Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 224 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 ҚРЗ Заңына, Маңғыстау облыстық мәслихатының "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 16/147 шешiмiне сәйкес және азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында, облыс әкiмияты қаулы етедi:
1. Мыналарға бiр жолғы материалдық көмек көрсетiлсiн:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Жеңiс күнiне (9 мамырға);
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен марапатталған адамдарға, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Жеңiс күнiне (9 мамырға);
3) Еңбек кiтапшасында немесе мұрағаттық анықтамада 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында 6 айдан кем емес жұмыс жасағандығы туралы жазбасы бар тыл еңбеккерлерiне, 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Жеңiс күнiне (9 мамырға);
4) Ұлы Отан соғысында қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен жауынгерлердiң қайта некеге отырмаған жесiрлерiне, 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Жеңiс күнiне (9 мамырға);
5) Ленинград блокадасының тұрғындарына, 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Жеңiс күнiне (9 мамырға);
6) фашистiк концлагерлер тұтқындарына, 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Жеңiс күнiне (9 мамырға);
7) жалғыз басты 70 жастан асқан зейнеткерлерге, 2 есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Қарттар күнiне (1 қазанға);
8) 16 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Мүгедектер күнiне (жыл сайын қазан айының екiншi жексенбiсi);
9) 1-11 топтағы мүгедектiгiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға, 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Мүгедектер күнiне (жыл сайын қазан айының екiншi жексенбiсi);
10) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға, 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде - Қазақстан Республикасы Күнiне (25 қазанға).
2. Қоса берiлiп отырған облыстық бюджет қаражатынан атаулы және мерекелiк даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмектi тағайындау және төлеу Ережесi бекiтiлсiн.
3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Баужанова) азаматтардың жоғарыда көрсетiлген санаттарына бiр жолғы материалдық көмектi тағайындауды және төлеудi ұйымдастырсын.
4. Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтың облыстық филиалына (З.С.Молдағалиева) жоғарыда көрсетiлген азаматтардың жекелеген санаттағы бiр жолғы көмек алушыларының тiзiмiн, тиiстi төлемдерiн қаржыландыруға арналған өтiнiмдерiн жасау үшiн қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне уақытылы табыс етудi ұйымдастыру ұсынылсын.
5. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.Сәрсенқұлов) облыстық бюджетте көрсетiлген мақсаттарға қаралған қаражатын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
6. Облыс әкімиятының "Азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмек көрсету туралы" 2001 жылғы 27 тамыздағы N 12 және "Маңғыстау облысы әкiмиятының "Азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмек көрсету туралы" 2001 жылғы 27 тамыздағы N 12 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" 2001 жылғы 14 қыркүйектегі N 28 қаулыларының күшi жойылған деп есептелсiн.
7. Осы қаулының орындалысын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Е. Күмiсқалиға жүктелсiн.
Облыс әкiмi
Қосымша
Маңғыстау облысы әкiмиятының 2001 жылғы 29 сәуiрде N 85
қаулысымен бекiтiлген
Облыстық бюджет қаражатынан атаулы
және мерекелiк даталарға азаматтардың жекелеген
санаттарына бiр жолғы материалдық көмектi
тағайындау және төлеу
ЕРЕЖЕСI
Осы атаулы және мерекелiк даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмектi тағайындау және төлеу Ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 Z010148_ ҚРЗ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 25 желтоқсандағы N 16/147 "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешiмiне сәйкес әзiрленiп жасалды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзi ұғымдар:
1) атаулы және мерекелiк даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмектi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi болып табылады (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
2) бiр жолғы материалдық көмектi беру "Қазақстан Халық Банкi" ААҚ Маңғыстау облыстық филиалы (бұдан әрi - банк) арқылы, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы мен банк арасында жасалған Агенттiк келiсiмге сәйкес жүзеге асырады.
2. Атаулы және мерекелiк даталарға азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы материалдық көмектi (бұдан әрi - бiр жолғы көмек) төлеу жыл сайын облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
3. Уәкiлеттi органның, қажет жағдайда, өз қызметiнiң шұғылданатын түрi бойынша Бiр жолғы көмектi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органның, қажет азаматтардың жекелеген санаттарының есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын органдардан (Зейнетақы төлеу Мемлекеттiк орталығының аудандық, қалалық филиалдары (ЗТМО) және басқалардан) мәлiметтердi сұратуға құқығы бар.
2. Бiр жолғы көмектi тағайындау тәртiбi
4. Азаматтарға бiр жолғы көмектi тағайындау олардың есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын көмектi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен басқа органдардағы (ЗТМО және басқалар) құжаттар мен азаматтар санаттарының мәлiметтерiн тiркеу журналдарының (жеке және зейнетақылық iстердiң) негiзiнде жүзеге асырылады және банкi арқылы ақшалай сомаларды төлеу жөнiндегi жұмыс кезiнде қабылданған қалыпқа сәйкес тiзiм түрiнде ресiмделедi.
5. Бiр жолғы көмектi тағайындауға тiзiмдер, оған осы кезеңде есепте тұрған, талап етiлген санаттағы, оның iшiнде оларға әлеуметтiк қолдаудың әлде бiр түрлерiн төлеу уақытша тоқтатылған адамдардың шептi құрамын енгiзе отырып, талап ету датасына жасалады. Қайтыс болған азаматтар мен толықтай мемлекеттiк қамтамасыз етуде тұрған адамдар тiзiмдерге енгiзiлмейдi.
3. Бiр жолғы көмектi төлеуге тiзiмдердi
жасау тәртiбi
6. Бiр жолғы көмектi төлеуге тiзiмдердi қалыптастыру елдi мекендер айырымында, банкiге сомаларды қабылдау мен алушының үйiне жеткiзiп беру үшiн жеке дара жүргiзiледi.
7. Азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы көмектi тағайындауға уәкiлеттi және олардың есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын орган арқылы банкiге жеке есеп шоттарға алушыларға сомаларды қабылдау үшiн тiзiмдер құжаттық түрде 2 данада және транспорттық файл түрiнде жасалады, ал сомаларды алушының үйiне жеткiзiп берiп, төлеу үшiн тiзiм - ведомостар құжаттық түрде 3 данада жасалады.
8. Өз қызметiнiң шұғылданатын түрi бойынша бiр жолғы көмектi көрсетуге жататын азаматтар санаттарының есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын басқа органдар (ЗТМО және басқалар) арқылы банкiдегi жеке есеп шоттарға алушыларға сомаларды қабылдау үшiн тiзiмдер құжаттық түрде 3 данада және транспорттық файл түрiнде жасалады, ал сомаларды алушының үйiне жеткiзiп берiп, төлеу үшiн тiзiм - ведомостар құжаттық 4 данада жасалады.
9. Бiр жолғы көмектi төлеуге тiзiмдер бойынша "БК" әрiптiк белгiлеуi енгiзiледi. Сонымен бiрге оларда алушы туралы төмендегiдей мәлiметтер болуға тиiс:
1) азаматтардың (отбасыларының) осы санаттарының есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын орган арқылы берiлген жетi сандық тiркеу нөмiрi;
2) салық төлеушiнiң тiркеу номерi(СТТН);
3) әлеуметтiк қолдаудың басқа түрлерiн алатын адамдардың банкiдегi жинағы бойынша арнаулы есепшот нөмiрi;
4) банкiдегi жинағы бойынша арнаулы есепшот нөмiрi жоқ адамдарда "жаңа" сөзi қойылады;
5) жеке куәлiгiнiң нөмiрi;
6) тегi, аты, әкесiнiң аты;
7) тұрғылықты орнының мекенжайы.
10. Бiр жолғы көмектi төлеуге тiзiмдер жасаған органның басшысы оларға қол қояды, елтаңбалық мөрмен куәландырады және оларда көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы мен сенiмдiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапкершiлiк артады.
11. Өз қызметiнiң шұғылданатын түрi бойынша бiр жолғы көмектi көрсетуге жататын азаматтар есебiн жүргiзудi жүзеге асыратын орган тiзiмдердi жасағаннан кейiн бiр данадан құжаттық түрде өзiнде қалдырады.
Транспорттық файлды қоса алғандағы қалған даналарын бiр жолғы көмектi тағайындау жөнiндегi өкiлдi органға бередi.
12. Уәкiлеттi орган басқа органдар арқылы жасалған тiзiмдердi: олардың белгiленген қалыпқа сәйкестiгi мен жиынтығын шығару дұрыстығын тексередi.
4. Бiр жолғы көмектi төлеуге
қаржыландыру тәртiбi
13. Уәкiлеттi орган атаулы және мерекелiк даталарға дейiн 10 күн бұрын көмектi төлеуге жасалған тiзiмдер мен олардың жиынтық сомаларына толық сәйкестiгi негiзiнде ақшалай қаражат сұранысына арналған өтiнiмдi, банкiге комиссиялық сыйақыға шығындар сомаларын бөлiп көрсете отырып, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына жiбередi.
14. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы бiр жолғы көмектi төлеуге қаржыландыру үшiн облыс бойынша, сондай-ақ қалалар мен аудандар айырымында жиынтық өтiнiмдi облыстық қаржы басқармасына жiбередi.
15. Осы ережеге сәйкес, шығындар сметасына сәйкес және өтiнiмдердiң негiзiнде облыстық қаржы басқармасы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына бiр жолғы көмектi төлеуге қаржылар бөледi.
16. Ақшалай қаржылардың түсуi бойынша облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы оларды Халықтық банкiнiң облыстық филиалының есеп шотына аударуды жүзеге асырады. Осымен бiр мезгiлде, осы Ереженiң бөлiнбейтiн бөлiгi болып саналатын Банкпен Агенттiк келiсiмге сәйкес төленетiн сомалардың 0,6 пайызы мөлшерiнде комиссиялық сыйақының сомалары аударылады.
17. Банкiнiң облыстық филиалының есепшотына ақшалай қаржыларды аударуға сәйкес облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы бұл туралы жолғы көмектi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органды хабарландырады.
5. Бiр жолғы көмектi төлеу тәртiбi
18. Банкiнiң облыстық филиалы ақшалай қаржылардың түсуi бойынша бiр жолғы көмектi төлеудi жүзеге асыру үшiн оларды азаматтардың жекелеген санаттарына бiр жолғы көмектi төлеу тәртiбi туралы Агенттiк келiсiмнiң бөлiнбейтiн бөлiгi болып саналатын Ережеге сәйкес банкiнiң аудандық (қалалық) филиалдарына жiбередi.
19. Уәкiлеттi орган ақшалай қаржыларды банкiнiң облыстық филиалына аудару туралы мәлiметтердi алғаннан кейiн, банкiдегi жеке есепшотқа алушылардың сомаларын қабылдау үшiн құжаттық түрде тiзiмдердiң 1 данасы мен олардың транспорттық файлын және сомаларды алушылардың үйiне жеткiзiп берiп, төлеу үшiн құжаттық түрде тiзiм-ведомостардың 2 данасын банкiнiң аудандық (қалалық) филиалына бередi.
20. Алушыларға бiр жолғы көмектi төлеу банкi арқылы Агенттiк келiсiмге сәйкес жүргiзiледi.
6. Есеп берушiлiк
21. Ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5 жұлдызына банкiнiң облыстық филиалы облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасымен төленген сомалар бойынша салыстыру кесiмiн жасайды .
22. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы жасалған қаржыландыруға сәйкес және банкiмен салыстыру кесiмiнiң негiзiнде облыс бойынша бiр жолғы көмектi төлеу жөнiндегi есептi дайындайды және оны есептi айдан кейiнгi айдың 15 жұлдызына облыстық қаржы басқармасына жiбередi.
7. Бақылау
23. Ақшалай қаржылардың мақсатты жұмсалуына, бiр жолғы көмектi тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi органда алушылардың тiзiмдерiнiң болуына және тiзiмдер бойынша жиынтық сомалардың, төлем тапсырмаларындағы сомалардың теңдiгiне бақылауды облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы мен облыстық қаржы басқармасы жүзеге асырады.