лицензионных договоров и соглашений в сфере авторского права и смежных прав".

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Председателя Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан Сахипову Н.Н.

      Министр

Утверждена         
приказом Министра юстиции  
Республики Казахстан    
от 27 сентября 2002 года N 145

Инструкция
о государственной регистрации лицензионных договоров
на использование произведений и объектов смежных прав

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция детализирует деятельность Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - Комитет) по государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав (далее - Инструкция) и разработана на основании Закона Республики Казахстан от 10 июня 1996 года "Об авторском праве и смежных правах", Закона Республики Казахстан от 18 марта 2002 года  "Об органах юстиции", постановления Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 года N 411 "Вопросы Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан".
      2. Государственной регистрации подлежат лицензионные договоры, заключаемые между правообладателями (лицензиар) и физическими и юридическими лицами (лицензиат), на использование, предусмотренными в них способами произведений и объектов смежных прав.
      Официальным подтверждением государственной регистрации лицензионного договора является занесение сведений в государственный реестр и выдача государственного регистрационного удостоверения (далее - ГРУ), согласно приложению N 1 к настоящей Инструкции.
      3. Комитет ведет единый государственный реестр лицензионных договоров.

2. Государственная регистрация
лицензионных договоров

      4. Государственная регистрация лицензионных договоров (далее - государственная регистрация) либо отказ в их регистрации производится Комитетом в двадцатидневный срок со дня поступления заявления от заявителя.
      Срок регистрации может быть приостановлен в случае затребования Комитетом дополнительных документов, подтверждающих сведения, содержащиеся в заявлении, до их получения.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями - приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2006 года N 34 (вводится в действие со дня его официального опубликования). 
      5. Для государственной регистрации лицензионных договоров в Комитет представляются:
      1) заявление по форме, согласно приложению N 2 к настоящей Инструкции;
      2) лицензионный договор и его копия, либо нотариально засвидетельствованная копия лицензионного договора;
      3) для юридического лица - копия свидетельства о государственной регистрации, заверенная в установленном законодательством порядке;
      4) для физического лица - копии удостоверения личности заявителя и свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, заверенные в установленном законодательством порядке;
      5) перечень наименований объектов авторских и смежных прав, используемых лицензиатом и иные документы, подтверждающие сведения, содержащиеся в лицензионном договоре.
      6) для организаций эфирного и кабельного вещания - копии свидетельства о постановке на учет средства массовой информации, государственной лицензии по организации телевизионного и (или) радиовещания, заверенные в установленном законодательством порядке;
      7) документ, подтверждающий оплату сбора за государственную регистрацию.
      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными приказами Министра юстиции РК от 31.01.2006 N 34 (вводится в действие со дня его официального опубликования); от 05.03.2009 № 21 (порядок введения в действие см. п. 4 ).
       5-1. Лица освобожденные от уплаты сборов при государственной регистрации лицензионных договоров на использование произведений и объектов смежных прав, представляют:
      участники Великой Отечественной войны и приравненные к ним лица – копию удостоверения установленного образца или копию пенсионного удостоверения с отметкой о праве на льготы, или копию удостоверения к медали «За оборону Ленинграда» или к знаку «Жителю блокадного Ленинграда», или копию удостоверения бывшего несовершеннолетнего узника, либо архивной справки о принудительном содержании в концлагерях, гетто и других местах принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период второй мировой войны, или копию справок из военного комиссариата, подтверждающих участие в боевых действиях на территории других государств или копию военного билета с отметкой об участии в боевых действиях на территории других государств, или копию документа, подтверждающего работу по обслуживанию советского воинского контингента в Афганистане или копию медицинских документов, подтверждающих ранение, контузию, увечье, или копию удостоверения к орденам и медалям бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, или копию удостоверения участника ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС или копию документа, подтверждающего участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС или других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, участие непосредственно в ядерных испытаниях и учениях или копию справки из военного комиссариата или уполномоченного органа в области чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, подтверждающую факт участия в ликвидации радиационных катастроф и аварий на объектах военного или гражданского назначения, участия непосредственно в ядерных испытаниях и учениях;
      лица, награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, лица, проработавшие (прослужившие) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – копию трудовой книжки или копии иных документов, содержащих сведения о работе с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года (документа, содержащего сведения о периодах работы, выданного с места работы, а также архивными учреждениями, или выписки из приказов, лицевых счетов и ведомостей на выдачу заработной платы, или членского билета или учетной карточки членов коммунистической партии или профсоюзов, или решения комиссий по установлению стажа работы, по назначению пенсий, осуществлявшие деятельность в соответствии с ранее действовавшим законодательством, или решения судов, или решения специальных комиссий, или удостоверения о праве на льготы, выданное до 1998 года, или справки, подтверждающие факт учебы в фабрично-заводских училищах), или копию военного билета или копию справки, содержащей сведения о периоде военной службы с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года;
      инвалиды – копию справки территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения (установленного образца) об установлении группы инвалидности;
      один из родителей инвалида с детства – копию справки территориального подразделения центрального исполнительного органа в области социальной защиты населения (установленного образца) об установлении инвалидности и копию свидетельства о рождении;
      репатрианты (оралманы) до приобретения гражданства Республики Казахстан – копию удостоверения оралмана, выданное Комитетом по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан;
      несовершеннолетние – копию свидетельства о рождении.
       Сноска. Инструкция дополнена пунктом 5-1 в соответствии с приказом Министра юстиции РК от 05.03.2009 № 21 (порядок введения в действие см. п. 4 ).
      5-2. За несовершеннолетних, не достигших четырнадцати лет, заявление на регистрацию лицензионного договора на использование произведений и объектов смежных прав предоставляют от их имени родители, усыновители или опекуны.
      Сноска. Инструкция дополнена пунктом 5-2 в соответствии с приказом Министра юстиции РК от 05.03.2009 № 21 (порядок введения в действие см. п. 4).
      6. Регистрация не производится в случае непредставления заявителем полного пакета документов, необходимых для регистрации лицензионных договоров. Решение об отказе в регистрации сообщается заявителю в письменной форме.
      7. Регистрация производится путем внесения в государственный реестр лицензионных договоров (приложение N 3 к настоящей Инструкции) с соответствующей записи и выдачи заявителю ГРУ установленного образца.
      ГРУ является документом, подтверждающим произведенную регистрацию лицензионного договора и дающим право его обладателю использовать произведения и объекты смежных прав. ГРУ оформляется на бланке установленного образца за подписью первого руководителя Комитета либо лицом, его замещающим и заверяется гербовой печатью. Срок действия ГРУ не может превышать срока действия лицензионного договора.
      7-1. По заявлению заявителя Комитетом в течение семи рабочих дней в случае утери оригинала ГРУ, его порчи или других уважительных причин может быть произведена выдача его дубликата.
      За выдачу дубликата ГРУ взимается сбор, устанавливаемый в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Глава 2 дополнена пунктом 7-1 - приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2006 года N 34 (вводится в действие со дня его официального опубликования).
      8. При продлении срока действия лицензионного договора продлевается и срок действия ГРУ на основании представленного в Комитет заявления и копии лицензионного договора.
      Сноска. Пункт 8 с изменениями, внесенными приказом Министра юстиции РК от 05.03.2009 № 21 (порядок введения в действие см. п. 4 ).

3. Заключительные положения

      9. Споры, связанные с регистрацией и представлением информации о регистрации лицензионного договора, разрешаются судом.
      10. (исключен - приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2006 года N 34 (вводится в действие со дня его официального опубликования).
      11. Информация о регистрации лицензионных договоров может быть представлена в порядке, установленном законодательством.
      12. Комитет не несет ответственности за недостоверность сведений, представляемых заявителями.
      Сноска. Глава 3 дополнена пунктом 7-1 - приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 31 января 2006 года N 34 (вводится в действие со дня его официального опубликования).

                   Приложение 1         
к Инструкции о государственной 
регистрации лицензионных   
договоров на использование  
произведений и объектов смежных 
прав, утвержденной приказом  
Министра юстиции      
Республики Казахстан    
от 27 сентября 2002 года N 145

Министерство юстиции Республики Казахстан

 Комитет по правам интелектуальной собственности
           Государственное регистрационное удостоверение N ____

      г. ___________                        "___"______200__года

     Выдано_______________________________________________________
        (фамилия, имя, отчество, паспортные данные или наименование,
__________________________________________________________________
                      юридические реквизиты заявителя)
__________________________________________________________________

     На основании лицензионного договора
__________________________________________________________________

от "____"__________200__года за N ___

Лицензиар_________________________________________________________

__________________________________________________________________

Лицензиат ________________________________________________________

__________________________________________________________________

Вид используемого произведения и (или) объекта смежных прав ______

__________________________________________________________________

Срок действия ____________

Срок продлен до __________

Председатель_________________

 

Приложение 2         
к Инструкции о государственной 
регистрации лицензионных   
договоров на использование  
произведений и объектов смежных 
прав, утвержденной приказом  
Министра юстиции      
Республики Казахстан    
от 27 сентября 2002 года N 145


Председателю Комитета            

__________________________       
(Фамилия, инициалы)           

от _______________________________________
(для физического лица - фамилия, имя, 

_________________________________________
отчество, место проживания; для   

юридического лица - наименование  

юридического лица, юридический адрес)

телефон: _________________________________

Заявление


     Я (Мы) __________________________________________________________
               (для физического лица - фамилия, имя, отчество;

______________________________________________________________________
         для юридического лица - наименование юридического лица)

прошу (просим) зарегистрировать лицензионный договор, заключенный с

______________________________________________________________________
             (фамилия, имя, отчество или полное наименование

______________________________________________________________________
                   и юридические реквизиты лицензиара)

______________________________________________________________________

     Вид используемого произведения и (или) объекта смежных прав

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

К заявлению прилагаются:      1.__________________

                              2.__________________

                              3.__________________

"___" 200______ года          ____________________
                               (подпись заявителя)

Приложение 3        
к Инструкции о государственной 
регистрации лицензионных   
договоров на использование  
произведений и объектов смежных 
прав, утвержденной приказом  
Министра юстиции        
Республики Казахстан      
от 27 сентября 2002 года N 145 

      
 
Государственный реестр
лицензионных договоров

N  ! Дата      !  Дата     ! Номер   !Фамилия, имя,!Сведения о лицензиаре
п/п!поступления!регистра-  !государ- !отчество или !(фамилия, имя, отчество
   !заявления  !ции(число, !ственного!наименование !или наименование орга-
   !число,     !месяц, год)!регистра-!юридического !низации, управляющей
   !месяц, год)!           !ционного !лица, подав- !имущественными правами
   !           !           !удостове-!шего заявку  !на коллективной основе,
   !           !           !рения    !             !номер, дата и срок
   !           !           !         !             !действия лицензионного
   !           !           !         !             !договора)
---------------------------------------------------------------------------
 1 !     2     !      3    !    4    !      5      !           6
---------------------------------------------------------------------------

продолжение таблицы

_________________________________________
   Вид       !Дата и подпись  !Примечание!
используемого!в получении     !          !
произведения !государственного!          !
и/или объект !регистрационного!          !
смежных прав !удостоверения   !          !
-----------------------------------------!
      7      !        8       !    9     !
-----------------------------------------!