Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімінің 2012.12.05 N 533 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-ІІ Заңын басшылыққа алып және жұмыссыз халықты қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жұмыспен қамту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Бекітемін:
1) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі;
2) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру талап етілген жұмысшыларға тапсырыс нысаны;
3) Жұмыс орнына лайықтылығын зерттеу қорытындысының нысаны;
4) Бірыңғай нысаны:
а) уәкілетті органның комиссия қорытындысының хат мәтіні;
б) қоғамдық жұмысты орындаудың келісім шарты;
в) жеке еңбек келісім шарты;
5) Ұсынылған қоғамдық жұмыстан бас тартуына байланысты жұмыссыздық есебінен шығару актісінің нысаны;
6) Кәсіпорынға жолдама нысаны;
7) Есептің бірыңғай нысаны:
а) жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысты орындауды туралы;
б) қоғамдық жұмыстың орындалу барысы туралы;
8) Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы;
9) Қоғамдық жұмыстар түрі;
10) Қалалық жұмыспен қамту орталығының Ережесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Наметшаға жүктелсін.
Әкім