Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Шетелдік эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 205 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу тәртібі туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 93 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 393 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 6 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2032. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 117 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2005 жылғы 26 наурыздағы   
N 117 қаулысына Қосымша    

Қазақстан Республикасының күшi жойылды деп танылған
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң тiзбесi

      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлетiн басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздарына рұқсат беру Ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3-маусымдағы N 205 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 23-қыркүйектегi N 393 қаулысы және Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы Директоратының "Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес айналысқа жiберуге рұқсат беру тәртiбi туралы" 2001 жылғы 11-қаңтардағы N 93 қаулысының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2032 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 18-қараша-1-желтоқсанда жарияланған, N 24).

------------------------------------

      Қазақстан Республикасының эмиссиялық бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтарын және мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. <*>
       Ескерту:1-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 305 қаулысымен.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.
      3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағына айналысқа жіберу тәртібі туралы" 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 93  қаулысының  күші жойылды деп танылсын.
      4. Бағалы қағаздар нарығын реттеу департаменті (Шалғымбаева Г.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады