Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)" K010209_ Кодексiнiң 470 бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және 473 бабына сәйкес облыстық мәслихат шешiм еттi: Маңғыстау облысы бойынша 2002 жылы орманды жанама пайдаланғаны үшiн төлем мөлшерi облыстағы орманды пайдаланудағы өкiлеттi орган - орман және биоресурстар жөнiндегi Маңғыстау облыстық аймақтық басқармасы жасаған есептеулер негiзiнде бекiтiлсiн (тiркеледi). Сессия төрайымы Облыстық маслихаттың хатшысы Р.Баданова Б.Чельпеков Облыстық мәслихаттың 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 16/151 шешiмiне жалғама Маңғыстау облысы бойынша 2002 жылы орманды жанама пайдаланғаны үшiн төлем мөлшерi ___________________________________________________________________________ NN Орман қоры Өлшем Бағасы теңгемен бiрлiгi әр бiрлiк үшiн ___________________________________________________________________________ 1. Шабындық: а) түсiмдiлiгi 5 ц.га дейiн га 5 б) түсiмдiлiгi 5,1 ден 8 ц.га дейiн га 10 в) түсiмдiлiгi 8,1 ц.га және одан жоғары га 15 2. Жайылым: а) құнарлы га 10 б) орта құнарлы га 5 в) құнарсыз га 2 3. Орман - тоғай өспеген жерлер: Бос алаңқайлар мен ормансыз жерлер га 5 Ескерту: I. Участоктердiң өнiмдi пайдалану пункттерiнен қашықтығына байланысты белгiленген төлемге мынадай үстеме алынады: - 10 км дейiн - 1,5 - 10,1-ден 25 км дейiн - 1,2 - 25,1-ден 40 км дейiн - 1,0 - 40,1-ден 60 км дейiн - 0,8 - 60,1-ден 80 км дейiн - 0,6 - 80 км аса - 0,3
II. Ұзақ мерзiмге (10 жылға дейiн) берiлген шабындықтар мен жайылымдарға және ауылшаруашылық мақсаты үшiн емес уақытша пайдалануға берiлген ормансыз жерлерге төлем екi еселенген жер көлемi категориясы бойынша алынады.