Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаларға ведомстволық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 440-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2114. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 337-І бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы N 337-І   бұйрығымен .

________________________      

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаларға ведомстволық сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті (Е.Х.Сұлтанов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Б.І.Исенғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникациялар  
министрінің          
2002 жылғы 26 желтоқсандағы 
N 440-І бұйрығымен      
бекітілген          

  Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ережесі

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ережесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.

      2. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - ведомстволық сараптама) - бұл Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы комитеті жүргізетін автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамада қабылданатын шешімдердің негізділігі деңгейін арттыру мақсатында сараптау объектісінің талдамалы бағасын алуға арналған жол саласындағы ұйымдардың өтінімі бойынша бағалау іс-әрекеттері мен тұжырымдау жүйесі.

  2. Ведомстволық сараптама жүргізудің жалпы тәртібі

      3. Автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама автомобиль жолдарының оларды жөндегеннен кейінгі орнықты жұмыс істеуіне бағытталған, сараптау бағасын қамтиды және:
      1) техникалық құжаттаманың бастапқы материалдарға (деректерге), Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігіне;
      2) мемлекеттік нормативтерде белгіленген еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша талаптарды, инженер-техникалық, экологиялық талаптарды сақтауға;
      3) қабылданған көлемді-жоспарлы және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдар мен инженерлік жабдықтардың негізділігіне, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне;
      4) техникалық құжаттамада қарастырылған жұмыс көлемінің негізділігіне және мақсатқа сәйкестігіне;
      5) көрсеткіштердің, соның ішінде жұмыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығына бағытталған.

      4. Ведомстволық сараптаманы жүргізу үшін Комитет төрағасының бұйрығымен Комитет қызметкерлері санынан сараптамалық топ құрылады.
      Комитет ведомстволық сараптама жүргізу үшін автомобиль жолдары саласындағы сараптамалық жұмыстарды орындауға мемлекеттік лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларды тартуға құқылы.

      5. Комитет ведомстволық сараптама жүргізу үшін мынадай құжаттарды:
      1) ведомстволық сараптама жүргізуге арналған арызды;
      2) ақау ведомостын;
      3) техника-экономикалық негіздеуді;
      4) жоба-сметалық құжаттаманы ұсынады.

      6. Техникалық құжаттамаларға ведомстволық сараптама жүргізудің ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

      7. Бекітілген негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін, автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттамаларға енгізілетін өзгерістер (толықтырулар), жаңадан әзірленетін техникалық құжаттамалар үшін белгіленген тәртіппен қайта ведомстволық сараптауға жатады.

      8. Автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттама оны әзірлегеннен және ведомстволық сараптаманы жүргізгеннен кейін үш және одан көбірек жылдар ішінде жөндеу басталмаса, ескірген болып есептеледі және жаңа ведомстволық сараптама жүргізгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

      9. Ведомстволық сараптауға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен оны өтпеген автомобиль жолдарын жөндеу үшін техникалық құжаттама аяқталмаған болып саналады және жөндеу жұмыстарын орындауға жібермейді.

      10. Техникалық құжаттаманы бекітуге осы Ережеге сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысыз жіберілмейді.

      11. Осы Ереженің 5-тармағында белгіленген талаптардың ұсынылған құжаттары сәйкес болған жағдайда сараптама топ Комитет төрағасының бұйрығымен техникалық құжаттамаларды бекіту үшін қорытынды жасайды.
      Осы Ереженің 5-тармағында белгіленген талаптардың ұсынылған құжаттары сәйкес емес жағдайда Комитет себептерін көрсете отырып әзірленбеген техникалық құжаттаманы қайтарады.

      12. Оң қорытынды белгіленген тәртіппен Техникалық (жоба-сметалық) құжаттаманың ережесін бекіту үшін негіз болып табылады.

  3. Қорытынды ережелер

      13. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль жолдарын жөндеуді жүзеге асыратын тұлғалар сот тәртібімен Комитет шешіміне арыз беруі мүмкін.

      14. Сараптау тобы қарастырылатын техникалық құжаттамалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады