Халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені келісу туралы

Күшін жойған

Алматы облыстық мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы N 31-172 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 12 ақпанда N 1017 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2011 жылғы 01 сәуірдегі N 44-245 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облыстық мәслихатының 2011.04.01 N 44-245 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 5-бабына 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" N 1685 қаулысына сәйкес Алматы облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялар жөніндегі Ереже" келісілсін.
      2. Облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 18 наурыздағы "Халыққа мемлекеттік атаулы көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені келісу туралы" N 20-136 шешімінің күші жойылсын.

      Алматы облыстық
      Мәслихаты сессиясының
      төрағасы

      Алматы облыстық
      Мәслихатының хатшысы

Халыққа мемлекеттiк бәсiрелiк әлеуметтiк көмек көрсететiн учаскелiк комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1. Осы Ереже халыққа мемлекеттiк бәсiрелiк әлеуметтiк көмек көрсететiн учаскелiк комиссияларды жұмыстарын ұйымдастырып, жүргiзуге бiрыңғай талап белгiлейдi.
      1.2. Учаскелiк комиссия - атаулы әлеуметтiк көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын арнаулы комиссия.
      1.3. Учаскелiк комиссия өкiлеттi органдарға және кенттiк, ауылдық округтерi әкiмдерiне халыққа бәсiрелiк көмек көрсетуге ықпал ету мақсатында құрылады.
      1.4. Учаскелiк комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк бәсiрелiк әлеуметтiк көмек туралы" Заңын және халыққа мемлекеттiк бәсiрелiк әлеуметтiк көмек көрсететiн учаскелiк комиссиялар туралы Ереженi басшылыққа алады.

II. УЧАСКЕЛIК КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ ТӘРТIБI

      2.1. Учаскелiк комиссия ауылдық, кенттiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады.
      2.2. Учаскелiк комиссиялардың құрамын қоғамдық негiзде ауылдық, кенттiк әкiмдерi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктер, жекеменшiк пәтер иелерi, тұрғындар, ұйымдар мен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау және құқық қорғау органдарының өкiлдерiнен құрылады.
      2.3. Учаскелiк комиссияның мәжiлiсi кем дегенде он күнде бiр рет өткiзiледi.
      2.4. Учаскелiк комиссияның мәжiлiсiн уақтылы өткiзу жауапкершiлiгi ауыл, кент әкiмдерiне жүктеледi.
      2.5. Учаскелiк комиссияның бiрiншi мәжiлiсi аудандық (қалалық) атқарушы орган өкiлiнiң қатысуымен өтедi. Бiрiншi отырыста комиссия мүшелерiнiң мiндеттерi, құқықтары мен жауапкершiлiктерi жөнiнде хабарланады. Келесi отырыстарында жүргiзiлген тексерулердiң қорытындысы талқыланады.
      2.6. Ауыл, кент әкiмдерi учаскелiк комиссия мүшелерiне дұрыс жұмыс iстеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды (жеке жайлармен, заңдар жиынтығымен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету).
      2.7. Ауылдық округтiң әкімдері өз беделiн түсiрген немесе қажеттiлiктi тексеретiн белгiленген тәртiптi бұзғаны үшiн кез-келген мүшесiн комиссия құрамынан шығаруға құқы бар.

III. УЧАСКЕЛIК КОМИССИЯНЫҢ ӨКIЛЕТТIГI

      3.1. Уәкiлеттi органдар мен ауылдық, кенттiк әкiмдерiне халыққа бәсiрелiк әлеуметтiк көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруға ықпал етедi.
      3.2. Әлеуметтiк көмек сұраған отбасыларының нақтылы материалдық жағдайларын тұрғылықты мекен-жайларына барып, олардың қажеттiлiгiн тексерудi жүзеге асырады.
      3.3. Бәсiрелiк әлеуметтiк көмек алуға ұсынылған отбасының табысы мен мүлiгiне қатысты мәлiметтердi алу үшiн тиiстi органдарға ресми сұрау салады.
      3.4. Уәкiлеттi органның тапсырысы бойынша ауылдық, кенттiк, әкiмдерi ұсынылған құжаттарды iрiктеп, қайта тексеруi мүмкiн.
      3.5. Ұсынылған бәсiрелiк әлеуметтiк көмектiң қажеттiлiгi жөнiнде тұжырым дайындайды, қол қояды және уәкiлеттi органға ұсынады.
      3.6. Учаскелiк комиссия мүшелерi уәкiлеттi органға ұсынылған актiде көрсетiлген ақпараттардың нақтылығы мен сенiмдiлiгiне жауапкершiлiкте болады.
      3.7. Учаскелiк комиссия мүшелерiнiң тексерiлетiн отбасы мүшелерiнен қандай-да бiр алғыс сезiмi белгiсiнде сыйлық алуға құқы жоқ.

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      4.1. Учаскелiк комиссия мүшелерiнiң Заңға қайшы келетiн iс-әрекеттерi сот арқылы шағымданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады