Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту туралы" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 356. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 қазанда тіркелді. Тіркеу N 1990. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 252 (V043072) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" Нұсқауды бекіту туралы" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118  V960238_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногы кәсіпқой қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы нұсқауда: 
      N 1 "Брокерлік-дилерлік қызметтің қорытындылары туралы есеп" нысаны; 
      N 3 "Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі есеп" нысаны алынып тасталсын. 
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін. 
      3. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамының және "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" жабық акционерлік қоғамына және "Қазақстан Тізілім ұстаушыларының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
     Төрағасы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады