Байланыс қызметтерiн ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 12-2-2/2010 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2022. Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005 жылғы 31 қаңтардағы N 32-п бұйрығымен.

---------------бұйрықтан үзінді-------------------

     "Байланыс саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 998 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. "Байланыс қызметтерiн ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 12-2-2/2010 бұйрығының күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 23 қазанда N 2022 болып тіркелген)...

     Төрағаның м.а.

----------------------------------      

     Байланыс қызметтерiн ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға арналған лицензияларды беру жөнiндегi жұмыстарды тәртiпке келтiру мақсатында және "Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 1665 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қоса берiлiп отырған:
     1) Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беруге өтiнiштердi қарау жөнiндегi лицензиялық комиссияның жұмыс регламентi;
     2) Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беруге өтiнiштердi қарау мен лицензиялар беру нұсқаулығы бекiтiлсiн.
     2. Байланыс саласындағы лицензиялау және РЖС пайдалануды жоспарлау басқармасының бастығы (Нұршабеков Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi заңнамада белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасары A.Қ.Жұмағалиевке жүктелсiн.
     4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

     Төраға

Қазақстан Республикасы Көлiк және
коммуникациялар министрлiгiнiң
Байланыс және ақпараттандыру  
жөнiндегi комитеті Төрағасының
2002 жылғы 20 қыркүйектегі  
N 12-2-2/2010 бұйрығымен   
бекiтiлген           

Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға өтiнiштердi қарау және лицензиялар беру жөнiндегi нұсқаулық

     1. Осы нұсқаулық "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына , "Почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиілік спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 қаулысына (бұдан әрi - Ереже) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға өтініштердi қарау және лицензияларды беру тәртiбiн жүйелейдi.

     2. Лицензиялар алу үшiн заңды және жеке тұлғалар Комитетке Ережеде белгiленген қажеттi құжаттарымен қоса, Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлік қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтiнiштерiн (бұдан әрi - өтiнiш) тапсырады.

     3. Комитетке түскен өтiнiш кiрiстiк хат-хабарлар журналына тiркеледi және Байланыс саласындағы лицензиялау және РЖС пайдалануды жоспарлау басқармасына (бұдан әрi - Басқарма) түседi.
     Құжаттар Басқармаға түскен жағдайда, өтiнiш кiрiстiк хат-хабарлар журналына тіркеледi және Байланыс саласындағы лицензиялау, стандарттау және сертификаттау бөлiмiне (бұдан әрi - ЛБ) тапсырылады.

     4. Құжаттар ЛБ түскен сәттен бастап тапсырылған материалдардың Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерінің талаптарына сәйкестiлігі тексерiледi, бұдан кейін материалдар Комиссияның қарауына ұсынылады.

     5. Өтiнiш қарауға мынадай жағдайларда қабылданбайды:
     1) өтiнiш мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет түрлерiне берiлгенде;
     2) Ереженiң 20-22-тармақтарына сәйкес барлық талап етiлетiн құжаттар тапсырылмағанда.

     6. Радиожиiлiк спектрiн (бұдан әрi - РЖС) пайдалануға байланыссыз қызметке өтiнiш бергенде, ЛБ Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия беруге арналған өтiнiштердi қарау жөнiндегi лицензиялық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) мүшелерi қарау үшiн лицензиялардың жобаларын әзiрлейдi.

     7. РЖС пайдаланумен байланысты кәсiпкерлiк қызметке өтiнiш бергенде, ЛБ құжаттар жиынтығының көшiрмесiн радиожиіліктi меншiктеу бөлiмiне радиожиіліктi пайдалану мүмкiндiгiне немесе мүмкiн еместiгiне техникалық, қорытынды әзiрлеу үшiн тапсырады.

     8. Комиссия мәжiлiсiне дейiнгi үш күн iшiнде Комиссия Хатшысы дайындалған лицензияларға қосымшалардың жобаларын және өтiнiш берушiлер жөнiндегi қысқаша анықтаманы Комиссия мүшелерiне қарауға жiбередi. Қорытынды ұсыну мақсатында Комиссия мүшелерi мәжiлiстi өткiзгенге дейiн лицензиялық iстермен таныса алады.
     Өздерiнiң ұсынымдарын Комиссия мүшелерi лицензиялық комиссияның хатшысына мәжіліс басталғанға дейiнгi бiр күн iшiнде жазбаша түрде тапсырады.

     9. Комиссия Комитет Төрағасына лицензия беру не лицензия беруден бас тарту туралы ұсыныс жасайды.

     10. Комиссия ұсыныстарының негiзiнде Комитет Төрағасы лицензия беру не лицензия беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

     11. Лицензияларды өткiзiлген конкурс негiзiнде бергенде, ЛБ оларды конкурстық комиссияның хаттамалық шешiмiне сәйкес Ереженiң 3-тармағында тағайындалатын конкурсты өткiзу шарттарында белгiленген мерзiмде және тәртiппен ресiмдейдi.

     12. Лицензия өтiнiмдi тiркеген сәттен бастап бiр айлық мерзiмнен кешiктiрмей ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - ЛБ-ға барлық қажеттi құжаттарымен бiрге өтiнiш келiп түскеннен кейiн 10-күндiк мерзiмнен кешiктiрмей берiледi.
     Қажет болғанда, Ереженiң 27-тармағына сәйкес ұсынылған материалдар техникалық сараптау жүргiзуге жiберiлуi мүмкiн, бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарланады. Бұл ретте өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiш берушiмен келiсiм бойынша екi айдан артық емес уақытқа ұзартылуы мүмкiн.

     13. Төраға лицензияға қол қойғаннан кейiн өтініш берушiге 3-күндік мерзiмде ЛБ-дан немесе Комитеттiң аумақтық бөлiмшесiнен лицензияны алу қажеттілігі туралы хабарлама жiберiледi.
     Лицензия өтiнiш берушiге немесе оның сенiмдi адамына берiледi.
     Лицензия алу үшiн өтiнiш берушiнiң (заңды тұлғаның) өкiлеттi адамы немесе оның сенiмдi адамы мыналарды: лицензия алуға сенімхат, жеке куәлiгiн ұсынады. Лицензия бланкiсiне оның берiлген күнi қойылады және алушыға тиiстi құжаттар ресiмделгеннен кейiн лицензия берiледi.

     14. ЛБ байланыс саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға берiлген, тоқтатылған және керi шақырылған лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi, лицензиялардың көшiрмелерiн лицензиаттардың лицензия шарттарын орындауына бақылауды жүзеге асыратын Байланыс саласындағы мемлекеттiк қадағалау басқармасына тапсырады.
     ЛБ тоқсан сайын берiлген, тоқтатылған және керi шақырылған лицензиялардың мерзімдік басылымдарда жарияланатын тiзiмiн жас, coндай-ақ "Қазақтелеком" ААҚ-қа, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнің жанындағы Операторлар кеңесiне және жарты жылда бiр рет Қазақстан Республикасының Қаржы полициясының агенттiгiне, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiне мәлiметтер үшiн жiберiледi.

    

Қазақстан Республикасы Көлiк   
және коммуникациялар министрлiгінің
Байланыс және ақпараттандыру  
жөнiндегi комитетi Tөpaғасының
2002 жылғы 20 қыркүйектегі  
N 12-2-2/2010 бұйрығымен   
бекiтiлген          

Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар беруге өтiніштердi қарау жөнiнде лицензиялық комиссияның жұмыс
РЕГЛАМЕНТI

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Регламент "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласында кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау, радиожиiлiк спектрiн пайдалану тәртiбi туралы ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1443 қаулысына сәйкес әзiрлендi.

2. Лицензиялық комиссияның қызметiн ұйымдастыру

     2. Қазақстан Республикасында почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар беруге өтiнiштердi қарау жөнiнде лицензиялық комиссияның құрамы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi Төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.

     3. Комиссияның құрамына Комитеттiң бiлiктi мамандары енгiзiледi.

     4. Комиссияның хатшысы - Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитеттің байланыс саласындағы лицензиялау стандарттау және сертификаттау бөлiмiнiң қызметкерi, iс жүргiзу ережесiне сәйкес Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдармен барлық ағымдық жұмысты қамтамасыз етедi.

     5. Комиссия Хатшысы байланыс саласындағы қызметтердi ұсынуға лицензияларға қосымшалар жобасының дұрыс ресiмделуiн тексередi және Комиссия мәжiлiсiне дейiнгi үш күн iшiнде қосымшалар жобасын және өтiнiш берушiлер жөнiндегі қысқаша анықтаманы Комиссия мүшелерiне қарауға жiбередi. Қорытынды ұсыну мақсатында Комиссия мүшелерi мәжiлiстi өткiзгенге дейiн лицензия iстерiмен таныса алады.

     6. Комиссия мүшелерi мәжiлiске дейiнгi бiр күн iшiнде өздерінің ұсынымдарын жазбаша түрде комиссия Хатшысына тапсырады. Комиссияның барлық мүшелерiнiң қорытындысын алғаннан кейiн Хатшы лицензиялық iстi Комиссия мәжiлiсiне ұсынады.

3. Комиссия мәжiлiстерi

     7. Комиссия мәжiлiстерi айына екi рет өткiзiледi. Қажет болған жағдайда немесе комиссия мүшелерiнiң бастамасы бойынша кезектен тыс шақырылуы мүмкiн.

     8. Комиссия мәжiлiсi оған қатысушылардың саны комиссия мүшелерiнің жалпы санының жартысынан кем болмағанда құқылы деп есептеледi.

     9. Комиссия ашық дауыс беру жолымен шешiм қабылдайды.
     Шешiм мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерінің жалпы санының басым дауысымен қабылданады. Комиссия Хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.
     Дауыс тең бөлiнген жағдайда, Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
     Комиссия мүшелерi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда, өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде мазмұндауға құқылы және ол мәжіліс хаттамасына тiркеледi.

     10. Комиссияның барлық шешiмдерi хаттамада ресiмделедi. Хаттамаға құжаттардың әрбiр дестесi бойынша Комиссия мүшелерiнiң айтқан ұсыныстары мен ұйғарымдары енгiзiледi.

     11. Комиссия Хатшысы мәжiлiс өткеннен кейiн үш күн мерзiм iшiнде хаттаманы ресiмдейдi, оған комиссия мүшелерi қол қояды және Комитет Төрағасы бекiтедi.

     12. Комиссия мәжілісiнде лицензиялар жобаларын қарау кезiнде қажет болуына қарай почта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы кәсiпкерлiк қызметке өтiнiм берген заңды және жеке тұлғалардың өкiлдерi дауыс беруге құқықсыз шақырылуы мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады