Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 2007.02.20 N 2-1 шешімімін
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заң күші бар "Жер қойнауын пайдалану туралы" N 2828 Жарлығына, 1999 жылғы тамыздың 11-гі өзгертулері және толықтыруларымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру Ережесін бекіту туралы" N 108 Қаулысына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнінде ашық конкурсқа қатысуға жарнасы 8 айлық есеп айыратын көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
2. Конкурсқа қатысу үшін жарна сомасы төмендегі мекен-жайға аударылсын:
Алматы облысы әкімінің аппараты, е/ш 144 218 Облыс қазынашылық басқармасы Талдықорған қаласы
МФО 190 501 066; КБЕ 12; Төлем белгілену коды – 890;
СТН 090 100 000 847.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Маман: Сариева А.