"Қазақстан Республикасында жүктiлiктi тоқтатуды жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 905 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2024. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Денсаулық сақтау жүйесiндегi қолданылып жүрген заңдарды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шiлдедегi N 687 "Жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" бұйрығына (2002 жылғы 8 тамызда ресми газетте жарияланған 2001 жылғы 10 тамыздағы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiндегi мемлекеттiк тiркеуi N 1620; "Қазақстан Республикасында жүктiлiктi тоқтатуды жүргiзудiң айғақтары мен ережелерi туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2001 жылғы 24 шілдедегi N 687 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2002 жылғы 13 мамырдағы N 481 бұйрығының мемлекеттiк тiркеуi N 1884) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жүктiлiктi жасанды жолмен тоқтату операциясын жүргiзудiң Ережесiнде:
      8-тармақта "028/y есепке алу үлгiсiн пайдалана oтырып" сөздерi алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Емдеу-алдын алу iсi департаментiнiң директоры Халел Сағынға жүктелсiн.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады