"Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне Алматы қаласындағы пайдаланбаған коммуналдық меншiк объектiлерiн заңды сенiмдi басқаруға немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн жалға таңдап беру туралы Ереженi бекiту туралы"

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 04 сәуірдегі N 2/218 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2002 жылғы 14 мамырда N 453 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 26 тамыздағы N 4/546 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 26.08.2005 N 4/546 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулы мәтініндегі және қосымша берілген Қағида атауындағы "Қағида" сөзі "Ережелер" сөзіне ауыстырылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 30.06.2004 N 3/527 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 "Шағын кәсiпкерлiктi жандандыруға мемлекеттiк қолдауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығын орындау жолында және Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы N 131-1 (2001 жылғы 2 наурыздағы редакцияда) Заңы 9 бабы 7,8 тармақтар талабына сай Алматы қаласының Әкiмшiлiгi қаулы етеді:

      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне Алматы қаласындағы пайдаланбаған коммуналдық меншiк объектiлерiн заңды сенiмдi басқаруға беру немесе шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн жалға таңдап беру туралы ұсынылған Ереже олардың Қазақстан Республикасының "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңына сәйкес тұрғындарға өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшiн, сату-сатып алу (делдалдық) қызметтен басқасы берген мәлiметтерi негiзiнде бекiтiлсiн.

      2. Алматы қалалық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру аумақтық комитетi (К.М.Бисқұлтанов) белгiленген заң тәртiбiнде Алматы қалалық Әдiлет басқармасында бекiтiлген Ереженi тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсiн.

Алматы қаласының Әкiмi


Әкiмшiлiк хатшысы



  Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 04 сәуірдегі N 2/218
қаулысымен Бекiтiлген

Алматы қаласының коммуналдық меншiгiндегi
пайдаланылмайтын нысандарды кейiннен меншiкке беру
құқығымен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң таңдауы
бойынша олардың "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк
қолдау туралы" Қазақстан Республикасының заңына,
"Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту
жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң жарлығына сәйкес жалға немесе сенiмдi
басқаруға тапсырған ақпараты негiзiнде шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне беру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      Алматы қаласының коммуналдық меншiгiнде пайдаланылмайтын нысандарды кейiннен меншiкке беру құқығымен шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң таңдауы бойынша жалға немесе сенiмдi басқаруға олардың тапсырған ақпараты негiзiнде берудi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн басқару Департаментiмен келiсiлгеннен кейiн немесе оның бастамасы бойынша Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мына тәртiппен жүзеге асырады.

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне мына құжаттарды тапсырады.

      1) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң , "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы" Заңның , Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келетiн кейiннен меншiкке беру құқығымен меншiкке немесе кейiннен меншiкке беру құқығымен сенiмдi басқаруға құқығына жалдық шарт жасауға өтiнiм (өтiнiм нысаны берiлiп отыр);

      2) шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжат немесе жеке адамның куәлiгi;

      3) жеке конвертке салынған жазбаша түрдегi нысанды пайдалану туралы ұсыныс;

      4) ғимараттың бағыныстылығы туралы "Алматы қаласы бойынша қозғалмайтын мүлiк Орталығы" РМК анықтамасы;

      5) нысанның фотосуретi.

      Барлық тапсырылған құжаттар Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi кеңсесiнде міндеттi түрде тiркелуге тиiс.

      Өтiнiм есебiн жүргiзу үшiн арнайы тiркеу журналы ашылады, онда тапсырылған құжаттардың тiзбесi және түскен уақыты мен күнi көрсетiледi.

      Тапсырылған күн мен уақыт сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өтiнiмiнде көрсетiледi. Сонымен қатар өтiнiмнiң тiркелгендiгi туралы анықтама берiледi.

      Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Алматы қаласының әкiмшiлiгiмен, Шағын бизнестi қолдау департаментiмен және мүдделi ведомстволарымен бiрге бес күн мерзiмде мына өлшемдердi ескере отырып ұсынылған материалдарды қарайды:

      1) құжаттардың толық пакетiнiң болуын;

      2) нысанды өндірiстiк мақсатта немесе халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастыру үшiн пайдаланылуын;

      3) нысандағы кедергiнiң болмауын (күшi бар жалдық қатынас, Жарғылық капиталдың шаруашылық субъектiге қосылуы, жекешелендiруге жатпайтын нысан болуы және т.б.).

      Түскен өтiнiштi қарау нәтижесi хаттамамен ресiмделедi. Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi мен шағын кәсiпкерлiк субъектiсi арасында мәселе оң шешiлген жағдайда 2 күн үшiн бiр жыл мерзiмге кейiннен меншiкке беру құқығымен немесе кейiннен меншiкке беру құқығымен сенiмдi басқару туралы жалдық шарт жасайды. Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi бас тартқан жағдайда өтiнiш берушiге бас тарту себебiн көрсетiп жазбаша хабар жолдайды (тапсырылған құжаттар жиынының толық болмауы, ұсыныстарда нысанды өндiрiстiк мақсатта пайдалану немесе халыққа қызмет көрсету туралы ниетiнiң болмауы, қарастырылған нысанда жалдық қатынас болған жағдайда күшi бар жалдық шарттың реквизиттерi және т.б. көрсетiледi).

      Жасалған шартта ол жасалған күннен бастап алты айдың бойында өндiрiстiк қызметтi немесе халыққа қызмет көрсетудi жолға қоймаған жағдайда шартты бұзу қарастырылуға тиiс.

      Қайтарылған нысан мен мүлiк артынша тендерге қойылады немесе меншiк иесiнiң ұйғарымы бойынша қайтадан беру үшiн қарауға берiлуi мүмкiн.

      Артынша меншiкке беру немесе сенiмдi басқаруға беру құқығымен жалдау шартының шарттарының орындалуына бақылауды Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi жүргiзедi.

      Артынша меншiкке беру немесе сенiмдi басқаруға беру құқығымен жалдау шартының шарттары тиiстi орындалмаған жағдайда жалдау шартының орындалуын тексеру актiсi жасалады, жөндеу жұмысы орындалғаннан кейiн оған нысан фотографиясы қоса тiгiледi, бұдан соң комиссия шешiмi бойынша нысан шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне меншiкке берiледi. Меншiк құқығына кiрудiң заңи ресiмделуi "Алматы қаласы бойынша қозғалмайтын мүлiк жөнiндегi Орталық" РМК арқылы жүргiзiледi.

      Жоғарыда көрсетiлген шарттарды жасау және оларды бұзу ақпараттық есеп орталығында тiркелуге тиiс.

      Егер бiр нысанға бiрнеше шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнен ақпарат түссе, онда белгiленген тәртiппен өтiнiмдi бiрiншi берген кәсiпкердiң ұсынысы қаралады. Кезек Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi кеңсесiнде өтiнiм жазылған күн мен тiркеу уақытына сәйкес анықталады.

Алматы қаласының


Әкiмшiлiгiнiң хатшысы



  Алматы қаласының коммуналдық
меншiгiндегi пайдаланылмайтын
нысандарды кейiннен меншiкке
беру құқығымен шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне
таңдауы бойынша жалға немесе
сенiмдi басқаруға олардың
тапсырған ақпараты негiзiнде
беру тәртiбi туралы ережеге
қосымша
 

Алматы қаласының аумақтық мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру комитетiнiң Төрағасына
Жалға немесе сенiмдi басқаруға беру туралы
Өтiнiм

      (заңды тұлға толтырады)


      __________________________________________________

      __________________________________________________

      (Өтiнiм берген заңды тұлғаның толық атауы)


      1. Коммуналдық меншiк мемлекеттiк кәсiпорнының

      құрамына кiретiн _________________________________

      __________________________________________________

      ________ мына мекен жайдағы коммуналдық меншiк

      ғимаратын зерттей келе

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      ________ мен,

      төменде қол

      қоюшы, ___________________________________________

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      А.Ж.Т. және лауазымы

      осы өтiнiмге қол қоюға өкiлеттi тұлға, осы

      өтiнiмге ұсынылған қосымшаларға сәйкес ғимаратты

      өндiрiстiк мақсатқа пайдалану үшiн (халыққа қызмет

      көрсету) кейiннен меншiкке берiлетiн жалдау

      (сенiмдi басқару) шартын жасауды өтiнемiн.

      2. Егер, бiздiң ұсыныс қабылданған жағдайда

      комиссия шешiмiнен кейiн 2 күннен кешiктiрмей шарт

      жасауға мiндеттенемiн.

      3. Осы өтiнiмдi қарау нәтижесi туралы хабарды мына

      мекен жайға жiберулерiңiздi сұраймын:

      __________________________________________________

      __________________________________________________

      4. Осы өтiнiмге мына құжаттар қоса ұсынылады:

      Заңды тұлғалар үшiн :

      1. Жарғы (нотариус куәландырған көшiрмесi);

      2. Құрылтайлық шарт (нотариус куәландырған

      көшiрмесi);

      3. Статистикалық кәртiшке;

      4. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;

      5. Ғимаратты пайдалану жөнiндегi ұсыныс (жеке

      конвертке салынып мөрмен немесе қойылған қолмен

      расталған).

      6. "Алматы қаласы бойынша қозғалмайтын мүлiк

      жөнiндегi Орталық" РМК-ның ғимараттың

      бағыныстылығы туралы анықтамасы;

      7. Алматы қаласының Коммуналдық меншiктi басқару

      департаментiнiң келiсiмi;

      8. Фотосурет.

      Жеке тұлғалар үшiн:

      1. Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк

      немесе жеке куәлiк (көшiрмесi);

      2. РНН көшiрмесi;

      3. Ғимаратты пайдалану жөнiндегi ұсыныс (жеке

      конвертке салынып мөрмен немесе қойылған қолмен

      расталған);

      4. "Алматы қаласы бойынша қозғалмайтын мүлiк

      жөнiндегi Орталық" РМК-ның ғимараттың

      бағыныстылығы туралы анықтамасы;

      5. Фотосурет.

      _________________________________________ үшiн

      заңды (жеке) тұлғаның атауы

      ________________________________________________

      А.Ж.Т. және өкiлеттi тұлғаның лауазымы

      Қолы _____________ "___" ______________ 200 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады