Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 2002 жылғы 14 қарашада N 2041 тiркелген, 2002 жылғы 31 қазандағы N 8 "Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлерге беретiн үлгi конкурстық құжаттаманы бекiту туралы" бұйрыққа өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қарашадағы N 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 2 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2063. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8.  ........ .
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 14 қарашада N 2041 тіркелген, 2002 жылғы 31 қазандағы N 8 "Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшін ықтимал өнім берушілерге беретін үлгі конкурстық құжаттаманы бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қарашадағы N 19 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2063 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзгеде мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде" жарияланды, 2003 ж., N 7, 796-құжат).
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi нормативтiк базаны заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 14 қарашада N 2041 тiркелген, 2002 жылғы 31 қазандағы N 8 "Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлерге беретiн үлгi конкурстық құжаттаманы бекiту туралы" бұйрыққа  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшiн ықтимал өнiм берушiлерге беретiн үлгi конкурстық құжаттамада (бұдан әрi - Үлгi конкурстық құжаттама):

      25-тармақтың 11) тармақшасында "2" және "3" деген сандар "4" және "5" деген сандармен ауыстырылсын;

      26-тармақтың 4) тармақшасында "2" және "3" деген сандар "4" және "5" деген сандармен ауыстырылсын;

      Үлгi конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:
      1-тармақта "Қатысушының заңдық мәртебесi" деген сөздер "Қатысушының атауы мен заңдық мәртебесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Негiзгi қызмет орны" деген сөздер "Мекен-жайы мен негiзгi қызмет орны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Үлгi конкурстық құжаттамаға 7-қосымшада:
      15-тармақта "ықтимал Өнiм берушiлер үшiн нұсқаулықтың 1 қосымшасында" деген сөздер "Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшада" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақта "Ықтимал өнiм берушiлер үшiн нұсқаулықтың 1 қосымшасында" деген сөздер "Конкурстық құжаттамаға 1-қосымшада" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Заң бөлiмi (Н.Нұрахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық оны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары Ғ. Мусинге жүктелсiн.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады