Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберудiң тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының қаулысы 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 93. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 13 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1401

      Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарған облигацияларын және халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) және 6) тармақшаларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарған облигацияларының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберуге қатысты шетелдiк эмитенттердiң бағалы қағаздары ретiнде қарастырылатындығы және оларға Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 17 мамырдағы N 53 қаулысымен  бекiтiлген Басқа мемлекеттер шығарған бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберу туралы ережеде белгiленген нормалар (аталған Ереженiң 7-тармағын қоспағанда) қолданылатындығы белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарған облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберуге рұқсат алу үшiн Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну керектiгі белгiленсiн:
      1) ұсынылатын құжаттардың тiзбесiмен және осы облигациялар туралы, оларды бiрiздендiру үшiн қажеттi мәлiметтердi (облигациялардың түрi, эмиссиядағы облигациялардың саны, бiр облигацияның атаулы құны (осындай бар болған кезде), облигациялардың айналыс мерзiмi, облигациялардың шығарылым нысаны, облигациялар эмиссиясын тiркеген мемлекет, облигациялардың бiрiздендiру нөмiрi, өтiнушiнiң қалауы бойынша өзге де мәлiметтер) көрсете отырып еркiн үлгiде жазылған өтiнiш;
      2) қолданылып жүрген жарғының, осы облигациялар эмитентiн (қайта) тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi (егер осы құжаттар Ұлттық комиссияға бұрын ұсынылмаса);
      3) осы облигациялар эмиссиясының проспектiсi ("циркуляр") және еркiн нысанда жасалған және облигацияларды шығарған ел, шығарылым валютасы, шығарылым сомасы, шығарылған облигациялардың орналастырылу сәтiне бағасы туралы ақпарат енгiзiлген облигацияларды шығару және орналастыру туралы есеп (егер осы құжаттар Ұлттық комиссияға "Халықаралық облигациялар шығару кезiнде
ақпарат беру туралы" Ұлттық комиссия Директоратының 2000 жылғы 20
наурыздағы N 580 қаулысының 4-тармағына сәйкес бұрын ұсынылмаса);
      4) осы Қаулының 3-тармағы шарттарының сақталысын тексеру үшiн қажеттi және жеткiлiктi құжаттар.

      3. Егер Қазақстан Республикасының аумағында осы эмитенттiң Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған облигациялары айналыста бар болса, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарған облигациялары мынадай жағдайларды қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлмейтiндiгi белгiленсiн:
      1) осы шығарылымның облигациялары жылжымайтын мүлiктiң ипотекасымен қамтамасыз етiлсе (егер осы облигациялар ипотекалық болып табылса);
      2) Ұлттық комиссияның осы шығарылымның облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберу туралы шешiмiн қабылдау сәтiне олардың эмитентiнде олардың бұрын шығарған облигацияларын өтеу жөнiндегі және/немесе олар бойынша сыйақы
(мүдде) төлеу жөнiндегі мiндеттемелерiнiң орындалмаған, толық
немесе уақытында орындалмаған жағдайлары жоқ болса;
      және Ұлттық комиссияның осы шығарылымның облигацияларын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберу туралы шешiмiн қабылдау  сәтiне олардың эмитентiнде "В-дан" ("Standard & Рооr's",
"Мооdу's" немесе "Fitсh" жiктеуi бойынша) төмен емес ұзақ мерзiмдi қамтамасыз етiлмеген шетелдiк валютадағы кредиттiк рейтингтік бағалау бар болса; және
      егер облигациялардың осы шығарылымын Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберу мақсатында құжаттарды
ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғының жағдайы бойынша левередж
(олардың эмитентiнiң мiндеттемелерiнiң және өз капиталының бухгалтерлiк есеп жүргiзу туралы заңдарға сәйкес есептелген
мөлшерлерiнiң арасындағы ара қатынас) 1,0-ден аспаса және облигациялардың осы шығарылымын толық орналастыру нәтижесiнде аталған өлшемнен аспайтын болса (осы Қаулының 4-тармағында көзделген ерекшелiктердi ескерумен).

      4. Екiншi деңгейдегi банктер (банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар) үшiн сақталуы кезiнде Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес осы эмитенттiң бұрын шығарған облигациялары Қазақстан Республикасының аумағындағы айналыста бар болған кезде оның (оның) басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарған облигациялары Қазақстан Республикасының аумағындағы айналысқа рұқсат етiлетiн левередждiң шектi рұқсат етiлген мәнi ретiнде өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген нормативтiк мәнi қолданылатындығы белгiленсiн.

      5. Халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат ету рәсiмiн өткiзбестен және Ұлттық комиссия Директоратының қандай да болмасын шешiмiн қабылдамастан айналыста бола алатындығы, ал олардың Қазақстан Республикасының ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногындағы айналысының тәртiбi "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның биржалық сауда қағидаларымен реттелетiндiгi белгiленсiн.

      6. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енетіндігі белгіленсін.

      7. Ұлттық комиссия орталық аппараты Корпоративтік қаржылар басқармасы осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
      Ұлттық комиссияның мүшелері

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады