Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1998 жылғы 21 қазандағы N 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 14 қарашада тіркелді. Тіркеу N 647. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі N 145 ~V021987 бұйрығымен.

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Z960006_ Заңды жүзеге асыру, нормативтік-құқық базасын реттеу мақсатында, авторлық құқық саласындағы халықаралық Конвенциялар мен Шарттардың қағидаларын басшылыққа алып, 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Z980213_ Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабындағы 3-тармақтың 3-тармақшасында берілген өкілеттіктерге сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі N 310 P980310_ Қаулысының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қорытындысының негізінде Бұйырамын:
      1. "Туындыларды және сабақтас құқық нысандарын пайдалану үшін жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді мемлекеттік тіркеу Ережелері" бекітілсін (N 1 қосымша).
      2. Мемлекеттік тіркеу куәлігінің нысаны бекітілсін (N 2 қосымша).
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігіне лицензиялық шарттар мен келісімдердің міндетті мемлекеттік тіркеуін жүзеге асырып, және мемлекеттік тіркеу куәлігін беру, авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдердің мемлекеттік тізілімін жүргізу жүктелсін.
      4. Авторлық құқықтар жөніндегі агенттіктің қызметіне жетекшілік ететін Вице-министр, Агенттік директоры:
      1) Ережелерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте тіркеу үшін осы бұйрық пен Ережелерді табыс етсін;
      2) тіркелген Ережелерді барлық мүдделі шығармашылық қызметкерлерге, олардың ерікті қоғамдық бірлестіктері мен одақтарына, министрліктер мен ведомстволарға дейін жеткізсін;
      3) туындылар мен сабақтас құқық объектілерін оларда көзделген әдістермен пайдалану құқығын тапсыру туралы жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеп, мемлекеттік тіркеу куәлігін беруде осы Ережелерді қатаң басшылыққа алсын.
      5. Бақылау жасау Бірінші Вице-министр Е. Әбітаевқа жүктелсін.

       Министр
                                                        N 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрінің 1998 ж. 21.10. N 205 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН


          Туындыларды және сабақтас құқық нысандарын пайдалану үшін
       жасалған лицензиялық шарттар мен келісімдерді мемлекеттік тіркеуге
                                алу
                             ЕРЕЖЕЛЕРІ

      1. Қазақстан Республикасының Заңына, авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары және халықаралық шарттарға сәйкес туындылар мен сабақтас құқық нысандарын алдын-ала белгіленген жолдармен пайдалану жөніндегі құқық иелері (лицензиар) мен заңды және жеке тұлғалар (лицензиат) арасындағы лицензиялық шарттар мен келісімдер мемлекеттік тіркеуден өткізілуге тиіс.
     2. Лицензиялық шарттар мен келісімдерді тіркеу және мемлекеттік тіркеу куәлігін (МТК) беру Авторлық құқықтар жөніндегі агенттік директорының атына берілген өтініш негізінде және белгіленген жиынды төлеп, осы Ережелердің басқа да талаптарын орындағанда жасалады.
      Тіркеуге лицензиялық шарт немесе келісімнің түпнұсқасы мен бір көшірмесі тапсырылады. Тіркеу өткізетін мемлекеттік органның, немесе өтініш берушінің еркі бойынша өтінішпен бірге онда берілген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттар жүруі мүмкін.
      3. Лицензиялық шарттар мен келісімдердің мемлекеттік тіркеуін өтініш және лицензиялық шарт, немесе келісімнің көшірмесі берілгеннен кейін үш күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі жүргізеді. Өтініш беруші осы Ережелерді, авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңдарды бұзған жағдайда, оған тіркеу және МТК беруге қарсылық жасалуы мүмкін. Тіркеу жасауға қарсылық ету туралы шешім өтінім берушіге бір апталық мерзімде жазбаша түрде хабарланады.
      Өтініште, лицензиялық шартта, немесе келісімде белгіленген мәліметтерді растайтын құжаттарды алдыру қажет болған жағдайда Авторлық құқықтар жөніндегі агенттік тіркеу мерзімін ұзартуы мүмкін.
      4. Тіркеу лицензиялық шарттар мен келісімдердің Тізбек журналына тиісті жазба енгізіп, және өтініш иесіне белгіленген үлгідегі МТК беру арқылы жасалады.
      Мемлекеттік тіркеу куәлігі лицензиялық шарт немесе келісімнің тіркелгенін растайтын және оның иесіне туындылар мен сабақтас құқық нысандарын пайдалануға құқық беретін құжат болып табылады. МТК Авторлық құқықтар жөніндегі агенттік директорының қолы қойылып, елтаңба мөрімен расталған белгіленген үлгідегі бланкіге толтырылады.
      МТК-нің әрқайсысына лицензиялық шарттар мен келісімдердің

Тізбек-журналында жеке нөмір беріледі.
     МТК-не:
     1) лицензиаттың фамилиясы, аты-жөні, азаматтық куәлігінің мәліметтері 
немесе атауы мен заңды реквизиттері;
     2) лицензиардың фамилиясы, аты-жөні, азаматтық куәлігінің мәліметтері 
немесе атауы мен заңды реквизиттері;
     3) берілу негізі (лицензиялық келісім немесе шарт);
     4) туындының немесе сабақтас құқық нысанының атауы;
     5) туындыны немесе сабақтас құқық нысанын пайдалану жолдары және 
тапсырылған құқық көлемі;
     6) МТК берілу уақыты және күші бар мерзімі.
     МТК-нің күші бар мерзімі лицензиялық шарт немесе келісімнің күші 
көрсетілген уақыттан аспауға тиіс шарттар енгізіледі.
     5. Лицензиялық шарт немесе келісімнің күші мерзімі ұзартылған 
жағдайда Авторлық құқықтар жөніндегі агенттікке берілген өтініш негізінде 
МТК-нің де күшінің мерзімі ұзартылады.    
     


                                                           N 2 қосымша

Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда министрінің 1998 ж. 21.10. N 205 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН


         Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда

         министрлігінің Авторлық құқықтар жөніндегі агенттігі
     
                Мемлекеттік тіркеу куәлігі N_____
     
     
     _____________қ.            "____"_______________199___ж.
     Берілді
     
     _______________________________________________________
    (Өтініш берушінің тегі, аты-жөні, әкесінің аты, төлқұжат
     мәліметтері немесе атауы мен заңды реквизиттері)
     
     _______________________________________________________
         
    Лицензиялық шарттың (келісімнің) негізінде________________
     
     ________________________________________________________
     ________________________________________________________
     
     ______________199__ж. _______________"_____" жасалған
     
     Лицензиар _____________________________________________
     __________________________________________________________
     __________________________________________________________
     
     Лицензиат _________________________________________________
     ___________________________________________________________
     ___________________________________________________________
     
     Пайдаланылатын туындының және (немесе) сабақтас құқық
     нысанының түрі _____________________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     
     
     Күші бар мерзімі________________________
     Мерзімі______________ дейін ұзартылған
     
     
     
     Авторлық құқықтар жөніндегі
     агенттіктің директоры            
                                 
                                               __________________
     
     Оқығандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады