Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 115-11 "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне күш беру туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 789 "Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi Комиссия туралы тұрпатты қағиданы бекiту туралы" қаулысына, облыс әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 28 ақпандағы N 40/3 "Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы" қаулысына сәйкес, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздық мәселесiн кешендi шешудi қамтамасыз ету мақсатында, олардың заңды мүдделерi мен құқығын қорғау, сондай-ақ ауданның құқық қорғау, мемлекеттiк, мемлекеттiк емес органдарының және кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық және қылмысты ескерту мәселесiнде қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн үйлестiру үшiн аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiнде аудандық комиссия туралы қағида бекiтiлсiн (1 қосымша).
2. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi аудандық комиссияның құрамы бекiтiлсiн (2 қосымша).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Г.С.Темiржановаға жүктелсiн.
Аудан әкiмi
Аудан әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 28 қазандағы
N 219/14 қаулысына 1 қосымша
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi аудандық комиссия туралы
Қағида
1. Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi аудандық комиссия, қылмыспен құқық бұзушылықтың және кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздық мәселесiн кешендi шешу, олардың заңды мүдделерi мен құқығын қорғауды қамтамсыз ету мақсатында құрылған орган болып саналады.
2. Комиссия жергiлiктi атқарушы орган әкiмдiк жанында ұйымдастырылады.
3. Аудан әкiмiнiң аппарат қызметкерлерiнiң штат санынан комиссияның жауапты хатшысы және комиссияның 6-12 мүшелерiнен комиссия төрағасы (аудан әкiмiнiң орынбасары) төрағасының орынбасары (ауданның iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары), құрамында комиссия ұйымдастырылады.
4. Комиссия iшкi iстер органдарының бiлiм және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және басқадай ведомстволардың кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздықты және олардың заңды мүдделерi мен құқығын қорғаудың алдын алуға мүдделi өкiлдерiн бiрiктiредi.
5. Комиссия өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы қағида және қазақстан Республикасының басқадай нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ қазақстан Республикасының бекiткен халықаралық келiсiм шарттары негiзiнде жүзеге асырады.
6. Комиссия өзiнiң қызмет әрекетiнде аудан әкiмдiгiнiң алдында жауапты.
7. Комиссия қызметi келесi қағидалармен негiзделедi:
- заңдылықтар;
- кәмелетке толмағандармен iзгi қарым қатынаста болу;
- кәмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның заңды өкiлдерiне құрметпен қарау;
- кәмелетке толмаған, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерi туралы жабық түрде ақпарат беру;
- кәмелетке толмағанның ата-анасымен немесе заңды мүдделерiмен құқық қорғау мәселесi жөнiнде өзара әрекеттесу;
лауазымды тұлғалар мен азаматтардың кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерi мен құқық бұзуына жауаптылығы.
2. Комиссияның мақсаты, мiндеттерi мен өкiлеттiгi
8. Комиссияның мақсаты аудан әкiмiне, селолық округтердiң әкiмдерiне кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың заңды мүдделерi мен құқығын қорғау мәселесi туралы баяндамалар, ұсыныстарды дайындау болып саналады.
9. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен өкiлеттiгi:
1) аудандық селолық комиссиялардың қызметiн кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, оларға әдiстемелiк көмек көрсету жөнiнде бағыттау;
2) кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерi мен құқығын қорғау, денсаулығын сақтауды қорғау жөнiнде аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу, сондай-ақ өзiнiң бiлiктiлiгi шегiнде кәмелетке толмағандардың еңбек және дем алуы, тәрбие, бiлiм алуына; өмiр сүру жағдайын жақсартуға бақылау жасауды жүзеге асыру.
3) кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы және қадағалаусыздық, құқық бұзушылық, қылмыстың алдын алу жөнiндегi аймақтық бағдарламасын әзiрлеуге қатысу;
4) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздық және құқық бұзушылықтың себептерiн айқындау, қылмысты алдын ала ескерту, балалар мен жасөспiрiмдердi орналастыру жөнiнде шараларды әзiрлеу;
5) кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi селолық, аудандық комиссиялардың қабылдаған қаулылары мен шешiмдерiнiң дәлелдi екендiгiн тексеру, қабылданған шешiмдердi дәлелсiз деп танылған жағдайда жергiлiктi сәйкес атқарушы органдарға оның күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
6) комиссия қаулысында көрсетiлген кемшiлiктердi жою жөнiнде шара орындалмаған немесе қабылданбаған жағдайда лауазымды қызмет тұлғаларын жауапқа тарту туралы белгiленген тәртiпте ұсыныстар енгiзуге;
7) мүдделi органдарға кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық, қадағалаусыздық және қоғамға қарсы iс-қимылдарының алдын алу жөнiндегi жұмысының жағдайы туралы ақпарат беру;
8) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздық және құқық қорғау, қылмыстың алдын алу мәселесiн шешуде балаларды тәрбиелеу және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдардың жағымды жұмыс тәжiрибесiн тарату және және қорыту, осы құрылымдарға ұйымдастырушылық әдiстемелiк көмек көрсету;
9)әдiлет органдарында белгiленген тәртiпте тiркеуге алынған қоғамдық бiрлестiктер және дiни ұйымдармен және басқадай ұйымдармен, сондай-ақ азаматтармен кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздық және қоғамға қарсы iс-қимыл әрекетi, қылмыстың алдын алу мәселесi жөнiнде және олардың заңды мүдделерi мен құқығын қорғау туралы өз ара әрекеттесу;
10) кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе басқадай заңды өкiлдердiң кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерiн және құқығын шектеуге байланысты өтiнiштерi мен шағымдарын қарау;
11) кәмелетке толмағандардың заңды мүдделерi мен құқығын қорғау мәселесi бойынша белгiленген тәртiпте сотқа арыз беру;
12) кәмелетке толмағандардың қылмысқа, құқық бұзушылық пен қоғамға қарсы iс-қимылдар жасауына әсер ететiн жағдайдың себебiн талдау және айқындау, оларды жою жөнiндегi шараларды анықтау;
13) бiлiктi органдарға, бiлiм беру, денсаулық сақтау, еңбекпен қамту, орналастыру жүйесiнде және кәмелетке толмағандардың құқығын, заңды мүддесiн қорғау сақтау жөнiнде заңдарды бұзуды жою туралы ұсыныстар енгiзу туралы бағыттау;
10. Комиссия қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi поселкелiк комиссия ұйымдастыру туралы мәселенi шешедi.
3. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
11. Комиссияның қарауына келiп түскен материалдарды дер кезiнде және дұрыс талдауды қамтамасыз ету мақсатында, оларды алдын ала комиссияның төрағасы немесе оның тапсыруымен орынбасары зерделейдi.
12. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай әр тоқсанда кемiнде бiр рет өткiзiледi.
13. Комиссия оның бiлiктiлiгiне қатысты мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiнiң басым көпшiлiгiнiң дауыс беруiмен байланысты комиссия қаулы қабылдайды. Дауыс берушiлер тепе-тең болған жағдайда, комиссия мәжiлiсi төрағасының дауысы шешушi болып саналады.
14. Комиссия қаулысына оның мәжiлiсiнде төрағалық етушi және жауапты хатшы қолын қояды және оны мәжiлiсте жариялайды.
Комиссияның нұсқаулары мен тапсырмаларын оның барлық мүшелерi, аудан және селолық округтердiң әкiмдерi, мемлекеттiк органдар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып саналады.
15. Комиссия мәжiлiсiнде жауапты хатшы хаттама жүргiзедi және онда келесiдегiдей көрсетiледi:
- комиссия мәжiлiсiнiң өткiзiлген орыны мен мерзiмi;
- комиссия мәжiлiсiне қатысушы мүшелердiң тiзiмi;
- қаралған материалдарының мазмұны;
- қаралған материалға қатысты тұлғаның аты-жөнi, туған жылы, тұратын мекен-жайы, сондай-ақ материалды қарау үшiн маңызы бар мәлiметтер;
- комиссия мәжiлiсiне шақырылған тұлғаның келуi туралы мәлiмдеме, сондай-ақ олардың мiндеттерi мен құқығы туралы түсiнiктеме:
Хаттамаға қоса берiлуi тиiстi:
- комиссия мәжiлiсiнде қаралатын iс-әрекеттер туралы тұлғаларды тексеру кезiнде дәлелденген заттар мен құжаттар;
- қаралған өтiнiштер, қолдаухаттардың нәтижесi;
- комиссия мәжiлiсiнде қабылданған қаулылар мен ұсыныстардың жарияланғандығы туралы мәлiмдеме;
- қабылданған қаулы мен ұсыныстарға шағымданудың тәртiбi мен мерзiмi жөнiнде түсiндiрiлгендiгi туралы мәлiмдеме.
16. Кәмелетке толмағандардың қылмыс, құқық бұзуға, қоғамға қарсы iс-қимыл жасауына әсер ететiн жағдайлардың себебiн жою жөнiндегi жұмысты зерделеу мақсатында, сондай-ақ комиссия мәжiлiсiнде қаралған барлық iстердi сақтауды және есепке алуды ұйымдастырады, өзiнiң аумағы шегiнде есепке алынған деректердi қорытындылайды.
4. Комиссияның қаулысы мен ұсыныстарына шағымдану
17. Қаралған материалдар туралы комиссияның қабылдаған қаулысына қатысты тұлға, оның заңды өкiлi, адвокат, сондай-ақ зәбiрленушi сотқа шағымдануға болады.
18. Комиссия қаулысына сәйкес көшiрменi алған күннен бастап 10 күн мерзiмiнде осы ұйымдастырылған комиссияның жанындағы атқарушы органға шағымдануға болады.
19. Арыз берiлген мерзiмнен бастап сәйкес қаулыны орындау тоқтатылады.
20. Комиссия қаулысы жөнiнде сотқа шағымданудың ретi мен мерзiмi қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленедi.
21. Комиссияның қаулысына қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiпте облыс прокуроры наразылық бiлдiре алады.
5. Материалдық техникалық қамтамасыз ету
22. Комиссия қызметiн материалдық техникалық қамтамасыз ету аудан әкiмiнiң аппаратына жүктеледi.
Аудан әкiмдiгiнiң
2002 жылғы 28 қазандағы N 219/14
қаулысына 2 қосымша
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi аудандық комиссияның құрамы
Темiржанова Гүлстан Сағынтайқызы |
- аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссияның төрайымы |
Афанасьев Николай Владимирович |
- iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары, комиссия төрайымының орынбасары |
Рыбалко Валентина Евгеньевна |
- iшкi саясат және спорт бөлiмiнiң бас маманы, комиссияның хатшысы |
Комиссия мүшелерi: |
|
Смақова Қайыржан Тасболатқызы |
- iшкi саясат және спорт бөлiмiнiң бастығы |
Бражник Владимир Павлович |
- Шарбақты селосы әкiмiнiң орынбасары |
Демин Владимир Геннадьевич |
- кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi аға инспекторы |
Жаркенова Гаухар Төлешқызы |
- аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң бастығы |
Татаринцева Наталья Владимировна |
- аудандық мәдениет бөлiмiнiң бастығы |
Глазинский Владимир Николаевич |
- аудандық оқу бөлiмiнiң бастығы |
Кривцун Таисия Степановна |
- халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бастығы |
Нұрғалиев Жұмагелдi Жұмабайұлы |
- мемлекеттiк мекеме "Еңбекпен қамту орталығының" директоры |
Никитенко Татьяна Анатольевна |
- аудандық оқу бөлiмiнiң маманы |
Дрибас Нина Ивановна |
- "Радуга" мектептен тыс атқарылатын iстерi орталығының директоры |
Подлесная Галина Андреевна |
- N 1 Шарбақты орта мектебiнiң директоры |