N 2076 тіркелген "Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 184 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2003 жылғы 30 маусымдағы N 125 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2420. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 3 ақпандағы № 11-06/73 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.02.03 № 11-06/73 Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау концепциясын іске асыру жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 591 қаулысын іске асыру мақсатында бұйырамын:

      1. N 2076 тіркелген "Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы N 184 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Бағалау қызметі субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін бағалау әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережеде:

      3-тармақта 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "бағалау тәсілі - бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын бір немесе бірнеше бағалау әдістерін қолданып анықтау тәсілі.";

      2-бөлім мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Зияткерлік меншік объектілерінің нарықтық құнының бірыңғай негізделген мәнін алу үшін бір мезгілде есептер нәтижелерін кейін тапсырушымен келісіп және бағалау объектісінің негізделген нарықтық құнының бір мәнін алу арқылы шығындық, нарықтық және табыстық тәсілдер шегінде бағалау есептері әртүрлі әдістермен орындалады. Бағалаудың нақты әдістемелерін таңдау бағалаудың мақсаттарымен және қолда бар немесе қол жететін бастапқы деректермен белгіленеді.";

      5-бөлім 13-тармақтан кейін мынадай мазмұндағы 13-1, 13-2,     13-3, 13-4-тармақтармен толықтырылсын:
      "13-1. Шығындық бағалау тәсілін қолдану кезінде мынадай негізгі әдістемелер қолданады:
      1) нақты жұмсалған шығындар әдісі;
      2) қалпына келтіру құнының әдісі;
      3) келтірілген шығындар әдісі;
      4) және өзге де әдістер.
      13-2. Нақты жұмсалған шығындар әдісі әдетте, зияткерлік меншік объектісінің баланс (бухгалтерлік) құнын анықтау үшін қолданылады.
      13-3. Қалпына келтіру құнының әдісі қызметі және сапасы бойынша сәйкес бағалау объектісінің бағалау күніне ұдайы өндіріс (қайта құру, қалпына келтіру) үшін қажет барлық шығындарды анықтауда тұрады.
      13-4. Бағалау объектісінің ағымдағы нарықтық құнын есептеу кезіндегі келтірілген шығындар әдісі бағалау объектісін құруға және пайдалануға дайындауға жұмсалған өткен нақты шығындарды уақытта ақшаның өзгеруін ескеріп ағымдағы құнға қайта есептеуде тұрады.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеттің төрайымы Н.Н.Сахиповаға жүктелсін.

      3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      "Келісілді"                       "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің төрағасы          Білім және ғылым министрі

      2003 жылғы "___" _________        2003 жылғы  "___" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады