Ауылдық (селолық) және кенттік округтерді құру туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихаты мен облыс Әкімінің 2002 жылғы 25 мамырдағы N 13-10 шешімі. Жамбыл облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 12 маусымда N 631 тіркелді.

      Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу және Шу аудандық мәслихаттары мен тиісті аудан әкімдерінің бірлескен шешімдерін қарай келе, осы аудандар аумағында тұратын тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңын басшылыққа ала отырып облыстық мәслихат және облыс әкімі
                             ШЕШІМ ЕТЕДІ:
 
      1. Жаңа ауылдық \селолық\ және кенттік округтер төмендегі аудандар бойынша құрылсын:
      Байзақ ауданы бойынша:
      Бурыл ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Көктал ауылы болатын елді мекенімен Көктал ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Мырзатай ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Абай ауылы болатын, Ақтөбе, Жаңасаз ауылдары елді мекендерімен бірге Сазтерек ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Жамбыл ауданы бойынша:
      Өрнек ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Ерназар ауылы болатын елді мекенімен бірге Ерназар ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Көлқайнар ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Пионер селосы болатын және Шайдана селосы елді мекендерімен бірге Пионер ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Жуалы ауданы бойынша:
      Бурнооктябрь және Ақтөбе ауылдық \селолық\ округтері құрамынан орталығы - Қызыл арық ауылы болатын, Ақтөбе, Теріс-Ашыбұлақ, Алатау ауылдары, Сұрым станциясы елді мекендерімен бірге Қызыларық ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Меркі ауданы бойынша:
      Сарымолдаев ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Ақарал ауылы болатын және Сыпатай ауылы елді мекенімен бірге Ақарал ауылдың \селолық\ округі бөлінсін.
      Ақермен ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Аспара ауылы болатын, N 1 және № 2 бөлімше елді мекендерімен бірге Аспара ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Т.Рысқұлов ауданы бойынша:
      Көкдөнен ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Көгершін ауылы болатын, Қосапан, Әбұлхайыр ауылдары елді мекендерімен бірге Көгершін ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Қарақыстақ ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Еңбекші ауылы болатын және Көкарық ауылы елді мекенімен бірге Абай ауылдық \селолық\ округі бөлінсін.
      Сарысу ауданы бойынша:
      Байқадам ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Жаңаталап ауылы болатын және Ұйым ауылы елді мекенімен бірге Жаңаталап ауылдық \селолық\ округі бөлінсін. Шу ауданы бойынша: Қорағаты ауылдық \селолық\ округі құрамынан орталығы - Ақтөбе ауылы болатын Ақтөбе ауылдық \селолық\ округі бөлінсін. Шу қаласы құрамынан орталығы - Бірлік кенті болатын Бірлік кенттік округі бөлінсін. 2. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу және Шу аудандарының әкімдері Заңмен белгіленген тәртіпте 2002 жылға арналған аудандар бюджеттеріне тиісті өзгертулер енгізсін.

       Облыстық мәслихат                   Облыс Әкімі
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат                                                      хатшысы
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады