Бағалау қызметi субъектiлерiнiң зияткерлiк меншiк объектiлерiн бағалау әдiстерiне қойылатын талаптарды қолдануы жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2076. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 11-06/73 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.03 № 11-06/73 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы N 572 қаулысын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Бағалау қызметi субъектiлерiнiң зияткерлiк меншiк объектiлерiн бағалау әдiстерiне қойылатын талаптарды қолдануы жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетiнiң төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсiн.
      3. Осы Бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қолданысқа eнгізіледі.

       Министр

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкі
      Төрағасының орынбасары
      2002 жылғы "____" ________

Қазақстан Республикасы   
Әдiлет министрiнiң     
2002 жылғы 2 желтоқсандағы 
N 184 бұйрығымен      
бекiтiлдi          

  Бағалау қызметi субъектiлерiнiң зияткерлiк меншiк объектiлерiн бағалау әдiстерiне қойылатын талаптарды қолдануы жөнiндегi ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      Осы Ереже осындай бағалаудың қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тапсырыс берушi мен бағалаушының арасындағы шартпен айқындалған жағдайда зияткерлiк меншiк объектiлерiн бағалау әдiстерiне (бұдан әрi - бағалау) қойылатын талаптарды белгiлейдi.

      2. Осы Ереженiң талаптары бағалау қызметi субъектiлерi қолдану үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      3. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) Дисконттау - болашақтағы ақша ағындарын бағалау объектiсiнiң ағымдағы құнына қайта есептеу;

      2) Дисконттау ставкасы - болашақта төлеуге немесе алуға жататын ақша сомасын бүгiнгi құнға айырбастау үшiн пайдаланылатын, зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң құнын бағалау кезiнде пайдаланылатын табыстық ставка;

      3) Табыстық тәсiл - зияткерлiк меншiк құнын жалпы есептеу жолы, онда құн күтiлетiн тиiмдiлiктер құнының ағымдағы сәтiне келтiрiлiп есептеу жолымен белгiленедi;

      4) Шығындық тәсiл - бағалау объектiсiн жасауға, өзгертуге арналған шығындар құнын анықтауға негiзделген бағалау әдiстерiнiң жиынтығы;

      5) Зияткерлiк меншiк - әртүрлi саладағы (өндiрiстiк, ғылыми, әдеби, көркем) зияткерлiк қызмет нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген өнiмдi, орындалатын жұмыстарды немесе қызметтердi (тауар белгiсi, тауарлар шығатын жердiң атаулары және т.б.) дараландыру құралдарына ерекше құқықтар;

      6) Инвестициялық құн - нақты инвестиция салушы немесе инвестиция салушылар тобы үшiн белгiленген инвестициялық мақсаттар бойынша бағалау объектiсiнiң тиiмдiлiгiне сүйене отырып анықталатын құны;

      7) Бағалау объектiсiнiң өзге құны - нарықтық құнынан өзге, бағалау объектiсiнiң өзге құны;

      8) Бағалау әдiсi - бағалау объектiсiнiң нарықтық немесе өзге де құнын белгiлеу үшiн пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық сипаттағы iс-қимылдар жиынтығы;

      9) Зияткерлiк меншiктi қамтитын материалдық емес активтер (бұдан әрi - материалдық емес активтер) - ауызша нысандағы және нақты материалдық объектiге байланысты емес, сәйкестендiру сипаты, пайдалану мерзiмi, құқықтық қорғау нысаны бойынша бөлiнетiн ұзақ мерзiмдi активтер;

      10) Зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлiк шығармашылық қызметтiң нәтижелерi және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары;

      11) бағалау тәсілі - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын бір немесе бірнеше бағалау әдістерін қолданып анықтау тәсіл;

      12) Нарықтық құн - мәмiле жасаушы тараптар бағалау объектiсi туралы мүмкiн болатын барлық ақпаратты иелене отырып әрекет жасайтын, бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негізiнде сол объектiнi иелiктен шығаруға болатын неғұрлым ықтимал баға, ал мәмiленiң бағасына қандай да болса төтенше жағдайлар әсер етпейдi;

      13) Салыстыру тәсiлi - салыстыру объектiлерiн сатуларды талдау жолымен бағалау әдiстерiнiң жиынтығы;

      14) Пайдаланудағы құн - бағалау объектiсiнiң оны пайдаланудың бар шарттары мен мақсаттарына сүйене отырып белгiленетiн құны;

      15) Қызметтiң экономикалық мерзiмi - зияткерлiк меншiк объектiлерi, материалдық емес активтер меншiк иесiне активтерден экономикалық қайтарым әкеледi деп күтiлуi мүмкiн кезең;

      16) Қызметтiң заңдық мерзiмi - зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң заңмен қорғалуы мүмкiн кезеңi (қорғау құжатының қолданылу мерзiмi, ерекше құқықтарды қорғаудың заңнамада көзделген мерзiмi).
       Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Әділет министрлігінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 125   бұйрығымен .

  2. Бағалау объектiлерi

      4. Осы Ережеге сәйкес:

      1)  зияткерлiк қызмет нәтижелерiне ерекше мүліктік құқықтары және ұйымның материалдық емес активтерiнiң құрамындағы оларға теңестiрiлген дараландыру құралдары, eгep активтер өзiндiк құндылыққа ие болып ұйымдардан және (немесе) басқа да материалдық емес активтерден бөлек азаматтық айналымға қатыса алған жағдайда;

      2) әдебиет, ғылым және өнер саласындағы зияткерлiк шығармашылық нәтижелерiне ерекше мүлiктiк құқықтар;

      3) егер берiлетiн құқықтар зияткерлiк меншiкке жататын болса және олардың иесiне экономикалық пайданы қамтамасыз етсе, лицензиялық шарт, патенттi немесе тауар белгiсiн беру шарты, авторлық шарт, интегралдық микросхемалар топологияларын, ЭЕМ-гe арналған бағдарламалар немесе деректер базасын пайдалану құқығын беру туралы, "ноу-хауға" ерекше құқықтарын беру туралы коммерциялық концессия шарты немесе өзге де шарт бойынша берiлетiн құқықтар кешенi.

      5. Бағалау кезiнде нарықтық құн пайдаланудағы құн, инвестициялық құн және өзге де құн айқындалуы мүмкiн.

      5-1. Зияткерлік меншік объектілерінің нарықтық құнының бірыңғай негізделген мәнін алу үшін бір мезгілде есептер нәтижелерін кейін тапсырушымен келісіп және бағалау объектісінің негізделген нарықтық құнының бір мәнін алу арқылы шығындық, нарықтық және табыстық тәсілдер шегінде бағалау есептері әртүрлі әдістермен орындалады. Бағалаудың нақты әдістемелерін таңдау бағалаудың мақсаттарымен және қолда бар немесе қол жететін бастапқы деректермен белгіленеді.
       Ескерту: 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 125 бұйрығымен.

  3. Бағалау әдiстерi

      6. Бағалауды жүзеге асыру кезiнде бағалаушы мынадай әдiстердi қолданады:

      1) кiрiстердi капиталға айналдыру әдiсi;

      2) ақша ағындарын дисконттау әдiсi;

      3) шығындық әдiс;

      4) салыстырып сату әдiсi;

      5) және қолданылып жүрген заңнамада көзделген өзге де әдiстер.

  4. Бағалау әдiстерiне қойылатын талаптар

      7. Бағалаушы бағалау әдiстерiн таңдау және қолдану кезiнде мынадай негiзгi талаптарды сақтауы қажет:

      1) заңдық мерзiмдi, құқық қолданылатын аймақты ескере отырып материалдық емес активтердi сәйкестендiру;

      2) заңдық мерзiмдi, құқық қолданылатын аймақты ескере отырып, зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтарды, соның iшiнде зияткерлiк меншiктiң тиiстi объектiлерiне үшiншi тұлғалардың құқықтарын сәйкестендiру;

      3) бағалау әдiсiн және оның нәтижелерiн пайдаланудың жоспарлы әдiсiн сәйкестендiру;

      4) есептелетiн құнның тұрпатына анықтама беру және қолданылатын зияткерлiк меншiк объектiлерiн бағалау әдiстерiн дәлме-дәл түрде сипаттау және негiздеу;

      5) кез келген уақыттың ағымдағы сәтiнде бағалау объектiсiнiң ең жоғарғы құны оны анағұрлым тиiмдi пайдалануға сәйкес келетiнiн, бұл нарықтың ағымдағы жай-күйiмен шарттастырылатынын ескере отырып әдiстердi қолдану;

      6) әрбiр тәсiлдер шегiнде нақты бағаланатын объектiнiң ерекшелiктерiне сәйкес бағалау әдiстерiн белгiлеу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әдiстердi қолдану.

  5. Бағалау әдiстерiне қойылатын талаптарды қолдану

      8. Нарықтық және нарықтықтан өзге құн өз ерекшелiгі бойынша табыстық, шығындық және салыстыру тәсiлдерiне топталған бағалау әдiстерiн қолдану арқылы белгiленедi.

      9. Табыстық тәсiл негiзгi болып табылады. Шығындық тәсiл қосалқы ретiнде пайдаланылады. Салыстыру тәсiлiн қолдану шектелген. Әрбiр тәсiлдi қолдану кезiнде зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдаланудың экономикалық және заңды қызмет мерзiмдерi есепке алынады.

      10. Бағалаудың табыстық тәсiлiн қолдану кезiнде мынадай әдiстер қолданылады:

      1) кiрiстердi капиталға айналдыру;

      2) ақша ағындарын дисконттау.

      11. Табыстарды капиталға айналдыру кезiнде мынадай жұмыстар жүргiзiледi:

      1) бағалау объектiлерiнен түсетiн таза табыс көздерi мен көлемдерi анықталады;

      2) таза табысты капиталға айналдыру ставкасы айқындалады;

      3) бағалау объектiлерiнiң құны таза табысты капиталға айналдыру ставкасына бөлуден алынған жеке ретiнде есептеледi.

      12. Ақша ағындарын дисконттау кезiнде мынадай жұмыстар жүргiзiледi:

      1) бағалау объектiлерiн пайдаланудан түсетiн таза табысты құрайтын болашақтағы ақша ағындары бағаланады;

      2) дисконттау ставкасы айқындалады;

      3) болашақ табыстардың ағымдағы қосынды құны есептеледi;

      4) алынған нәтижеге ағымдағы кезеңге келтiрiлген бағалау объектiлерiнiң құны қосылады.

      13. Бағалаудың шығындық тәсiлiн қолдану кезiнде бағалау объектiлерiнiң құнын айқындайтын негiзгi факторлар мыналар болып табылады:

      1) ерекше құқықтар иесiнiң зияткерлiк меншiк объектiсiн жасауға (әзiрлеуге) жұмсаған шығындары;

      2) ерекше құқықтар иесiнiң баждарды және қорғау құжаттарының күшiн сақтауға жұмсалған басқа да шығындарды қоса алғанда, зияткерлiк меншiк объектiлерiн тiркеуге, патенттеуге жұмсалған шығындары;

      3) лицензиялық шарт бойынша берiлетiн зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарын иеленуге арналған шығындар;

      4) зияткерлiк меншiк объектiлерiнiң маркетингiне жұмсалған шығындарды қоса алғанда, зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыруға жұмсалған шығындар;

      5) зияткерлiк меншiк объектiлерiн сақтандыруға жұмсалған шығындар.

      13-1. Шығындық бағалау тәсілін қолдану кезінде мынадай негізгі әдістемелер қолданады:

      1) нақты жұмсалған шығындар әдісі;

      2) қалпына келтіру құнының әдісі;

      3) келтірілген шығындар әдісі;

      4) және өзге де әдістер.
       Ескерту: 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 125 бұйрығымен.

      13-2. Нақты жұмсалған шығындар әдісі әдетте, зияткерлік меншік объектісінің баланс (бухгалтерлік) құнын анықтау үшін қолданылады.
       Ескерту: 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 125 бұйрығымен.

      13-3. Қалпына келтіру құнының әдісі қызметі және сапасы бойынша сәйкес бағалау объектісінің бағалау күніне ұдайы өндіріс (қайта құру, қалпына келтіру) үшін қажет барлық шығындарды анықтауда тұрады.
       Ескерту: 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 125 бұйрығымен.

      13-4. Бағалау объектісінің ағымдағы нарықтық құнын есептеу кезіндегі келтірілген шығындар әдісі бағалау объектісін құруға және пайдалануға дайындауға жұмсалған өткен нақты шығындарды уақытта ақшаның өзгеруін ескеріп ағымдағы құнға қайта есептеуде тұрады.
       Ескерту: 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 125 бұйрығымен.

      14. Салыстырып сату әдiсiн (салыстыру тәсiлi) қолдану кезiнде мынадай жұмыстар жүргiзiледi:

      1) ұқсас бағалау объектiлерi жөнiнде жасалған мәмiлелер туралы ақпарат жинақталады;

      2) бағалау объектiлерiн салыстыру жүргiзiлетiн көрсеткiштердiң тiзбесi айқындалады;

      3) бағаланатын бағалау объектiсiмен салыстыру көрсеткiштерiнiң мағыналарын ескере отырып, зияткерлiк меншiк объектiлерi бойынша жасалған мәмiлелердiң нақты бағаларына түзету жасалады;

      4) салыстырылған мәмiлелер бойынша түзетiлген нақты деректер негiзiнде бағаланатын бағалау объектiсiнiң құны айқындалады.

      15. Салыстырып сату әдiсi бағаланатынға ұқсас объектiлердi сату-сатып алу мәмiлелерi туралы шынайы нарықтық ақпараттың жеткiлiктi саны болған кезде қолданылады.

      16. Бағалау жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi бойынша бұғалау туралы есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады